Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

1916 жылғы қозғалыстың қолбасшылары және олардың қазақ ұлтазаттық күресіндегі рөлі (А.Иманов, Т.Бокин, Б.Ашекеев, А.Жанбосынов, және т.б.)

Автор:   •  Ноябрь 9, 2021  •  Контрольная работа  •  3,810 Слов (16 Страниц)  •  384 Просмотры

Страница 1 из 16

                                 Коммерциялық емес ашық акционерлік

                                                                    қоғам

ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 1  С Е М Е С Т Р Л І К        Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып:  1916 жылғы қозғалыстың қолбасшылары және олардың қазақ ұлтазаттық күресіндегі рөлі (А.Иманов, Т.Бокин, Б.Ашекеев, А.Жанбосынов, және т.б.).

Мамандығы  6B07102-Электр энергетикасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігі технологияларын интеграциялау және басқару

Орындаған  Қабылұлы Арлан        Тобы  ИУТЭк-21-2                           (Аты-жөні)

Тексерген : : Раджапов А. У. доц.        

(Аты-жөні, атағы, қызметі)

                    «        »        2020        ж.

(бағасы)        (қолы)

                                                                   

                                                                   Алматы, 2021

                                                     Жоспар:

1.Кіріспе

   Көтеріліске шығу себебі--------------------------------------------------------------1

2Көтерілістін басталуы.Жетісу көтерілісі және басшылары------------------------------------------------------------------------------------------------------------------2-7

3Аманкелді Үдербайұлы Иманов кім және оның 1916 жылғы көтеріліске не қатысы бар?----------------------------------------------------------------------------7-12

Қорытынды--------------------------------------------------------------------------13

Пайдалы әдебиеттер---------------------------------------------------------------14

 1.Көтерілістің шығу себебі

 1916 жылғы көтерілістің тарихы осы уақытқа дейін біршама зерттеліп, бірталай ғылыми жинақтар жарық көргенімен әлі де болса оның қарастыратын мәселелері жеткілікті. Олай дейтініміз, кеңестік тарихнамада бұл көтеріліске, басқа да көтерілістерге байланысты көптеген деректік материалдар зерттеушілерге белгісіз болып, немесе зерттеушілердің қолына берілуі шектеліп келді. Сондықтан, тәуелсіздік алғаннан кейін де 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің тарихы зерттеушілердің назарын өзіне аударуда. Сол сұранысты азда болса қанағаттандыру үшін тың тарихи деректердің ғылыми айналымға енгізілуінің маңызы зор. Оның ішінде, көтеріліс қарсаңында қалыптасқан жағдайды, көтерілістің себептерін, барысын, салдарын айқындай түсетін, саяси-экономикалық, әлеуметтік-рухани өмірден мәлімет беретін түрлі материалдар мәселені тура түсініп, терең талдауға мүмкіндік береді деген ойдамыз. Социалистік Қазан революциясына дейін Қазақстан патшалық Ресейдің ең артта қалған, мықты езілген колонияларының бірі болды. Үнемі болып тұратын «жұттардың» салдарынан талай жүз мыңдаған малдар қырылып қалды. Орыс буржуазиясы Қазақстаннан мал, тері, жүн және басқа да шикізаттарын өте арзан бағамен алды да, өндірісті кәсіптен шыққан заттарды бірнеше есе артық бағамен сатып отырды. Капиталистер шикі заттарды әрқашан да көтере сатып алатын саудагерлер арқылы алып отырды. Бұл саудагерлер тауарды өсімменен малдай не малдан өнетін өнімдериен қайтаратын етіп, несиеге беретін еді. Осы «несиелер» мен өсімдер үшін саудагерлер ауылдан малды лек-легімен айдап қайтатын еді. Бірінші дүниежүзілік империялистік соғыс царизм мен орыс буржуазиясының ұлт-колониялық саясатын бұрынғыдан да күшейте түсуге және қазақ еңбекшілерінің онсыз да ауыр халін жан төзбестік дәрежеде нашарлатуға әкеліп соқты. Соғыс басталған бойда-ақ, патша үкіметі губернаторларға құпия түрде «жергілікті халықтардың үкіметке қолайсыз... пиғылы аз да болса біліне қалса нағыз аяусыз түрде тезжаншып тастаңдар» деп жазды. Қазақтардың адамгершілігі нағыз сорақы түрде аяққа тапталды. «Жергілікті халықтардың орыс үкіметіне бағынған белгісін көрсету үшін жергілікті халықтар әрқашан да барлық ведомстволардағы офицерлермен шиновниктерге кісілікпен тұрып және бас иетін болсын» деген бұйрықтар жазылды. Қазақ еңбекшілерін талау ісі, жаңадан жер тартып алумен қана тоқталған жоқ. Соғыс ат, түйе, жүн, тері және басқа ауыл шаруашылық заттарын керек қылды. 1914 жылы тек бір Жетісу облысынан қана 34 миллионға таяу сомдық мал және малдан түскен тауарлар алынды.

...

Скачать:   txt (48.7 Kb)   pdf (200.7 Kb)   docx (64.1 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club