Өтеміс қажы ибн Маулан Мұхаммед Досты және оның «Шыңғыс-наме» шығармасы
Автор: Gulbanu Zhumataeva • Ноябрь 1, 2018 • Курсовая работа • 23,556 Слов (95 Страниц) • 1,868 Просмотры
Өтеміс қажы ибн Маулан Мұхаммед Досты және оның «Шыңғыс-наме» шығармасы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1 ӨТЕМІС ҚАЖЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ «ШЫҢҒЫС-НАМЕ» ЕҢБЕГІ..................7
1.1 Өтеміс қажы ибн Маулан Мұхаммед Достының өмірі, қызметі және өскен ортасы...........................................................................................................................7
1.2 «Шыңғыс-наме» еңбегі «далалық ауызша тарихнаманың» көшбасшысы..............................................................................................................15
2 «ШЫҢҒЫС-НАМЕ» ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫ БОЙЫНША ДЕРЕККӨЗ РЕТІНДЕ................................................................................................30
2.1 «Шыңғыс-наме» еңбегіндегі ортағасырлық Қазақстан тарихының мәселелері...................................................................................................................30
2.2 Шығармадағы тарихи тұлғалар......................................................................42
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................61
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан тарихының негізгі проблемаларының бірі – қазақ халқының тарихи-мәдени дәстүрлері проблемасы, оның тарихының алғашқы кезеңдерінің зерттелуі, моңғолдар тұсындағы және моңғолдардан кейінгі кезеңнің, оның ішінде этностық, саяси, әлеуметтік-экономикалық тарих және қазақ халқының мәдени мұрасының зерттелу проблемасы болып табылады. Бұл проблема ең алдымен жазба шығыс шығармаларын, өткен заман ойшылдарының еңбектерін жариялауды көздейді.
Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта қазақ халқы этникалық ерекшелігімен, салт-дәстүрі, ділі мен мәдениеті қалыптасқан ұлт келбетінде әлемдік өркениеттен орын алып келеді. Егеменді ел болып, етек-жеңімізді жинағанда халқымыздың, еліміздің шежірелік тарихынан терең сыр тартатын рухани қазыналардың мазмұнымен бәріміздің де таныс болуларымыз қажет-ақ. Осындай шежірелік тұрғыдағы ХҮІ ғасырда туған және аса құнды тарихи деректердің бірі – Хиуа тарихшысы Өтеміс қажы ибн Маулан Мұхаммед Достының түркі тілінде жазылған «Шыңғыс-намесі». Мұнда Алтын Орда немесе Ақ Орда тұсындағы қазақ тайпаларының және руларының әлі де «қазақ» атауын ала қоймаған жалпылама «Дешті Қыпшақ және өзбек» атанған ХІҮ ғасырдағы кезеңінен сыр шертіледі. Дешті Қыпшақ аталған кең байтақ ұлы даланың сол кезде сонау Днепрден мына өзіміздің Ертіс өзеніне дейінгі аймақты, яғни көп бөлігі қазақ даласын қамтығанын тарихтан жақсы білеміз. Олай болса әңгіме, біздің бұрынғы төл тарихымызға тікелей қатысты деп айтуымызға толық негіз бар. ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының билігі кезеңін қамтитын және Батый ханнан бастап биліктің Тоқтамыс ханға көшкенге дейінгі Алтын Орда хандары туралы құнды тарихи деректер беретін және әлі күнге дейін қазақша аудармасы қолымызға тимеген бұл шығарманың төл тарихимыз үшін маңызы өлшеусіз. Оны орта ғасырлардағы тарихи шығармалармен салыстыра қарау және талдау көптеген тарихи шындықтарды анықтап алуға көмектеседі.
«Шыңғыс-наме» мәліметтерінің орта ғасырлардағы Қазақстан халқының саяси, этникалық-саяси, шаруашылық, әлеуметтік-мәдени өмірінің проблемаларын шешу үшін зор маңызы бар. Көбіне ауызша айтылған аңыздарға негізделген еңбектің бірегейлігі Алтын Орданы зерттеушілер үшін, атап айтқанда, ХІҮ ғасырдағы Қазақстанды зерделеу үшін ғылыми ынта-ықылыс туғызатыны күмәнсіз. Міне осындай жағдайда Өтеміс қажының құнды да әрі қызықты тарихи шығармасын өзгелер емес өзіміз сараптап, осы мәселеде тарихнамалық терең талдау жасаудың маңызы зор. Бұның өзі біз зерттеп отырған тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын айқындай түседі. Жалпы алғанда бұл – тек кәсіпқой тарихшыларға ғана емес, өзінің өткенін білгісі келетін қазақ атаулына түгелдей қажет еңбек болып табылады.
...