Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қажу

Автор:   •  Февраль 2, 2018  •  Доклад  •  576 Слов (3 Страниц)  •  1,712 Просмотры

Страница 1 из 3

        Қажу - жұмыс салдарынан, әлеуетті жүктемелерден және қайта қалыптасу үрдістерінің жеткіліксіздігінен туатын жағдай. Ол жұмыскерліктің төмендеуі реттеу тетіктері мен жүйелердің, ағзалардың өзара әрекеттестігінің бұзылуы және шаршау түйсігі арқылы сипатталады.

        Еңбек үдерісіндегі жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, ең алдымен өндірістік қажудың болуымен ерекшеленеді.

        Өндірістік қажу - адам организмінің фунщионалдық мүмкіншілігінің (жұмысқа қабілеттілік) уақытша және басталқы қалпына темендеуі, ол тікелей жұмыстың және жұмыс жағдайының әсерінен болады.

        Берілген анықтамада еңбек жағдайы тек қана ұйымдық-техникалық, санитарлы- гигиеналық жэне басқа материалдық-заттық жағдайда ғана түсіндірілмейді және де әлеуметтік-психологиялық күйде түсіндіріледі, ол бірінші кезекте, үжымдағы қарым-қатынас, ондағы әлеуметтік- психологиялық климат.

        Қажу іс-әрекеттің төмендеуіне әкеліп соғады, яғни бір жұмыс актісінің қайта орындалуына физиологиялық және психологиялық шама шығынының үлғаюы.

        Адам субъективті қажуды, шаршау сезімі ретінде сезінеді, оны шаршаудьщ биологиялық сигналы ретінде қарастыруға болады.

        Бұл жағдайда адам сезінеді:

-        әлсіздену сезімі - жұмыс уақытысында зорығу, оны әрі қарай жалғастыруға, қабілеттіліктің жоғалуы;

-        назар аударулық темендеп, оның зер салуының қиындауы немесе маужырап, аз қозғалып зер салмау;

-        сенсорлық сферадағы бұзылыс (жұмысқа қатысатын талдағыштардың өзгерісі - көздің көруінің төмендеуі, естудің төмендеуі);

-        моторлық сферадағы бұзылыс (жай немесе тиянақсыз қозғалыстар);

-        жұмыс істейтін органдарда жұмыссыздық сезімінің тууы: қол және аяқ бұлшық еттерінің ауыруын және ұюын сезіну, статикалық күй кезінде де қол жэне аяқ бұлшық еттерінің ауыруын және ұюын сезіну;

-        арқа, іш, мойын бұлшық етте- рінің ауыруын жэне үюын сезіну, оймен жұмыс істеген уақытта - маңдай және желке аумақтарында аурудың пайда болуы;

-        жұмыс әрекетінің аймағында есте сақтау және ойлану кемістігінің болуы (дефект);

-        еркіндіктің азаюы (шыдамдылық, өз-өзін ұстау);

-        еріксіз жиі және ұзақ үзіліс жасау;

-        маужырау, адамның ұйқысы келуі.

        Демеқ, өндірістік қажу тек адам шаршаған уақытта ғана пайда болмайды екен. Ол физикалық іс-әрекет кезінде өзін анық көрсетеді: тамыр соғуының жиілігімен, тыныс алу жиілігімен, ылғал тер шығуымен, бұлшық еттің шаршаумен сипатталады. Оймен жұмыс істеген уақытта шаршау сезімі білінбейтін күйде болады, сондықтан адам шаршау сигналын «байқамайды», әрі қарай жұмысты жалғастыра береді. Оймен жұмыс істеудің ауъірлық ерекшелігі істелусіз қалған жұмысты (ойды), жүмыс уақыты біткен кезде де, тіпті түсінде көруімен жалғасуы мүмкін. Бірақ мұндай күй жүйкелік-эмоционалдық зорығуды тудырады. Сондықтан жұмыс тәртібі тиімсіз және демалыссыз болса, жай күй қажу-ауру күйіне айнапьт, организмнің қызметтік мүмкіндіктері төмендеп, ауруға шалдығу пайда болуы мүмкін. Әсіресе ашушаңдық, күндіз үйқышылдық және түнде үйқысыздық, бас ауру- лары, тіпті орталық жүйке жүйесінің ауруына әкеп соғуы мүмкін.

...

Скачать:   txt (6.5 Kb)   pdf (45.2 Kb)   docx (11.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club