Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлы Отан соғысының менің жанұяма қатысы

Автор:   •  Декабрь 5, 2021  •  Эссе  •  367 Слов (2 Страниц)  •  465 Просмотры

Страница 1 из 2

БӨЖ

Ұлы Отан соғысының менің жанұяма қатысы

Әлемді дүр сілкіндірген, көптеген елдер экономикасын күйреткен "Екінші дүниежүзілік соғыс" немесе біздіңше "Ұлы Отан соғысы" біздің де жанұямызды айналып өтпеді. Қолына қару ұстауға жарайтын жасы-кәрі ер азаматтың бәрі де майданға тартылды. Қазақстаннан 1 млн. 200 мың адам майданға аттанды. Олардың ішінде менің атам Балабек пен оның ағасы Ағабекте бар еді.

Үлкендерден естуімше, "Ағалы-інілі бала кезінен қиындықтан көз ашпаған екен. 1920 жылғы және 1930 жылдардағы аштықтарды бастарынан өткеріпті. Ата-аналарын аштық алып кетіп , жастайынан қос бауыр жетім қалыпты. Алыс ағайынның табалдырығында малшы болып жүріп, ер жетіпті. Ағабек үйленіп, арада бір ұл дүниеге келгенде, Ағабек пен Балабек 1942 жылдың қаңтарында соғысқа шақырылады. Бауырлар Орталық майдан 65-армия, 69-атқыштар дивизиясы, 120 полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысады".

Атамның айтуынша, " Шабуылдардың бірінде бекінген жау әскері жаяу әскерге бас көтертпеді. 13 жауынгер жер бауырлап, жау траншеясына жеттік. 10 танкіні қалқалаған  200-ге жуық жау әскері аз ғана біздің топқа қарсы ұмтылды. Ал біздің барлаушылар одан қорқып, шегінген жоқ. 4 танкіні талқандап, 80-нен астам жау әскерінің көзін жойдық. Бұл 1943 жылы болатын. Әлі есімде 15 қазан еді. Ех... " деп терең күрсініп қойып, әңгімесін жалғастырды. " Украина. Радуль деревнясы маңындағы Днепрден өткен кез. Бұл ерлік үшін көбімізді марапаттап еді. Бірақ мен бұл ұрыста ағам Ағабектен айырылдым. Жау оғынан қаза тапты. Мен аяғымнан қатты жараланып, майдандағы ұрысты жалғастыра алмайтын болғандықтан, елге қайтарылдым. Елге қайтып келіп, тылда еңбек еттім. Ағамның артынан қалған жалғыз тұяғы Майлыбайды өз балаларыммен қатар өсіріп, аяқтандырдым" деп әңгімесін аяқтады.

...

Скачать:   txt (4.6 Kb)   pdf (42.4 Kb)   docx (8.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club