Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлы Жібек жолы аумағындағы көшпелі және отырықшы мәдениеттің урбандалуы мен өзара қатынастары (б.з.б.III – б.з. II ғғ)

Автор:   •  Февраль 25, 2026  •  Реферат  •  1,004 Слов (5 Страниц)  •  6 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақстан Республикасы ғылым және Жоғары білім министрлігі  

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті

жаратылыстану және география факультеті

«география-тарих»кафедрасы

РЕФЕРАТ  

Ұлы Жібек жолы аумағындағы көшпелі және отырықшы мәдениеттің урбандалуы мен өзара қатынастары  (б.з.б.III – б.з. II ғғ)

                                                                  Орындаған:Жолдыбаев.А

Тексерген:доцент Абенов Д.К

Алматы 2026

Ұлы Жібек Жолы ежелгі және орта ғасырлардағы континент аралық жол, ол Еуропа мен Азияны байланыстырған.Еуразияны бөліп Қазақстан аумағын басып өтетін бұл жолдың тарихына үңілсек , осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты «Жібек Жолы» атанғаны түсінікті.Ал «Ұлы» сөзінің қосылуы жолдың кең байтақ Шығыс пен Батыс өлкелерін байланыстыруында болды. Соңдықтан бұл жол «Ұлы Жібек Жолы» деп аталды.Бұл заманымыздың бұрыңғы екінші ғасырдың орта шегінде Ұлы Жібек Жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды.

        Ұлы Жібек Жолының тарихи маңызын атап көрсетсек:

-мұсылмандық діни орындар (мешіт, шығыс моншалары, ғибадатханалар, мовзолейлер т.б ) салынды;

-жер жаханнның барлық территориясын белгілі бір дәрежеде қамтыды;

-әлемдік өркениеттер осы жол арқылы бір бірімен ассимиляцияға түсе отырып, жаңа саяси-мәдени өркениеттердің қалыптасуына әсерін тигізді.

Ұлы Жібек Жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталады.Осы Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп,Іле мен Ыстықкөлге жетеді. Керуен жолдары алғаш рет император У дидің тапсырумен батысқа сахат жасайды, бұл жолмен дипломат Чжан-Цянь жүріп өтеді.Уақыт өткен сайын керуен жолдарының тармақтары жергілікті саяси-экономикалық жағдайларға байланысты жанданып немесе құлдырау кезеңдерін бастан кешіріп отырған.

        Ұлы Жібек Жолы атауын 19 ғасырда неміс ғалымы фон Рихтгофен ұсынған.Ұлы Жібек Жолы батысқа шығатын басты қақпаларының бірі қазіргі Қазақстанның оңтүстік өңірі-Жетісу болды. X-XIII ғ халықаралық сауда жолындағы қолайлы сауданың басты орталықтары болды.

        Ұлы Жібек Жолы бойындағы көшпелілер мен отырықшы мәдениеттердің арақатынасын қарастырғанда, олардың түбегейлі бөлек құрылымдарда қала және көшпелі қауым бірігетінін есте ұстаған жөн.Қала ең басынан қол өнер сауданың ортадықтары,иерархиялық жүйелердің әкімшілік ортадқтары ретінде қалыптасты.Алайда өркениеттің аграрлық толқыны үстемдің етіп тұрған шығыстық жүйелер материалды және рухани мәдениет өнімдері мен айырбас жасауға мүдделі болды.Бұл әсіресе Орталық Азияға тән болды. Зерттеушілер атап өткендей,Қарахандар мемлекетінде көшпелілерден шыққан билеушілер қыста қалалардағы сарайларында болғанымен ,жазад міндетті түрде жайлауларға көшетін болған.

Ұлы Жібек Жолы бойындағы көшпелі қолөнершілердің үлкен жетістігіне қыш құмыралар жасау өнерін жатқызы аламыз.Мысалы:Қыпшақ даласының аймағы Сығаңақта қышты өңдеудің ерекше стильі қалыптасқан, оны Гарден «Дала керамикасы» деп атады.Ұлы Жібек Жолы көшпелі мәдениеттің әлеуметтік құрылымын өзгертіп және күрделендіріп жіберді.Гарденнің айтуы бойынша, артефактілер мен экофактілер негізінде көшпелірлердің арасында малшы көшпелілермен қатар , симбиотикалық типтер, тұйе айдаушылар т.б пайда болды.

Ұлы Жібек Жолы бойында көшпелілер мен отырықшылардығ арасында қарым – қатынастардың төмендегідей моделдерін атап өтуге болады:

-сауда саттық қатынастар басым болып келеді, оған шөлдер мен тостақтардың ортасындағы оқшау мәдениеттер жатады;

-уақытша саяси бірігілердің нәтежиесінде пайда болған байланыстар. Мысалы:Хорезм және оның маңайындағы шөлейт аймақтар;

-Көшпелілердің өзен аңғарларына жаппай қоңыс аударуынан қалыптасатын қарым қатынастар.

Орталық Азиядағы көшпелілер рөлінде әдетте түркі тайпалары, ал отырықшы жер өңдеушілер сапасында иран тілді халықтар әрекет етті.Орталық Азиядағы мәдени ауысуларда атақты скиф триадасы (cалт аттылар өркениеті, әскери демократия,аң стильі) маңызды рөл атқарды.

...

Скачать:   txt (13.6 Kb)   pdf (118 Kb)   docx (11.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club