Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы. Урбанизация, көшпелі және отырықшы мәдениет
Автор: Мадина Бекмуханбет • Февраль 12, 2023 • Реферат • 995 Слов (4 Страниц) • 801 Просмотры
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті
Филология және көптілді білім беру институты
С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
[pic 1]
СӨЖ
Пән: Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы.
Урбанизация, көшпелі және отырықшы мәдениет.
Орындаған: Абенова Мадина Абайқызы
Топ: 106
Тексерген: Айтқалиева Рысг
Алматы, 2023 жыл
Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы
Урбанизация, көшпелі және отырықшы мәдениет
Ұлы Дала аумағында тұрған көшпелілердің мал шаруашылығынан бастап жер өңдеу, егіншілікпен айналысып, қалалар мен ауылдарда тұрғандығы бәрімізге мәлім. Жалпы көшпелі шаруашылық толыққанды қоғамға енген болатын. Бірақ ол кездегі халықтар толықтай көшпелі болмады. Яғни, олар үнемі жартылай отырықшы, жартылай көшпелі сипатта тіршілік етті. Дала өркениетінде Қазақстан аумағындағы кең байтақ жерлерде отырықшы және қала мәдениетінің дамуы ежелгі кезден ерекшеленген. Түркі көшпенділер қоғамында қалалар мен қамалдар Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Іле, Есіл, Ертіс өзендерінің аңғарында, көлдердің жағасында, таулардың бөктерінде, сауда жолдардың бойында жайғасқан. Қалалық және ауылдық жерлер халықтың біртұтас экономикалық саласының дамуына көп көмек тигізді.
Урбанизация – әртүрлі елдердің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтәк-экономикалық, саяси, демографиялық және географиялық сияқты көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тілінде «қалалық» деген мағынаны білдіреді. Қысқаша айтқанда, урбанизация, бұл – қала тұрмысы мен тіршілігінің үстемдікке ие болуы. Урбандалудың оң және теріс салдары бар. Теріс салдарына: экономиканың күрт нашарлауы және жұмыссыздық сияқты мәселелер жатады. Ал, қала халқының өсімі, ауылдық жерлердің қалаға айналуы, керісінше, урбанданудың пайдасына жатады.
...