Қазақ халқы
Автор: kamilaagvfdgvb • Февраль 15, 2021 • Лекция • 377 Слов (2 Страниц) • 418 Просмотры
Қазақ халқы түркі тектес тілдердің қатарына жатып, басқа түркі тектес ұлттар сияқты көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын қолданған. Қазақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал өсіру болды. Мал шаруашылығына қоса егіншілікпен де айналысқан. Қазақтардың көшіі-қонысының қашықтығы әр түрлі болып келеді. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар жазық жерлерде қой, жылкы, түйе және сиыр баққан. Мал - жылдың төрт маусымында табиғи жайылымдарда бағылды. Жылқы тебіндеп жайылған соң ол мекендерге ірі қара, түйе және ұсақ мал - қой, ешкі жіберілетін. Мал басы көшпелі қазақтарды ішіп жеумен , киiм-кешек және тағаммен қамтамасыз етті.
Көшпелі өмір салтынын да, қолдану себебі малға байланысты болған. Бұның бәріне бір ақ себеп бар, ол тек малдың қамы. Малдың қамы жақсы болса, өздерінің де жағдайлары жаксы болған. Осы көптеген жылдар бойы алған тәжірибеге байланысты малдың жайылымын маусымдарға байланысты бөлген. Олар: қыста-қыстауға қазақтың байырғы қысқы мекенжайы, әдетте суы бар, оты мол жерлерде орналасады. Айналасында ор қазылған қора майлары болады. Көктеу-көктемгі қоныс. Осы кезеңде шөптің жаңадан қаулап шыққан кезінде, көктем айларында мал жаятын өріс болған. Жайлау - жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. Күзеуге мал баспаған, оты мол, қыстауға жақындау жайылым таңдап алынады.
Қазақтар үшін ең ауыр қиын-қыстау кездер жұт жылдары болды. Кейде көктайғақ мұздардың немесе шөп шаппай қалудың салдарынан бүкіл мал кырылып қалатын. Сол себепті де, бір-бірімен амандасқанда – «мал жан аман ба?» деп бастайтын.
Ал жартылай көшпелілікке келсек мұнда егіншілік
...