Қазақ – орыс сауда байланыстары
Автор: Асыл Жуматаева • Октябрь 14, 2020 • Доклад • 308 Слов (2 Страниц) • 812 Просмотры
2. Қазақ – орыс сауда байланыстары
Қостанай қаласының өмірін ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырда сауда-саттықсыз елестету мүмкін емес еді. Қостанай қаласында жәрмеңкелер 80 – жылдардан бастау алады. Оған дәлел Қостанай уезд басшысының 1886 жылы 19 ақпанында генерал – губернаторлыққа жіберілген хаты. Ол хатта Қостанайдағы сауда – саттықтың дамып жатқандығы жайлы айтылады.Орыс халқынан алып келінген тауар бағасының қала тұрғындарына жайлы екендігі жайлы жазылған . Сондықтан Қостанайға Николаевск уездінің қырғыздары ,Торғай, Петропавл, Перовск сияқты көптеген қалалардың адамдары тауар алуға келген.
Қостанай өзінің тиімді географиялық орналасуымен орыс капиталын қазақ даласына көшірудегі маңызды нүкте ретінде айқындалды. Қостанайдан Солтүстік Қазақстан мен Оралды, Шығыс және Оңтүстік аудандармен байланыстыратын қарқынды сауда жолдары өтті. Қостанай және оның уездері арқылы Ақмола, Семей, Сырдария облыстарынан транзит жүрді. Қалаға қой отары, жылқы табыны, ірі қара мал алып келінді . Сонымен қоса түйе,қой терісі сатылды.
Алғашқы Қостанайдағы жәрмеңке Покровская деп аталды. Ол 1886 жылы 1 – 11 қараша аралығында өткен болатын. Дәл осы қарқында жәрмеңкелер Боровскойда, Александровскийда өткізіле бастады.
Қостанай базары мен жәрмеңкелеріне қазақ даласымен қоса орыс поселоктарынан тауарлар алып келінді. Оларға: жылқы, ірі қара мал, қойлар, түйелер,мал шаруашылығындағы шикізатта р (тері, жүн, май, армячина) , астық, жарма, ағаштан жасалынған ыдыс – аяқтар жатады. Нан секілді аса маңызды азық – түлік өнімі малға қарағанда Қостанай жәрмеңкелерінде айтарлықтай аз болды. Егіннің жиі жетіспеушілігі нан саудасының негізін бұзды. Бұл Ресейдің басқа бөліктерінен нанның белсенді әкелуіне ықпал етті. Бірақ егінге қолайлы жылдары көрініс өзгерді. Егін бітік шыққан жылдары Қостанай уезінің наны тек жергілікті халыққа ғана емес, сонымен қатар елдің шекаралас және алыс аудандарына да экспортталды, атап айтсақ Ресейге .
...