Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан тәуелсіздікке барар жолда

Автор:   •  Ноябрь 18, 2020  •  Эссе  •  648 Слов (3 Страниц)  •  576 Просмотры

Страница 1 из 3

Орындаған: Балтабек Анар, Бағалау – 528 тобы

Қазақстан  тәуелсіздікке барар жолда

 «Біз, қазақ –мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай ,жай жатқан елміз,еліміздің шетін жау баспасын деп, найзамызға үкі таққан елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз»,- деп Қазыбек би жерімізге көз тікен өзгелерге қазақ елінің  бет-бейнесін осылай суреттеген.

         Тәуелсіздік –ата бабаларымыздың қанымен,ел үшін жанын пида еткен батырларымыздың арқасында келді.Кешегі бабалар қаны тамған сайын дала төсінде Астанадай алып шаһардың бой көтеруі және басқа да жетістіктеріміздің жемісі.Тариыхты сараласақ, дұшпанды  басындырмаған  басынан сөз асырмаған рухты елміз. Жаңадан құрылған қазақ елі жас шыбыққа ұқсайды. Оны жел құлатып кетіуі де , қалың өскен арам шөптердің кесірінен  де өліп кетіуі  мүмкін еді. Бірақ Кенсары, Абылай, Жәнібек секілді халқына  тіреу болған хандардың арқасында жас шыбық құламады ұйтқи соққан желге де сынбады, қайта тамырын тереңге жайды. Тәуелсіздік жолында сонау Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұламаны да, ашаршылықты да, 1941 жылы Ұлы Отан Соғысын да, желтоқсан ызғарын көрді .Бәріне төзді. «Елім-ай» деп күңіренді. Қазақ елі аштықты да, қызыл қырғынды да,Сталиндік репрессияны да,бастан кешті.Қайсар рұқты көсем Амангелділер жерін қорғауда аянбай күрессе ,бар ғұмырын ұлт мүдесіне арнаған бес арысымыз:Арқада – Ахмет пен Міржақып, Шығыстан – Әлихан, Түстікте-Мұстафа,батыста Халелдер халқымыздың ояну дәуіріндегі арыстар мен алыптар. Еліміздің мақтанышы ,егемендігіміздің қайсары Қайрат Рысқұлбеков 22- ақ жасында халқын сүйетін ,қорғай  білетінін әлемге танытып табындырып кетті.1986 жыл... Желтоқсан көтерілісі. Қайрат пен Ерболдай, Ләззат пен Сәбирадай текті де тегеурінді ұл-қыздарының өмірін қыршыннан қиған, Алматының көшелерін қызыл ала қанға бояған зұламат еді бұл.  

Ата-бабам аңсаған тәуелсіздікті алғанымызға – биыл 27 жыл! Әуелдегі жас шыбық өсіп, міне, енді 18 миллионға аса жапырағы бар үлкен бәйтерекке айналды. Бұл бәйтерек өсе бермек... өсіп-өсіп, көк тіреген үлкен мәуелі ағаш болмақ. Ол ағаш мәңгілік солмай, үнемі жап-жасыл боп тұрмақ.                                                                                                             Енді, міне дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттермен тереземіз тең. Ақылды да, айбынды елбасымыздың басшылығымен мемлекетіміз іргелі ел болды.           Әлемнің небір аузымен құс тістеген тәкаппар елдерімен тең тұрып, тілдесетін күн де туды. Кең – байтақ ата жұртымыздың асыл қазынасы  өз қолымызға тигенін байқаған, дүниенің  түкпір-түкпіріндегі мемлекеттер назары елімізге ауа бастады. Елдігімізді әлем жұртшылығы танып, құрмет көрсетіп, абыройыңды асырып жатса, мәртебең қалай өспесін?! Осы уақыт ішінде төрткүл дүние қазақ халқын біліп, Қазақстан деген мемлекетпен тең дәрежеде кеңес құрып, келісімдер жасаудың, өзі үлкен абырой. Осындай ерікті ел болып, еңсесін биік ұстаған халқымның қайсарлығы мен табандылығына мен бүгін мақтанамын.

...

Скачать:   txt (6.9 Kb)   pdf (62.5 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club