Қазақстанның мемлекеттілігінің эволюциясы
Автор: mabl04 • Октябрь 1, 2021 • Эссе • 406 Слов (2 Страниц) • 348 Просмотры
Эссе жазған: Ер
Эссе тақырыбы: Қазақстанның мемлекеттілігінің эволюциясы
Қазіргі кезде Тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, бұның бәрі ата-бабаларымыздың арқасында. Қазақ халқының бойындағы қасиеттерінің бірі ол- бостандық сүйгіш. Еркіндік деген қанымызда. Оған дәлел: ғасырлар бойы тәуелсіздігіміз үшін күресі. XVғасырда Қазақ хандығының құрылуынан бастап, XX ғасырдағы жағдайларды еске түсіруге болады. XV ғасырдың ортасында Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Жетісуге Шайбани мемлекетінің езгісіне шыдамай Керей мен Жәнібек көшіп, ұлыс құрып. Біраздан кейін Шығыс Дешті Қыпшақ жерінен Шайбанидтерді, Жетісудан Моғолдарды ығыстырып, мықты мемлекетке айналған.
Бұрында мемлекеттің атауы билік басындағы тайпаның атына тәуелді болған. Ал Қазақ хандығында алғаш рет хандыққа енген тайпалардың ең беделдісінің аты қойылмаған, барлық тайпаларға ортақ атпен атала бастады
Қазақстан тарихының маңызды оқиға: Ресейге қосылу. 1731 жылдан бастап Қазақ жүздерінің біртіндеп Ресейге қосыла бастады. Оған сыртқы және ішкі саясатта әсер етті. Хандықтың шашыранқы түрі, Ресейдің отарына айналудың басты себептерінің бірі.
XX ғасырдың бірінші ширегінде Алаш қозғалысы пайда болған. Алаш қозғалысына келсек, негізгі мақсаты- халық мүддесіне сай мемлекет құру. Бірақ тарихты білетініміздей ол іске аспады. Оған қарамастан Алаш қозғалысының көмегімен қарапайым халық білім ала алды. Кеңестік кезінде Қазақ АКСР, одан кейін Қазақ КСР құрылғанымен, ол егеменді аталғанымен орталықтардың бақылауында болып, халықтың мүддесіне емес орталық мүддесіне сай саясат жүргізілді. Тағы бір оқиға ол 1986 жылы
...