Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері

Автор:   •  Апрель 3, 2022  •  Реферат  •  1,058 Слов (5 Страниц)  •  503 Просмотры

Страница 1 из 5
  1. Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері.

Уақытша үкіметтің әлсіздігі, елде қосүкіметтілік жүйенің орнауы, әлеуметтік-экономикалық ахуалдың төмендеуі халықтың көп бөлігінің наразылығын тудырды. Ірі қалалардың жұмысшылары, матростар мен солдаттар ерекше белсенділік танытты. 1917 жылдың жазының ортасы мен саяси ереуілдер жиілеп, бірқатар жерлерде ереуілшілер кәсіпорындарды басқаруды өз қолдарына алды. Бүкіл елде Кеңестердің большевиктенуі басталды.

1917 жылдың 25 қазан күні қарулы төңкеріс жасалып, Әкери-революциялық комитет уақытша үкіметтің құлатылғанын жариялады. Үкімет мендетін атқару В.И.Ульянов басқарған Халық Комиссарлары Кеңесіне берілді. Кеңестердің II Бүкілресейлік съезі В.И.Ленин даярлаған екі негізгі әділетті демократиялық бітім жасау жөніндегі келіссөздер бастау ұсынылды. Жер туралы Декретте жерге жекеменшілік жойылып, бүкіл жер жергілікті кеңестердің қарамағына берілетіні заңдастырылды. Кеңестер әлеуметтік әділеттілік пен қоғамдық теңдікке негізделген социалистік бағыт ұстанды.

Орталықтағы революцияның жеңісі шеткері аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуды жеңілдетті. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, негізінен, қалалар мен ірі елді мекендерде 1917 жылдың қазан айының соңынан 1918 жылдың наурыз айына дейін созылды. Кеңес өкіметін орнату мен нығайту жұмысына «Үш жүз» партиясы белсене қатысты. Партияның негізін 1917 жылдың  17 қарашада М.Әйтпенов қалады.Партия басшылығына К.Тоғысовтың келуімен «үш жүзшілер» басқа қозғалыстарға қарсы күрестегі большевиктердің сенімді одақтасына айналды.

Ақпан революциясымен салыстырғанда бұл оқиғаны қазақ халқы үлкен құлшыныспен қарсы алмады.Пролетариаттардың таптық күрес идеясы ме диктатурасын өлке халқының көп бөлігі қолдамады. Ғасырлар бойы ауылда туысқандық принцип негізінде өмір сүріп келе жатқан қазақтар Қазан революциясының идеясын қабылдай алмады. Ауқатты казактар мен шаруа-қоныстанушыларға да бұл жаңа идеялар таңсық болды. Қазақ халқын өз жағына тарту мақсатымен кеңес билігі қазақтардан бұрынғы казактар мен қазынаға және шаруаларға деп тартып алынған жерлерді қайтарып беру саясатына көшті.Қазақ халқы кеңестерді патшалық әкімшіліктің бұрынғы органдарының орнын басқан жат құбылыс ретінде қабылдады.Өлкеде таптық күрестің анық белгілері болмады. «Пролетариат диктатурасының» ұраны ауылда, не қоныс аударушылардың мекенінде, не казактар тарапынан да қолдау таппады. Большевиктер билікке келгеннен кейін қоғам үкіметінің жақтастары мен қарсыластарына бөлінді.Кейінірек елде Азамат соғысы басталды.

  1. Қазақ елі «ақтар» мен «қызылдар» күрестері жылдарында

Азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлінгені қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар “қызылдар” деп аталса, оларға қарсы тұрғандар “ақтар” деп аталды.  

Жайық өзені аңғарында да ақ гвардияшылар үшін қиын-қыстау күн туды. Қарашаның 20-сында олар Лбищенскіден қуылып, келесі күні Қызыл Армия әскерлері Илецк корпусын талқандап, ақ гвардияшыларды Гурьевке шегінуге мәжбүр етті.

Ақ гвардияшылар мен Қызыл армияның әскери бөлімдері арасындағы соңғы ауыр ұрыстар 1920 жылдың көктемінде Дутов пен Анненков армиясының қалдықтары бекінген солтүстік жетісуда орын алды. Наурызда большевиктер шешуші шабуыл бастады. Ақ гвардияшылардың бір бөліктері ыдырап, жаяу әскер қатарларында қашу, басшылыққа бағынбау әрекеттері көбейді. Тығырыққа тірелген Анненков пен Дутов жаяу әскер бөлімдерін қарусыздандырып, тарату туралы бұйрық берді, көптеген солдаттарды казактар атып тастады.Жеңіліп тынатындарын білсе де, ақ гвардияшылар кескілескен қарсылық көрсетті.Үшарал станциясы қолдан-қолға өтті.Қапалда қоршауда қалған ақтардың әскерлері қоршауды бұзып өтуге жанталаса тырысқанмен, ақтар мен қызылдардың күштері тең емес еді. 1920 жылғы наурыздың 27-сінде Вахта бекінісі құлап, Дутов армиясының қалдықтары Қытайға шегінді. Сол шақта Анненков та шекарадан ары өтіп кетті. Наурыздың 29-ында Қапал гарнизоны және басқа станциялардағы ақ гвардияшылар әскерлері де тізе бүкті. Сөйтіп, Қазақстан аумағында Азамат соғысы аяқталды.    

...

Скачать:   txt (15.6 Kb)   pdf (63.4 Kb)   docx (11.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club