Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандық қоғам құндылықтарының жаңа жүйесі, ерекшеліктері мен өзгешелігі

Автор:   •  Декабрь 7, 2020  •  Реферат  •  2,420 Слов (10 Страниц)  •  3,147 Просмотры

Страница 1 из 10

1. Қазақстанда коммунистік партия беделінен айырылып, ыдырап жатқан кезде құрылған өзге саяси бірлес тіктердің алғашқысы Қазақстан Республикалық партиясы ( ҚРП ) болды. ҚРП аса қуатты және ірі азаматтық қозғалыс “ Азаттың ” мүшелерінен құрылды . Оның жақтастары көп және бірыңғай жергілікті ұлт өкілдерінен тұратын еді. Алайда 1992—1993 жылдар ішінде ҚРП аса ауыр дағдарыс жағдайын басынан кешірді. Партия жікке бөлінді. Оның жетекшілерінің арасында бітіспес жанжал, баспасөз бетінде бірін - бірі пәтуасыз әшкерелеу басталды. Партия жетекшілері мұның түбінде тығырыққа тірей тінін аңғармады. Соның нәтижесінде жоғарғы және жергілікті билік органдарының сайлауы қарсаңында ҚРП санасуға тұратындай саяси күш ретінде көріне алмады. Республика жұртшылығы алдында бар беделінен жатқан социалистік партияны қалың халық бұқара айырылған компартияның бұрынғы белсенділері құрып сының қолдай қоймасы сол кездің өзінде - ақ әйгіленіп қалған болатын. Осы жағдай Қазақстан Республикалық партиясына балама саяси ұйым құру қажеттігін туғызды. Халықтық Конгресс партиясы ( ХКП ) осылай дүниеге келген еді. Жаңа құрылым бірден интернационалдық бағыт ұстайтынын, Президент әкімшілігінің ішкі сыртқы саясатына сәйкес әрекет жүргізетінін бағдарламаларында айқындап берді. Оның есесіне, Қазақстанның саяси көкжиегінде жаңа қоғамдық бірлестік пайда болды. 1993 жылдың ақпа нында Қазақстан халық бірлігі одағы ( ҚХБО ) дүниеге келді. ҚХБО - ны құру тікелей әкімшілік шаралармен жүзеге асырылды. Құрылу мәслихатында бұл одақ өзінің жұрт таныған жетекшісі ретінде Президент Н. Назарбаевты атады.

Сайлау науқаны басталар кезеңде ҚХБО – ның республиканың барлық облыстары мен аудандарында, қалала рында құрылу мәслихаттары өткізілді. Ірі кәсіпорындар мен шаруашылықтардың, мекемелердің бәрінде дерліктей бастауыш ұйымдары құрылды. Республикалық ақпарат құралдары бұл ұйымды күн құрғатпай насихаттап жатты . .L 1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген үш саяси партия — Социалистік партия, Қазақстан Республикалық партиясы Қазақстан Халық Конгресі партиялары жұмыс істеді. Қоғамдық қозғалыстар арасынан “Невада - Семей”. “Азат” және ҚХБО ел арасында беделді және танымал болды. Бұлардан басқа 11 ірі ұлттық-мәдени құрылымдар әрекет етті. Қоғамдық саяси бірлестіктердің жалпы саны 300 - ден асты. Көппартиялы жүйе тек біздің Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар өздерінің ұлттық тәуелсіздігін алған, бұрын ғы одақтас республикаларда да құрылды. 1995 ж. тек бір ғана Ресейде жүзден астам саяси партиялар тіркелген. Қазақстанда Ресейдегі сияқты жүздеген саяси партиялар құрылатындай ауқымды жағдай жоқ болғанын айтқан жөн. Мысалы, 1994 ж. өткен парламент сайлауына Әділет министрлігінің тіркеуінен өткен тек төрт-ақ партия қатысты. Олар социалистер, Қазақстан халық конгресі, Демократиялық және Азат партиялары. Сайлау өткеннен кейін көп кешікпей Қазақстанда Коммунистік партия құқық орган дарынан тіркеуден өтті .

1999 ж . республикада 14 саяси партиялар мен 30 ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар , бірлестіктер орнықты. Ал 2002 ж. саяси партиялардың саны 20 - дан асты. Жаңа дан халық арасында танымал «Отан» , «Ақ жол» , «Асар» т.б. партиялар бой көтерді. Қазақстанның саяси арена сында беделді табиғи іріктеуден өткен партияларды қалдыру мақсатында 2002 жылы Елбасы жарлығымен «Саяси партиялар туралы» арнайы заң қабылданды. Онда халық арасында беделін көрсеткен және тіркеуден өту үшін парти яның кемдегенде 50 мың мүшесі болу керектігі туралы талап қойылды. Бұл саяси партиялардың сан жағынан өсуі не итермеледі. 2004 жылы заң бойынша тіркеуден өткен саяси партиялардың 12-сі қалды. Саяси партиялардың көпшілігі Республика Президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып санала ды. Бір айта кететін жайт, осы партиялардың бағдарлама ларында айтарлықтай айырмашылық аз, экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерде бірін - бірі қайталайды. Қазақстандағы саяси партиялардың барлығыда (оған Коммунистік партияда кіреді) республикада іске асып жатқан нарықтық экономикаға көшуге ешқандай қарсылығы жоқ тығын білдірген. Олардың бағдарламаларында тек оны жүргізудің тәсілі, уақытын белгілеуде ғана айырмашылықтар бар. Саяси партиялардың бағдарламаларында прагма тизмнен гөрі идеология басымырақ, мұның өзі Қазақстан дағы көппартиялық жүйенің және саяси бірлестіктер мен партиялардың әлі де болса кәмелеттігінің жетімсіздігінің дәлелдемесі. Оның нақты көрінісі ретінде саяси партия жетекшілерінің үкімет басқару ісіне араласа алмай отыр ғандығын айтуға болады . Саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарында да тек алғашқы басқару түрі орын алған. Олардың басым көпшілігі өзінің сыртқы формасы бойынша партия деп саналғанмен, мазмұны жағынан әлі де болса партиядан гөрі ынтымақта стық топтарға көбірек ұқсайды. Осының нәтижесінде сая си партиялардың бұқара халық арасындағы беделі төмен, олардың қатарына халық өкілдері аз енеді, әсіресе, бұрын ғы Коммунистік партияның мүшелері болған бірнеше жүз мыңдаған адамдар өзге партияларға мүшелікке кірмеген. Бүгінде бүкіл республикаға белгілі болып отырған «Ақ жол», Коммунистік партия т.с.с. саяси партиялардың құрамы ның өзі ауыз толтырып айтатындай дәрежеге жетпей отыр. Бұған қосып айтатын тағы бір жайт, осы саяси партия лардың құрамындағылардың басым көпшілігі бұрынғы Қазақстан Коммунистік партиясында қызмет еткендер. Олардың саяси жетекшілерінің өздері де 1991 жылғы қыр күйекте, яғни Коммунистік партия таратылғанға дейін, оның мүшесі болып, белгілі бір буындарында қызмет істе ген адамдар. Өздерінің бағдарламаларында атап көрсеткеніндей, Қазақстан саяси партиялары мен бірлестіктері республи ка парламент сайлауларына қатысып, онда көпшілік де путаттық орындарға ие болуға тырысады. Бұл бағытта бірқатар саяси партиялардың егемендік алған алғашқы жылдары қол жеткізген едәуір табыстарын айтпай кетуге болмайды. 1994 жылғы Республика Жоғарғы Кеңесінің сайлауында Қазақстан Халық Бірлігі және Қазақстан халық конгресі партиялары өздерінің көптеген өкілдерін парла ментке өткізді. Республиканың бірқатар саяси партияла ры мен қоғамдық бірлестіктері 1995 жылғы 9 желтоқсан да өткен парламент сайлауына белсене қатысты.

...

Скачать:   txt (35.6 Kb)   pdf (87.7 Kb)   docx (16.2 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club