Шығыс Қазақстан облысы Ұлы Отан соғыс жылдары
Автор: dinara1990 • Май 1, 2023 • Курсовая работа • 18,314 Слов (74 Страниц) • 219 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе | 3 | |
1 | Өскемен қаласы туралы | 5 |
2 | Ұлы Отан соғысы – тарихтағы ұмтылмас кезең | 8 |
2.1 | Ұлы Отан соғысы тақырыбының зерттелу жайы | 8 |
2.2 | Ұлы Отан соғысы және Қазақстан | 14 |
2.3 | Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі | 19 |
3 | Шығыс Қазақстан облысы Ұлы Отан соғыс жылдары | 31 |
3.1 | 1941-1945 жылдардағы шығысқазақстандықтардың майданға көмегі | 34 |
4 | Шығыс Қазақстан облысының батырлары | 40 |
4.1 | Қ.Нұрғалиев – Ұлы Отан Соғысының ардагері және халық мұғалімі | 54 |
Қорытынды | 59 | |
Әдебиеттер тізімі | 61 |
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Даңғылдар, көшелер, тұйық көшелер...барлығының өз тарихы, өз тағдыры, атауы бар.
Қаланың келбеті – сәулетімен, сән-салтанатымен ғана өлшенбейді. Ұлттық сипат беретін көше аттарының да маңызы бар.
Шығыс Қазақстан орталығы – Өскемен қаласы. Өскемен қаласында көптеген көшелер бар. Олардың атаулары да әр түрлі. Қала көшелерінің көптегені құрметті азаматтарның есімдерімен аталады. Мысалы: Протозанов Александр Константинович, 1915 ж.т. 1969-1984 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан обкомының бірінші хатшысы болған. Осы жылдары Жаңа Сограда теплица, сол сияқты, құс фабрикасы, кинотетрлар, мәдениет үйлері тұрғызылды; Куленов Ахат Салемхатович, УК СЦК АҚ бұрынғы президенті. Оның бастамасымен комбинатта алтын және күміс өндірілді. Ахат Сәлемхатович Ертістің сол жағалауына тұрғын–үй коттедждері құрылысын ұйымдастырды; Славский Ефим Павлович, машинажасау министрі кезінде Өскемен қаласын дамытуға еңбек сіңірді және т.б. Сонымен қатар Өскемен қаласы көшелерінің есімдерімен аталатын ШҚО жауынгерлері де бар. Осы дипломдық жұмыс барысында ШҚО-ның жауынгеріның өмірбаяны, ерліктерімен танысамыз.
Зерттеу мақсаты: Ұлы Отан соғысында қатысқан қазақстандықтардың әскери жолын, әскери-тарихи қызметі мен мұрасына, өздері қатысқан ірі тарихи оқиғалармен органикалық өзара байланыста кешенді тарихи зерттеу жүргізу; олардың қызметтерінің тәжірибелерін жинақтау. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың ерен ерлігін паш ете отырып, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу мәселелерін қарастыру.
Зерттеу мақсатының міндеттері:
- тақырып бойынша ізденіс, қосымша деректер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары;
- Ұлы Отан соғысы тақырыбын зерттеушілердің еңбектеріне назар аудару;
- жас буындарды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты қазақстандық, ұлттық тәжірибелерді жетілдіріп, іс жүзінде қолдану аясын кеңейту.
Қазіргі заман кезеңінде ерекше назар аударатын маңызды мәселелердің қатарына Ұлы Отан соғысы кіреді. Ұлы Отан соғысы кеңестік халықтар үшін шыңдалу мектебі болды. Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
Тас түйін болған жауға Кеңес Армиясы қарсы тұрды. Азаттық пен бостандық үшін күресте жүзден аса ұлттар мен ұлыстар бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарды. Германияның КСРО-ға соғыс ашудағы мақсаты – Кеңестік социалистік қоғамдық құрылысты құрту, көп ұлтты Кеңес мемлекетін қирату, қуыршақ мемлекет құру еді. КСРО-да ұлы герман империясы үшін қуатты шикізат және қосымша азық-түлік базасын құруды өзінің міндеті деп есептеді. Кеңес халқы Герман фашизмі мен оның одақтастарына қарсы өз күресін Ұлы Отан соғысы деп атады,
...