Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ХХ ғасырды бірінші жартысындағы Германия

Автор:   •  Апрель 11, 2023  •  Практическая работа  •  3,801 Слов (16 Страниц)  •  190 Просмотры

Страница 1 из 16

ХХ ғасырды бірінші жартысындағы Германия

 Сұрақтар:

1. ХХ. ғ. басындағы Германия. Дүниежүзілік саясат және соғыс.

2. Қараша революциясы.

3. Веймар республикасы.

4. 1929-1932 жж. экономикалық дағдарыс және фашизмнын орнауы.

3. ІІІ Рейх және оның соғыста күйреуі.

      Германия бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында экономикалық дамуы жағынан әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің бірі болды, өнеркәсіп өнімінің көлемі жағынан дүниежүзінде екінші орында тұрды. Алайда экономиканы модернизациялау батыстың басқа дамыған елдеріндегідей табиғи нарықтық талаптарға орай қалыптасқан әдістермен емес, мемлекеттің елдің әскери-өндірістік қуатын күшейтуге бағытталған саясатының негізінде іске асырылды. Сондықтан Германияда мемлекеттің реттеушілік рөлі басқа елдермен салыстырғанда күштірек болды. Мемлекет протекционистік саясатты белсенді түрде жүргізді. Басқа елдерге қарағанда кешірек басталған модернизация тым жылдам жүргізілді және барлық саланы бірдей қамтыған жоқ. Ауыр өнеркәсіптің даму қарқыны жоғары, ал тамақ және тұтыну тауарларын өндіру баяу дамыды. Ауылшаруашылығында ірі латифундиялық шаруашылықтар (юнкерлік шаруашылықтар) басым болды, фермерлік шаруашылықтар да құрылып жатты, алайда олар жалпы алғанда елеулі рөл атқарған жоқ. Германияның мемлекеттік бірігуі де кеш аяқталғандықтан жеке герман жерлерінің арасында экономикалық, саяси, рухани дамудың өзгешеліктері сақталып қалды. Бірігу үрдісі Пруссияның жетекшілігімен іске асқандықтан халықтың психологиясында прустік әскери тәртіп, билікке, күшке табынушылық орнықты. Өнеркәсіп төңкерісінің кеш іске асырылуы Германияның әлеуметтік құрылымына әсер етті, мұнда орта және ұсақ меншік иелері (орташа топтар) басым болды. Орташа топтар ірі капиталға да, өте кедей топтарға да қарсы болды. Ірі капитал иелері де біркелкі болған жоқ, дамыған жаңа салалар мен артта қалған дәстүрлі салалар арасындағы қайшылық және мемлекеттің ауыр өнеркәсіп пен әскери өнеркәсіпті қолдауы ірі капитал иелерінің арсында жік туғызды. Кеш басталған, бірақ жылдам жүргізілген модернизация жұмысшыларды да жіктеді; жаңа технология мен техника кең енгізілген салалардың талаптарына орай мамандығы жоғары, жалақысы көбірек, тұрмысы жақсы жұмысшылар топтары қалыптасты, ал мамандықсыз жұмысшылардың жағдайы нашар болды. Германия біріккеннен кейінгі қабылданған империялық Конституция 25 жасқа толған азаматтардың барлығына сайлау құқығын берді, сайлау жасырын дауыс беру жолымен жүргізілді. Алайда Германияда батыстың басқа дамыған елдеріндегідей либералдық құндылықтар берік орныққан жоқ, оның орнына мемлекеттің патерналистік қамқорлығына сүйену, билікке және заңға табыну, императордың жеке билігіне мойынұсыну қалыптасты. Германия ресми түрде конституциялық монархия болғанымен, іс жүзінде император мен канцлердің өкілеттіктері кең болды. Тек Пруссияның королі ғана бүкіл Герман империясының императоры бола алады. Император парламентті тарата алады, үкімет басшысын – канцлерді тағайындайды, канцлер тікелей императорға бағынады, ал парламенттің алдында жауапты емес.

     Саяси өмірде консервативтік партиялардың елеулі ықпалы болған жоқ. Ал неміс либерализмі классикалық либералдық тұжырымдаманы емес, мемлекеттің реттеушілік рөлін күшейтуді протекционистік экономикалық саясатпен ұштастыру идеясын насихаттады. Либералдық ағым бірнеше топтарға жіктелді. Соғысқа дейінгі кезеңде либералдық бағдарда болған Прогрессивтік партия мен ұлттықлибералдық партияның солшыл қанаттары Ф. Науман және В. Ратенау басқарған Неміс демократиялық партиясына бірікті. Қатары көп, тұрақты электораты және саяси ықпалы бар партиялар католиктік «Орталық» («Центр») партиясы және Социал-демократиялық партия (ГСДП) болды. Алайда Бисмарктың кезіндегі социалистерге қарсы төтенше заңға байланысты социал-демократтар көп қудаланып, қоғамда оқшауланып, мемлекеттік басқару жүйесінде елеулі рөл атқара алмады. Сонымен қатар партияның ішінде социал-реформистік және солшыл-революцияшылдық ағымдар арасында үнемі күрес жүріп жатты. 1917 жылы ГСДП екіге бөлініп кетті. Орталық және солшыл қанат («Спартак» тобы) бірігіп, Германияның тәуелсіз социал-демократиялық партиясын құрды (ГТСДП). Ф. Эберт ГСДП жетекшісі болып қала берді, ал социал-демократияның көрнекті қайраткерлері Э. Бернштейн, К. Каутский, Р. Гильфердинг тәуелсіздер партиясының басшы тобын құрады. Екі партияның да жетекшілері мен теоретиктері елді революциялық жолмен емес, реформалар жолымен бірте-бірте демократияландыру бағытын ұстады. Р. Люксембург, К. Либкнехт, К. Цеткин, Ф. Меринг басқарған «Спартак» тобы соғысты тоқтату, жұмысшы және әскер кеңестерiн құру, банктердi, өнеркәсiптi, iрi жер иелiктерiн национализациялау сияқты Ресей большевиктерiнiң идеясына ұқсас талаптар қойды.

...

Скачать:   txt (55.4 Kb)   pdf (150.4 Kb)   docx (21.4 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club