Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түркі ойшылдары мен ғалымдарының еңбектерінің Қазақстанда зерттелінуі

Автор:   •  Март 13, 2019  •  Реферат  •  2,169 Слов (9 Страниц)  •  905 Просмотры

Страница 1 из 9

Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Реферат

Түркі ойшылдары мен ғалымдарының еңбектерінің Қазақстанда зерттелінуі

Орындаған: Зинебаева Амангүл

Тексерген: Жүзтаева Бибажар

Топ:115

                                                    Алматы  2019

Түркі ойшылдары мен ғалымдарының еңбектерінің Қазақстанда зерттелінуі

        Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық мәдениетті жатқыза аламыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың,гуманитарлық ғылымдардың қасиетті парызы болып саналады.Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Қазақ халқының  осы өзіндік дүниетанымдық, сана-сезімдік көзқарастары  түрлі тарихи кезеңдерде  өмір сүрген ұлы ойшылдар  мен жыршы-жыраулардың, ағартушы қоғам қайраткерлерінің шығармашылық еңбектерінде  көрініс алады. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағaсырлық ойшылдар Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йассауи, Мұхаммед Хайдар Дулати және т.б.

                Қазақ топырағының көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл ғалымдары бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде әлемге танылғандары да аз емес. Солардың бірі күллі әлемге танымал ұлы ортағасырлық данышпан - Әбу Насыр әл-Фараби. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс қаласында дүние есігін ашқан. Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциоклопедист-ғалым. Ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі- ғалымның жан-жақты тұлғасын көрсетеді. Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады.

             Қазақстанда әл-Фараби еңбектерін зерттеумен бірнеше ғалымдар айналысты. Соның ішінде көрнекті зерттеген - Ақжан Машанов болды. А.Машанов әл-Фараби еңбектерін түп нұсқасында оқу үшін 60 жасқа таяған шағында араб тілін меңгеріп, ғұлама ғалым еңбектерін тереңінен зерделеуге мүмкіндік алады. Иоганн Кеплердің «Аспан музыкасы» деген кітабындағы көп деректердің әл-Фарабидің астрологиялық трактаттарынан алынғандығына көз жеткізеді. Осы жөніндегі өз ғылыми тұжырымдамасын Орта Азияның «Мәдениет шамшырақтары» мақаласында түйіндеп, оны 1972 жылы Кувейтте жарық көретін «әл-Фараби» журналында жариялайды. Артынша Кувейттің белгілі ғалымдары жұлдыздар туралы алғашқы ғылыми пікір білдірген Әбу Насыр әл-Фараби екенін қазақстандық Ақжан әл-Машани мырза толық дәлелдеді деп жазды. Ақжан Жақсыбекұлының баға жетпес, ерлікке пара-пар еңбегі ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасын зерттеп, оның Отырар өлкесінің перзенті, қазақ екендігін дүниежүзі ғалымдарына мойындатқан еді.                                                                                                                                                                                  

               X-XI ғасырлар-еліміз тарихында ғылыми жаңалықтарға кең жол салынған өзгеше кезең. Осы тұста отандық және адамзаттық мәдениетті байытуға өз үлесін қосқан Махмұд Қашқаридың энциоклопедия іспеттес құндылықтары дүниеге келді. «Мақсатым-талаптанушыларға тура бағыт көрсетіп, болашаққа кең жол ашу. Ниеттес жандарды мәңгілікке риза ету ғана» деген ұранмен білім мен мәдениетті дамытуға өз үлесін қосты.М.Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» шығармасы шетелдік, кеңестік және қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде түрлі ғылыми көзқарастар тұрғысынан зерттелініп келгені мәлім. 1072-1074 жылдар аралығында жазылып,жарық көрген осы мұрада түркі қауымының сол замандардағы этникалық ерекшеліктерін,халықтық қасиеттерін,адамгершілік-имандылық бейнесін көрсететін бірсыпыра мәліметтер жинақталған.Ғұлама деректеріне сүйенсек,түркілер «көрікті, өңдері ұнамды, жүздері мейірімді, әдепті, үлкендерді құрметтей білетін кішіпейіл,уәделерінде берік тұратын мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар». «Сөздіктегі» ауыз әдебиетінің мол қоры ата-бабаларымыздың ежелден сақтандырып келе жатқан сұғанақтық, қулық, сараңдық, асығыстық, озбырлық, білімсіздік, қастық, дүниеқоңыздық, т.б толып жатқан жағымсыз қылықтардың адам өміріндегі теріс ықпалын көрсетуге бағытталған. М.Қашқари мұраларын зерттегенде қай саласын алсақ та, уақыт озған сайын құнын жоғалтпай, қайта қажеттілігіарта түсетін, рухани азығы мол қазына екеніне көзіміз жетіп отыр.

...

Скачать:   txt (24.7 Kb)   pdf (253.2 Kb)   docx (525.5 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club