Туған өлке тарихын оқытудағы сыныптан тыс жұмыс түрлері мен қолданылуы
Автор: Nazym02 • Сентябрь 25, 2022 • Эссе • 511 Слов (3 Страниц) • 327 Просмотры
ЭССЕ
Туған өлке тарихын оқытудағы сыныптан тыс жұмыс түрлері мен қолданылуы
«Туған өлке тарихы» жалпы білім беретін мектепте факультативтік курсы ретінде оқылып жатыр . Ол білім сапасын арттырудың маңызды құралы болып табылады, сондай-ақ оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға, патриотизмге тәрбиелеуге ықпал етеді. Мектепте «Туған өлке тарихы» үш түрде жүргізіледі: сабақтарда, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарда. Менің қазір тоқталып өтетін оқыту түрі сыныптан тыс жұмыстар. Сыныптан тыс жұмыс оку-тәрбиe жұмысының біір бөліігі саналып , кең мақсаттарға ие.
Менің ойымша, сыныптан тыс өлке тарихы жұмысының сыныпта жүргізілетін сабақтардан басты айырмашылық, ол оқушылардың жеке танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыру және одан сайын дамыту, жұмыстың сантүрлі әдіс-тәсілдерін қолданудың кең мүмкіндіктерін беретіні.
Тарихи өлкетану пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарға ұжымдық, топтық, жеке жұмыс болып қарастырылады. Сыныптан тыс жұмыстардың ұжымдық түрлеріне: экскурсиялaр, кештер, экспедициялaр, викториналар, конференциялар жатады. Оларға өлке тарихы бұрышына макет дайындау, мұражайларды жасау, тарихи тұлғалармен кездесу, өлкетану тарихына негізделіп дайынддалған ойындары кіреді. Ал топтық түріне: үйірме, журналдарды, қабырға газеттерін жасау сияқты жұмыстарды жатқызатын болсақ, жеке жұмысқа өлке тарихы бойынша әдебиеттерді оқу, тарих және мәдениет ескерткіштерін сипаттау, танымдық тапсырмалардв орындау, көрнекі құралдарды дайындау және т. б. жатқызамыз. Егер ұжымдық және топтық жұмсытар оқушыларға танымдық ынтасын артырып, өзара тәжірбие алмасуға мүмкіндік берсе, жеке жұмыс оқушылардың өз білімдерін дербес жүйелі толықтыруға және жаңа танымдық міндеттерді шешу кезінде ғылыми және қоғамдық ақпарат ағынына бағдарлану біліктіліктерін дамытуға бағыт береді.
Менің ойымша, топтық жұмыстын ең тиімді түрі үйірме, өйткені, оқушылар осында сабақтарда толық ашылмаған мәселелер бойынша толыққанды ақпарат ала отырып, өз білімдері мен дағдыларын шыңдайды. Оқушылардың үйірмедегі сабақтарға деген қызығушылығын артыру мақсатында, қарапайым дәрістерді экскурсиямен, серуен немесе бейнефильмді көру сияқты қызығушылықты оятатын іс-шаралармен алмастырып отыру қажет. Себебі, сол кезде ғана оқушылардың шабытын ояту барысында өзінің туған өлкесіне деген сүйспеншілігін артыруға болады.
...