Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тарих ғылым ретінде. Қазақстан тарихы кезеңдері

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Реферат  •  854 Слов (4 Страниц)  •  604 Просмотры

Страница 1 из 4

  1. Тарих ғылым ретінде.
  2. Қазақстан тарихы кезеңдері.

1.Ұлттық сананың іргетасын әрқашан тарих ғылымы қалайды. Тарих ғылымы қасиетті – ғылым. Ол бұра тартуды да, әсіресе бояуды да, «ақсақты тыңдай, өтірікті шындай» еткенді де көтермейді.Оның өлшемі – шындық, ақиқатқа жүгіну. Тарих – ол халықтың жады, ол біздің рухымызды көтеріп, болашаққа жол сілтейді. Отанымыздың тарихын оқу, зерттеу, бізге қай жерде туғанымызды, туған еліміздің қандай екенін, біздің туған жерге деген қатынасымызды, отанымыздың кешегісі мен бүгінгісіне көз жіберуімізге мүмкіндік туғызады.

Тарих ғылымы:

  • отан тарихына ортақтастық сезім қалыптастырады.
  • әр азаматта азаматтық көзқарас, ұлттық мәдениет қалыптастыруға және өз халқының салт дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді.
  • сонымен бірге жас ұрпақтың тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге тәрбиелейді.

Осының бәрі ұрпақтар сабақтастығын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.[pic 1][pic 2]

[pic 3]

[pic 4]

[pic 5][pic 6][pic 7]

Келешекте өмір сүріп, күн кешетін біз жастар өз атамекеніміздің тарихын, өз шыққан тегімізді, ата бабалардың тарихи тәжірибесін әрі қарай мақтанышпен жалғастыру үшін білу қажетпіз.

2.Қазақстан тарихы да  дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді.  

  • Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін),
  • Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.)
  • Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.),
  • Қазінгі заманғы Қазақстан (XX ғ.).

  Ең ұзақ кезең – Ежелгі Қазақстан тарихы, ол бір миллион жылға жуық уақытты қамтиды.

Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін).

   Ежелгі Қазақстан өз ішінде бірнеше дәуірлерден тұрады. Атап айтсақ: Тас дәуірі, Қола дәуірі, Мыс тас , Темір дәуірі. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде  жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда  болған. Жер жүзінде еңбек етуге  қабілетті болған ең ежелгі өмір сүрген адам хомохабилис – «шебер адам» (презинджантроп) болып есептелінеді. Адамның эволюциясындағы одан кейінгі  қадам хомо эректус – «тік жүретін  адам» сатысына байланысты. Бұл тұрпаттың  өкілдері тас дәуірінің Шелль-ашель  мәдениетінің иелері питекантроп пен синантроп болды.

Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.).

  Түрік қағанаты. «Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады.Қытайлар түріктерді сюннулердің ұрпақтары деп санаған. 542 жылы тирек (теле) тайпалары қазіргі Моңғолияның оңтүстік және орталық бөліктерін мекендеген және бұл территорияларға үстемдік еткен аварларға (жуань-жуань) қарсы шабуыл жасап, кескілескен шайқаста Тумын (Бұмын) басқарған теле тайпалары аварларды күйрете жеңеді де, олардың 50 мыңнан астам әскерлі түріктер тұтқынға алады. Осы кезден бастап, бұрын аварларға вассалдық тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестеріне айналады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына тағы да шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авар мемлекетінің қағаны Анағұн өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап бұмын өзін «Ел қаған» деп жариялайды. Түрік қағандығының іргесін қалап, шаңырағын көтереді (552 ж.).Өз ішінде де саяси билік  үшін күрес, талас, сыртқы шапқыншылықтың салдарынан ұлаң-байтақ жерді алып жатқан Түрік қағанаты 603 жылы батыс  және шығыс түрік қағанаты болып  екіге бөлінді.[pic 8][pic 9]

...

Скачать:   txt (11.3 Kb)   pdf (199.3 Kb)   docx (18.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club