Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сталиндік қуғын-сүргіннің орындалуына қарай бөлінуі

Автор:   •  Февраль 19, 2025  •  Реферат  •  3,527 Слов (15 Страниц)  •  116 Просмотры

Страница 1 из 15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМИ МИНИСТІРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Механика және математика факультеті

                           [pic 1]

        СӨЖ

Тақырыбы: СТАЛИНДІК ҚУҒЫН-СҮРГІН

                                                                        Оқытушы: Козыбакова. Ф. А

                                                                        Студент: Жұмабек Айжан

Қалымбет Нұрқанат

                                                                                        Есіркеп Толғанай

Теңелбайұлы Бекарыс

Мухамбетали Қанат

Алматы, 2023

Мазмұны

Кіріспе  ............................................................................................3

I. Сталиндік қуғын-сүргін  ...........................................................4

1.1.1920 жылдардағы қуғын-сүргін  .............................................4

1.2.1920-1950 жылдардағы қуғын-сүргін .....................................5

1.3. Естеліктерден...........................................................................11

     

II  Сталиндік қуғын-сүргіннің орындалуына қарай бөлінуі .....5

2.1    Шахта ісі..................................................................................5

2.2    Партия ішіндегі "бөтен элементтермен" күрес....................5

2.3    Ұжымдастыру дәуіріндегі қуғын-сүргін...............................5        

2.4    Астық тапшылығының репрессиясы......................................6

Қортынды..............................................................................13        

                                       Кіріспе

        Жалпы кеңестік әлемде, соның ішінде Қазақстан аумағында жүргізілген озбыр саясаттың бірі қудалау, кез келген күдікпен себепсіз жазалау болды. Жазалау, қуғындау партия қатарын «сауықтыру» шеңберінде жүзеге асырылды. Партия қатарын тазалау туралы айтқанда, жалпы қудалау мен кең ауқым алған ұлт зиялыларына қарсы қуғын-сүргін науқандарын ашып талдауға болады. Бұл жайлы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев: ... 20-шы жылдары басталған Қызыл қудалау науқаны 30-шы, 40-шы жылдар, содан кейін 50-ші жылдардың басында күллі елімізге сел болып жайылып, қанды көбік шашты. Марқабаттылықты желеу етіп, ұлы мұраттарды уағыздаған болып көлсіреген қараниет, жүгенсіздік миллиондаған адамдардың жанын қиды, көз жасын төккізіп, қасірет шеккізді, - деп көрсетті. 30-жылдардың екінші жартысында дүниежүзілік соғыстың қара бұлты қаптап келе жатқан тұста әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі өзінің бойындағы ең бір жексұрындық қасиеттерін көрсете бастады. Соның салдарынан кеңес қоғамы аса ауыр да, зардапты қиындықтарға кездесті. Одан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Жергілікті партия, кеңес, комсомол, кәсіподақ ұйымдары, шаруашылық орындары үлкен соққыға душар болды. Жеке адамды дәріптеу жағдайына жергілікті кадрларды қудалау етек алды. Қаралап, жала жауып, арыз бергендерді қолпаштау, жаппай сезіктену, шетел пайдасына шпиондық жасап жүр деп орынсыз айып тағу, басқа жүгенсіздіктер мен жөнсіздіктер көбейіп кетті. Партия, кеңес қызметкерлері, оқыған зиялылар орынсыз қудалауға, құрбандыққа ұшырады. Сөйтіп, қасіретті қуғындаудың екінші кезеңі 1937 жылы басталды.

        1930 жылдардың екінші жартысындағы елімізде орын алған сталиндік саяси-террор, қуғын-сүргін тарихымызда әлі де толық зерттеле қойған жоқ. 1935-1938 жылдар аралығындағы И.Сталин бастаған шағын арандатушы топтың өзінің туған халқына қарсы жасаған аса ауқымды қылмысынкезінде шетелдік тарихшы Роберт Конквест «үлкен террор» деп атаса, ал оның әріптестері Михайл Геллер мен Александр Некрич көрсетілген кезеңдегі қырғын өзінің көлемі жөнінен 1930-1934 жылдардағы шаруаларға қарсы геноцид көлемінен төмен екендігін ескеріп, «кәдімгі террор» деп сипаттады.

3

        Әсіресе, Қазақстан жағдайында М. Геллер мен А. Некричтің тұжырымдары ащы шындыққа жақын екенін мойындай тұрсақ та осы кезеңдегі сталиндік қуғын-сүргін көлемінің әлі де нақты анықтала қоймағанын байқауға болады. Кейбір деректер 1937-1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңының түрмеге түсіп, 22 мыңының атылып кеткенін, басқа деректерде 1930-1950 жылдары жазалау диірменінен 100 мың 971 қазақстандықтың өтіп, оның ішінде 20,170 адамның атылғаны айтады.        

        Қазіргі таңда бүкіл Кеңес елін, соның ішінде Қазақстанды да қамтыған жаппай репрессиялау шаралары бірқатар факторлардың салдарынан туған деп нақты айта аламыз. Соның ішіндегі жетекші фактор – ол белгілі әлеуметтік-саяси күштердің, оның қатарында БК(б)П бар, билік үшін күрес екенін ескеру керек. Бұл күресте Сталиннің жеке билікке жетудегі өз бағыты басым түсті. Сондықтан да саяси репрессияның басты себептерінің бірі осы екенін баса айту өте маңызды. Дегенмен де Қазақстандағы сталиндік қасіретті Одақтық көрсеткіштермен емес, өзімізге этникалық жақын, көрші республикалармен салыстырып қарастырсақ, біздегі адам шығынының тым көп екендігін байқар едік. Иә, қалай десек те қасірет көлемі аз емес. Бұл жылдары сталиндік қуғын-сүргіннен қоғамның барлық бөлігі, сондай-ақ, тіптен, большевиктік партияның өзінің басшылығы да аса зор азап шекті.

...

Скачать:   txt (46.5 Kb)   pdf (290.2 Kb)   docx (41.5 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club