Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Орта ғасырлық Франция

Автор:   •  Декабрь 22, 2018  •  Реферат  •  1,931 Слов (8 Страниц)  •  1,199 Просмотры

Страница 1 из 8

Т-9. Орта ғасырлық Франция.

  1. 9-13 ғасырлардағы Франция. Людовик 9 реформалары.
  2. Сословиелiк-өкiлдiк монархия. (14-15 ғасырлар). Бас штаттар.
  3. Абсолюттiк монархия. (14-18 ғ.)
  4. Ортағасырлық Франция құқығы.

1). 843 жылы Верден келiсiмi бойынша Карл Лысыйге, яғни Францияның бiрiншi королiне Рейннiң батыс жағы үлеске тидi. Алайда Франция атауы 10-ғасырда бекiдi. Орта ғасырлық Франция тарихы мына кезеңдерге бөлiнедi:

  1. Сеньоралдық монархия (бытыраңқылық кезең) (9-13ғ.);
  2. Сословиелiк-өкiлдiк монархия (14-15ғ.) ;
  3. Абсолюттiк монархия (14-18ғ) ;

9-11 ғасырларда Францияда феодалдық қатынас одан әрi дамып, ерiктi шаруалар жер иеленуi жойылады. Iрi жер иелiктерiнiң құрылуы ел бiрлiгiн болдырмай территориялық бытыраңқылыққа алып келдi. Iрi феодалдар бекiнiс қамалдар төңiрегiндегi жерлердi өзiне қалдырып, басқа жерлердi вассалдарына (кiшi феодалдар) бөлiп бердi. Вассал ресми (инвеститура) түрде өз иелiгiмен танысты және өз сеньорына ант бердi (оммаж). Вассал әскери мiндеттi де атқарды. Келiсiм орындалмаған жағдайда феод (жер) қайтарылып берiлдi. Феодалдық сатының төменгi жағында рыцарлар (шевалье) тұрды. Ал оның жоғарғы сатысында король және iрi феодалдар: герцогтар мен графтар тұрды. Король билiгi әлсiз болды. Мына қағида сақталды: “Менiң вассалымның вассалы— маған вассал емес”.

9-11 ғасырларда феодалдарға тәуелдi шаруалар табы да қалыптасты. Шаруалардың басым көпшiлiгi сервтарға айналды. Олар өз қожаларына мұрагерлiк жолмен тәуелдi болды, яғни жер құралы ретiнде қаралды. Сервтер жан басы салығын (шеваж), бiр жылдық оброк және барщина (аптасына үш күн) төледi.

Басқа тәуелдi шаруаларды вилландар құрады. Олар жеке бас бостандығы бар жер ұстаушылар болды. Вилландар сеньорға оброк (талья— тiкелей салық) төледi. Барлық ауыл тұрғындары сияқты вилландар да үйленуге рұқсат сұрады, шын мәнiсiнде сатып алды (формарьяж). Барлық шаруалар баналитет тұрғысынан да тәуелдi болды: яғни сеньор пешiнде нан пiсiру, виносын дайындау т.б.

Ерекше құқықтық статұсқа қала тұрғындары ие болды. 12-ғасырға дейiн олардың жағдайы шаруалармен тең болды. Одан кейiн қалалар өзiн-өзi басқаруға көше бастады. Тiптi корольдер қалалардың еркiнсуiне қарсы болып, оларға қарсы қару қолданды. Бiрақ та қалалар тұрғындарының сеньорларға мiндеттерi шектеулi болды.

Король билiгi iс жүзiнде тек өз доменi территориясына ғана жүрдi. Саяси билiк король мен iрi феодалдар арасында бөлiндi және сеньоралдық-вассалдық қатынса арқылы байланысты болды. Сеньоралдық монархияда орталық мемлекеттiк билiк болмады. 9-10 ғасырларда корольдi династиялық принцип бойынша светтiк және дiни феодалдар тобы сайлады. 12-ғасырдан бастап король тағы мұраға қалатын болды. Король әскербасы, заң шығару және сот қызметiн атқарды. Бiрақ барлығы шектеулi болды. Король куриясы немесе Үлкен кеңес бiрден-бiр жалпы мемлекеттiк орган болды. Ол король төрағалық етуiмен өткенiмен iрi феодалдар мүддесi қорғалды, iске асты.

12-ғасырға дейiн король сарайы басшысының (сенещал) ролi зор болды, ол әскердi басқарды және мемлекеттiк құжаттарға қол қойды. Король атты әскерi басшысы  коннетабль болып, оның көмекшiсi маршалл атанды, ал 13-ғасырдан бастап адмирал болды. Король архивi мен қазынасын король казначейi басқарып, оған камергер көмектестi. Канцлер король актiлерiн редакциялады, мөр басты. Сарай қызметкерлерi (министриалдар) светтiк феодалдардан және священниктерден құралды. 13-ғасырдан бастап рыцарлар мен юристер (легистер) де қызметте тұрды.

Жергiлiктi басқару iрi феодалдар қолында болды. 12-ғасырдың соңында iрi әкiмшiлiк бiрлiк бальяждар пайда болды. Оның басында король тағайындаған шенеунiк бальи отырды. Ол король заңдары мен бұйрықтарының орындалуын қадағалады және бальяж шеңберiнде әскери құрылымдар ұйымдастырды, кейде сот қызметiн атқарды, салық жинауды, айып салу мөлшерiн бақылады және олардың король қазынасына түсуiн қамтамасыз еттi. Король билiгiнiң және орталық әкiмшiлiктiң нығаюына Людовик 9 (1226-1270) реформасының маңызы зор болды. Соның iшiнде әскери реформа бойынша қала милициясы және жалдамалылар құрылды. Ол корольдiң әскери билiгiн бiр жағынан вассалдарынан тәуелсiз қылды.

...

Скачать:   txt (26.9 Kb)   pdf (145.3 Kb)   docx (18.9 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club