Мемлекет мен құқық тарихы пәнi және методологиясы
Автор: bayetova.moldir • Сентябрь 12, 2020 • Реферат • 798 Слов (4 Страниц) • 866 Просмотры
Тема – 1. Мемлекет мен құқық тарихы пәнi және методологиясы.
- Мемелекет және құқық тарихы пәнi.
- Мемлекет және құқық тарихы пәнiнiң заң ғылымдары жүйесiндегi алатын орны мен маңызы.
- Мемлекет және құқық тарихы қурсының методологиясы.
- Мемлекет және құқық тарихы пәнi құрылымы және мiндетi.
1. Мемлекет және құқық тарихы пәнi қоғамды зерттейтiн тарихи-құқықтық ғылым жүйесiне кiредi. Сипаты жағынан мемлекет және құқық тарихы – тарихи-құқықтық ғылым. Бұл пәнiмiз жалпы тарих сияқты қоғамды толық зерттемейдi, ол өз алдына мемлекеттiк және құқықтық мекемелердегi тарихи процесстердi зерттейдi. Мемлекеттiк-құқықтық құбылыстарға, процесстерге көптеген тарихи фактiлер, саяси өмiрдегi оқиғалар, мемлекет қызметi, билiк, таптар және партиялардағы жағдайлар жатады. Пән тек өткендi ғана зерттеп, ол туралы бiлiм берiп қана қоймай мемлекет пен құқық дамуындағы заңдылықтарды ашуды алдына мақсат етедi.
Мемлекет және құқық тарихы - елдердiң құқығы мен мемлекеттiлiгiн белгiлi бiр тарихи-нақты пайда болуы мен дамуы процесiнде зертейдi. Осы зерттеу барысында хронологиялық реттiлiк және тарихи заңдылық сақталады.
Қоғам мен мемлекеттiң, жалпы адамзат қауымдастығы дамуын зерттеп бiлуде тарих ғылымының алатын орны ерекше. Ежелгi кездiң өзiнде-ақ авторлар тарихи процестер мен оқиғаларды жазып қана қой оған түсiнiк беруге тырысты. Осы авторладың бiзге қалдырған мұрасы негiзiнде тарих ғылымын дамыта отырып оны пайдаланудамыз. Замандар белесiнде тарих ғылымы кейбiр топтардың күрес құралына айналып та кеттi. Тарих ғылымы әртүрлi қөзқарастар мен тiптi бұрмалау жағдайында түсiндiрiлiп келдi.
Мемлекет және құқық тарихын оқыту барысында бiз замандар бойы қалыптасып, әрi дамып келе жатқан тарих ғылымының тәжiрибесiне, әрi адамзат мәдениетiнiң дәрежесiне сүйенемiз.
Мемлекет және құқықтың жалпы ғылымы басқа елдерде құқықтың жалпы тарихы деп аталып, бастауын XVIII ғ. ағынан алады. Атап айтсақ тарихи-құқықтық iлiмдi жинақтауда Германиядағы құқықтың тарихи мектебi өкiлдерi үлкен рөл атқарды. (Г.Пухта, Ф.Савиньи т.б). XIXғ басында осы салада алғашқы ғылымы еңбектер жарық көрдi: “Құқық тарихы” И.Кокер, Л.Венгер (1814 г. Германия), “Құқықтық жүйелер панорамасы” (1928), “Құқық тарихы” (1924) авторлары американ құқық тарихшылары Д.Вигмор, У.Сигл.
2. Заң ғылымдары жүйесiнде Мемлекет және құқық тарихы пәнiнiң алатын орны ерекше. Ол ерекшелiгi зерттеу объектiсiне байланысты. Мемлекет және құқық тарихы мемлекет және құқықтың пайда болуы мен дамуының сан алуандығын атап көрсетедi. Соның iшiнде қоғамның ұйымдық-өндiрiстiк құрылымының өзгерiстерiне маңыз бередi.
Заң ғылымдары жүйесi үш топқа бөлiнедi:
- Тарихи-теориялық ғылымдар (МҚТ, М.Қ.Ж.Т., С.Қ.I.Т. т.б.);
2. Салалық заң ғылымдары (конст. қ-қ, азаматтық қ-қ, әкiмшiлiк қ-қ, т.б);
3. Қолданбалы заң ғылымдары (криминалистика, сот медицинасы, сот бухғалтериясы т.б.).
Осы аталған заң ғылымдары жүйесi бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Әрбiр заң саласы ғылымының зерттеу нәтижесi екiншiсiнде де құнды дерек бола алады.
Мысалы, атап айтсақ Мемлекет және құқық тарихы мемлекеттiк құқықтық процесстi мерзiмдiк-кеңiстiкте зерттеп нақты тарихи заңдылықты ашып-анықтайды. Ал, мемлекет және құқықтық теориясы тарихи-құқықтық зерттеулердiң ғылыми нәтижесiне сүйене отырып мемлекет және құқықтың пайда болуының, дамуының және өмiр сүруiнiң жалпы заңдылықтарын қалыптастырады, ашады. Нәтижесiнде осы екi пән арасында тығыз байланыс орнайды.
...