Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыпгасуы: сипаты, шаралары, сабақтары

Автор:   •  Сентябрь 21, 2021  •  Лекция  •  8,533 Слов (35 Страниц)  •  1,098 Просмотры

Страница 1 из 35

Дәріс №4. Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыпгасуы: сипаты, шаралары, сабақтары

Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). Оған көшудін әлеуметтік-экономикалық жэне саяси негіздері. ЖЭС-тің мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері. Қазақстандағы аштыққа карсы қазақ зиялыларының күресі. Жер-су реформасының мақсаты. Оны жүзеге асырудағы ауытқулар мен кателіктер. Қазак өлкелік партия комитетінің «қазақ үлтшылдығына» қарсы күресі. Түркістан республикаларын ұлттык- мемлекеттік межелеу - біртұтас Түркістан идеясының біржақты күйреуі. Қазақ жерлерінің ҚКАСР қүрамына біріктірілуі.

Коммунистік партияның коғамдағы саяси дара билігінің күшеюі. Жаңа көпұлтты империя - КСРО-ның қүрылуы. Ф.И.Голощекиннін «Кіші Қазан» идеясы жэне оның қатерлі мазмүны. Қазақ өлкелік партия комитетінің жер мәселесіне байланысты шешімінің отарлық мазмұны. Қазақ зиялыларын қуғындаудың басталуы.

Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар. Қазақ қайраткерлерінің индустриялан- дыруға байланысты пікірлері. Қазақстанды индустрияландыру идеясының отаршылдық мазмүны.

Қазақтың дэстүрлі шаруашылығын сталиндік реформалау негізінде қайта қүрудағы асыра сілтеулер. Жайылымдық-шабындык жерлерді бәлу жэне оның нэтижелері. Қазақ ауылын кенестендіру -дэстүрлі қазақ қогамын талқандау. Бай кожалықтарын тәркілеу жэне оның элеуметгік- экономика- лық салдарлары. Кошпелі жэне жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшіру. Ауыл шаруашылығын жаппай үжымдастыруға кошу. Ұжымдастырудың эдістері, түрлері, қаркыны. Еріктілік пен заңдылық принциптерінің бүзылуы. Адам қүқының тапталуы. Ауқатты шаруалар кожалығын тап ретінде жою. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылық жүйесінің күйреуі. Меншіктен айыруға және үжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістері.

Қазақтардың шетелге ауа көшулері. Қазақтардың аштықтан қырылуы. Қазақ босқындарының қайғылы тағдыры. «Бесеудің, Т. Рысқүловтың И. Сталинге хаты» - ащы шындықтың ақиқаты. Аштықтың демографиялық салдарлары. 30-шы жылдардың екінші жартысындагы Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ауыр ахуал.

Қазақстанның қоғамдық-саяси оміріндегі, мэдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы үлт мәселесіндегі таптық-партиялық принципті үстану залалдары және оның үлыдержавалық астарлары. Қазақ мүддесін қорғаушылар - С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың жэне Ж. Мыңбаевтыц үстанымындағы теориялык-саяси мэселелер. Ф.И. Голощекиннің Алаш зиялыларына ымырасыз шабуылы. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін - қазақ үлтын рухсыздандырудың жэне мәцгүрттендірудің бастауы. Қазақстанды әкімшілік-территориялық аудандастыру - тоталитарлық басқаруга барар қадам. КСРО мен ҚазКСР Конституциялары - сөз бен істің қайшылығы. Қазак АКСР-ның одақтас республикаға айналуы.

Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдары. Қиыр Шығыстағы корейлердің Қазақстанға еріксіз қоныс аударылуы - адам қүқығының аяқасты етілуі. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси кызметі - түрік халықтарының рухани жаңаруына бағытталған елеулі қадам. Оның («Яш Түркістан». «Қеңестер билігіндегі Түркістан» ж.б.) енбектері.

Мәдениетте солақай жэне біржақты большевиктік түжырымдаманың үстемдік алуы - қазақтардың рухани қасіреті. Мәдениеттің үлттық негіздеріне көпе-көрнеу шабуылдауды өршіту. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализмнің біржақтылығы. Театр жэне музыка өнері. Қазақстан жазушылары мен композиторларының шыгармашылық қызметі. Мәскеудегі Қазақстан эдебиеті мен өнерінің он күндігі - үлт рухының өміршеңдігінің айқын көрінісі.

Кеңес өкіметінің білім жэне ғылым саласындағы реформаларындағы қайшылықтар. Сауатсыздықпен күрес. Білім беру жүйесінің қалыптасуы. Ағарту саласындағы қайшылықтар мен келеңсіздіктер. Қазақ тілінің араб алфавитінен латын жэне кириллицаға көшірілуі. А. Байтұрсынов бастаған топтың әліпби ауыстыруға қарсы эрекеті. Ғылым мен ғылыми мекемелердің дамуы. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасының КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы болып қайта қүрылуы.

        Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан. 1918 жылдың мамыр айында Антанта империалистік Чехословак корпусын бүлік шығаруға айдап салды. Бүлікшілер Сібірдің, Оралдың, Орта Еділ бойының және солтүстік-шығыс Қазақстанның бірқатар қалаларын басып алды. Ақ легионерлер жергілікті контрреволюцияның қолдауымен 27 мамырда- Челябіні, 31 мамырда- Петропавлды, маусымда- Көкшетауды, Ақмоланы, Омбыны павлодарды, Семейді, Қостанайды басып алды.

...

Скачать:   txt (124.1 Kb)   pdf (335.2 Kb)   docx (61.4 Kb)  
Продолжить читать еще 34 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club