Кеңестік идеология қазақ мәдениеті мен дәстүрлеріне әсері қандай болды ?
Автор: Torgyn Kadyrzhan • Апрель 22, 2023 • Реферат • 1,477 Слов (6 Страниц) • 652 Просмотры
[pic 1]
Пәні : Қазақстан тарихы
Тақырыбы : Кеңестік идеология қазақ мәдениеті мен дәстүрлеріне әсері қандай болды ?
Орындаған : Тлеген Гүлдана, Бизнес әкімшілік 22.207
Тексерген: Иманбекова Сабира
Алматы-2023
Кеңестік идеология қазақ мәдениеті мен дәстүрлеріне әсері қандай болды ?
Кеңестік идеологиясының қазақ мәдениетіне әсері оң және теріс болғаны мәлім. Яғни, кеңес дәуіріндегі Қазақстан өрледі де, құлады да. Осы бір кеңестік идеологияның ізі қазірде қалған. Оның көрінісін тіл жаңдайымызды талдау арқылы көруге болады. Ал енді жетістігіміз- сол заманда кеңестік дәуірдің озбырлығына, отаршылдығына көнбей, өз ұлтын оятуға талпыған ұлы зиялы қайраткерлеріміз және олардың қалдырған мұралары деп білемін.
Олар болмағанда “бұл жер, бұл ұлт, бұл тіл, бұл дәстүр қалмас па еді”- деген қорқыныш бойды тітіркендіреді.
Идеологияны жалпы сөз ретінде алсақ, ғылым секілді ақиқатқа негізделмеген, қайта нақты адамдар тобының немесе бір ұйымның, құрылымның, қоғамның мүдделерін қорғау мақсатын да құрылған үнемі насихатталуды қажет ететін идеялардың жүйесі. Енді, “кеңестік идеология Қазақстанда қалай жүрді ?” -деген сұраққа жауап берсек. Тоталитарлық саясат бұл халықтың тарихын, мәдениетін, ұлтын жабық қалдыруды көздеді. Ал оны дәріптегендерді, “ұлтшылдар” деп репрессияға душар қылдырды. Көптеген ұлт зиялыларымыз, Алаш қайраткерлері ату жазасына кесіліп, Сібірге айдалды. Міне, осылайша идеология бізді көрнекті тұлғаларымыздан айырды. Отандық тарихтағы ең қатал және жаппай кісі өлтіру кампаниясы нәтижесінде қазақ интеллегенциясының бетке ұстарлары: А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, О.Жандосов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, С.Асфендияров құртылған. Қазақстанда саяси қуғын-сүргін 40 және50- жылдары да жалғасты, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, А.Жұбанов, Е.Бекмаханов және басқалар соның құрбандары болды. Басқаша ойлау тоқырау жылдарында да қатаң қуғындалды сол кезеңнің шарықтау шегі көтеріліске шыққан жастарды аяусыз басуға, қатысушылар мен жанашырларын жаппай ату мен қуғын-сүргіндеуге айналған 1986 жылдың қанды желтоқсаны болды. Яғни, кеңестік деология өздерінің саясатын әрқашан ақтауға тырысты. Сондықтан қарсы шыққан интеллигенттерден құтылуды ойлады.
Ал мәдениетіміздің негізі болатын дінді Кеңес Үкіметі жоққа шығарды. Сол заманда мектеп парталарындағы оқушылардан бастап, белі бүкірейген қарттарға дейін “Дін-апиын” деген афоризмі күштеп енгізілді. Кеңестік идеологияның дін мәселесінде, оның ішінде діни танымға деген көзқарасы атеистік идеологияға негізделді. Кеңес Одағынын конфессиялық өмірінде қатаң құпиялық сақталды. Дінге қатысты құжаттар мен материалдар құпия мұрағаттарда ұсталды. Идеологияның зардабынан тақырыпты жан-жақты зерттеу зарар алды. Мысал ретінде 1920-1940 жылдардағы ислам дініне қарсы бағытталған саясат жүргізу барысында Кеңес Одағының мұсылман халықтары тек дін мәселесінде ғана емес, сонымен қатар, мәдениет, тіл және діл мәселесінде де орасан зор зардап шекті. Кеңестік идеология тұрғысынан дін мемлекеттен бөлек болатын болса, мемлекет істеріне араласпайтын болса, ондағы атеистік бағыт адамдар сенімінің еркіндігін біржақты шектеді. Ал атеистер терістеп отырған «Дін» сенімнің абсолюттік шегіне де шек қойылған. Діни таным атеистік көзқарас бойынша ғылыми емес таным болды. Ол ардың тұжырымдамасы бойынша ғылыми таным мен діни таным ол екі түрлі нәрсе. Дінмен идеологиялық күрестің тәжірибесі ғылыми принциптер мен партиялық басқарманың ұйымдастыру формаларын құрастырды. КОКП идеологиялық мекемелер мен ұйымдардың қызметін басқарды, сонымен бірге БАҚ-ы мен жергілікті халықтың ұстанған дініне байланысты идеологияның жүргізілуін де қадағалауда ұстап отырды.
...