Италияның бірігуінің алғышарттары және бірігуі
Автор: astana_samrat • Апрель 25, 2018 • Реферат • 9,874 Слов (40 Страниц) • 2,064 Просмотры
Италияның бірігуінің алғышарттары және бірігуі
Мазмұны.
Кіріспе
І тарау. XIX ғасырдың І жартысындағы Италия.
1.1. XIX ғасырдың І жартысындағы Италияның саяси картасы және Италияның бірігуінің тарихи алғы шарттары.
1.2. 1848-1849 жылдардағы Италиядағы ұлт-азаттық қозғалыстың және революцияның елдегі саяси жағдайға ықпалы.
ІІ тарау. Тәуелсіздік үшін күрестің алғашқы кезені
2.1. Бірінші тәуелсіздік үшін соғыс және итальяндық ұлттық ағымның қалыптасуы. Д. Мадзини, Д. Гарибальди, Б. Кавур.
2.2. 1853 жылғы Миландық көтеріліс және Австрия соғысы. Революциялық қозғалыстың Италияға таралуы.
ІІI тарау. Италияның бірігуінің аяқталуы
3.1. 1860 жылғы Плебисцит және Итальяндық корольдіктің құрылуы. Италияның бірігуі кезіндегі Рим папасының саясаты және «папалық мәселенің» шешімі.
3.2. 60 жылдары Итальяндық мемлекеттің шоғырландыруы. Виктор Эммануил және Италияның бірігуінің тарихи маңызы.
Қорытыңды
Пайдаланғаң әдебиеттер
Кіріспе
Италиядағы ұлт–азаттық қозғалыстың кезеңінде таптық күрестің жағдайы және қозғалысқа демократиялық күш пен бұқара халықтың қатысуы ғылыми әдебиетте және тарихшылардың конгресінде айтарлықтай өзара үлкен талас – тартысқа алып келді. Сонымен қатар бұл талас – тартыс Италия бірігуінің және идеологиялық күрестің бір заты ретінде болды. Рисорджименттің кешендік проблемасының жеке аспектісі осы күнге дейін әлі жеткіліксіз зерттеліп отыр.
Итальяндық марксистік тарихи әдебиетте былай деп жазылған: Рисорджимент дәуірінде әлеуметтік қозғалыс және таптық күрес әлі де болса аз зерттелген. Бұл жалпы Италияның бірігуі қарсыңында айтарлықтай үлкен проблемалардың біріне айналып жатты. Срндай-ақ Рисорджиментте әр түрлі таптар мен партиялардың рольдері біздің уақытша айтарлықтай маңызды болды. Жалпы Италия бірігуінің маңыздылығын буржуазиялық тарихшыларда мойындады. Италия бірігу кезінде атақты итальян тарихшыларының Италия бірігушілігіне айтқан ой-пікірлері өте көп болды. Атақты ұлы итальян тарихшысы Р. Москати былай деп жазды: Жалпы Италияның бірігуі бүгінгі күнде біздің өмірімізде «зәру сұрағы» ретінде болып отыр. Рисорджимент кезеңінде бұқара халықтың күресі қазіргі заманғы Италияда өз маңыздылығын сақтап қалды.
Италияның бірігуінің қарсаңындағы итальяндық патриоттардың өз отанының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқасы, кейбір ұрпақтардың отан үшін деген патриоттық сезімін оятты. Сонымен қатар Италияның бірігуі қарсаңындағы итальяндық комунистік партияның негізін салушылардың бірі Антонио Грамши және Тальмиро Толятти болды. Бұл екеуі итальяндық комунистік партияның құрылуына айтарлықтай үлкен үлес қосты. Жалпы Рисорджименттің әр түрлі түсіндірілуі Италияның бірігуінің қарсаңындағы күресте пайда болды, яғни дәл осы кезде кеңінен байқала бастады. Рисорджимент кезінде итальяндық тарихнамада бастапқы бағыттар байқала бастады. Осы кезде 1848-1849 жылдардағы революциялар басталды. Бұл революция негізінен Италия ұлттық бірігушілікке жетпеген кезде басталды. Қозғалысқа қатысушылар, публицистер, тарихшылар елдің бірігу жолында, жалпы Италияның бірігуіне айтарлықтай өз үлестерін қосты. Дәл осы кезде Италияның бірігуінің қарсаңында нысапшы либералдар мен революцияшыл демократтардың арасында өзара күрестер жүріп жатты. Бұл кескілескен күрестер Итальяндық тарихнамада айтарлықтай үлкен тойтарыс берді. Италияның бірігуінің тарихи және тарихнамалық мәселелерінің бірі болып табылады. Мұнда негізінен Италияның бірігуінің қарсаңындағы таптық күрес пен ұлт – азаттық қозғалыс себептері көрсетілді.
...