Италияның бірігуінің алғышарттары және бірігуі
Автор: самрат аманжол • Апрель 24, 2018 • Контрольная работа • 1,551 Слов (7 Страниц) • 1,012 Просмотры
Италияның бірігуінің алғышарттары және бірігуі
Мақала Шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы курсы бойынша жазылған курстық жұмыс шеңберінде жазылды. XIX ғасырдың I жартысында Италия бүкіл Еуропа елдеріне, әсіресе, Англияға ең басты жібек шикізатын жеткізуші болды. Пьемонт пен Ломбардияда дворяндар мен егіншілердің бір бөлігі буржуазияланды: мұндай дворяндар өздерінің қоныстарында капиталистік шаруашылық жүргізді, әсіресе егіншаруашылық тәсілдерін, сонымен қатар басқа елдермен сауда-саттық қарым – қатынастарында азық – түлік өнімдерін жақсартты. Ломбардияда капиталистік арендаторлардың қолында болған ірі сүт – малшаруашылық фермерлерді нығайтты. Италияның солтүстік аймақтарында ауылшаруашылық жұмысшылардың еңбектері айтарлықтай кең көлемде қолданылды. Батрактар мен күндеп істейтін жұмысшыларды жиі- жиі жалдап отырды. Сондай-ақ Орталық Италияның өзінде буржуазиялық егіншілер мен ірі арендаторларды да жалдамалы жұмысқа алып отырды. Жалпы итальяндық ауылшаруашылығы товарлық өзгешелікке ие болды. Елдің кең облыстарында ең алдымен елдің Оңтүстігінде егін шаруашылығы интенсификациялық жолмен емес, ал крестьяндардың «эксплуатациялық» жолмен жүрді [1, 338].
Италия бірігуінің тарихи алғы шарттарына айтарлықтай итальян демократтары өз үлестерін қосты. 1855-1856 жылдардағы Венециядағы революцияның көсемі Даниелэ Манин демократтарға үндеу арнап, Италияны біріктіре алатын жалғыз мемлекет Пьемонт төңірегіне топтасу қозғалысына шақырды. Басқа демократтар, соның ішінде Джузеппе Гарибальди да бұл бетбұрысты қолдады. Бұлар үшін болашақ Италия республика бола ма, әлде монарх билеген мемлекет бола ма, бәрібір еді. Италияның бірігуі ең басты міндет деп есептеді. Осы қайраткерлер елді Пьемонт аясында біріктіру үшін құрылған «Итальяндық ұлттық қоғамның» қатарына қосылды. [1, 159].
1848 жылдың мамыр айында уақытша үкімет Ломбардияда Пьемонт пен Ломбардияны біріктіру мәселесін қарастырды. Бұқара халықтың көбі біріктіруге өз дауыстарын берді. Пьемонтты қосу жайындағы себептері Венецияда қабылданды. Осыдан кейін Пьемонт армиясының әскери операциялары тез қимылдар жасай бастады. 1848 жылдың 25 шілде айында Пьемонт армиясы Кустоццой түбінде Радецкийдің әскерінен жеңіліс табады. Шайқас жайындағы жаңалық революцияның шығуына түрткі болды.
1848 жылдың көктем айында олар Италия астанасының көшелеріне шығады. Олар әскери белсенді қозғалыстардың шығуына және қайта италияндық үкіметтерінің арнайы түрде шығуына жағдай жасады. Миланда ауқатты адамдар австриялықтарды үмітпен күтті. Олар тәртіп орнатады деп сенді. Бірақ уақытша үкімет абыржып қалды. Демократтар әсіресе мадзинистер өз еркімен саясат жүргізуге шешім қабылдап, «қоғамдық сақтау комитет» құрды [1, 226].
Италияны біріктіру мәселесінде Кавур жаңа көзқарас білдірді. Ол Италия өз-өзінен біріге алмайды, Англия мен Францияның көмегі қажет деген пікірде болды. Сондықтан да Пьемонт 1853-1855 жылдардағы Қырым соғысына Англия мен Франция жағында қатысуға мәжбүр болған еді. Алдағы міндет – осы державалар көмегімен Италияны езуші австриялықтарды қуу, азаттыққа жол ашу болды. 60 жылдың басында біріккен Итальян корольдігін құру жоспары граф Кавурға қауіпті де қиялшыл іс сияқты көрінді. Және оның ойлары көпшілік Пьемонттың помещиктермен буржуалардың Савой әулеті басшылығымен Слотүстік Италия корольдігін құру жоспарымен сәйкес келмеді. Бірақ 1855 жылы Англия мен Франция Пьемонтты Ресеймен соғысқа араластырды. Бұл жағдай 1856 жылы Кавурдың «Париж бейбіт конгрессіне» қатысу, құқығына айтарлықтай иеленуіне жол ашты [1,106].
Италия бірігу тарихнамасының дамуына Антонио Грамшидің еңбектері айтарлықтай үлкен ықпалын тигізді. Атақты итальян тарихшысы П. Толяттидің айтуы бойынша Грамшидің еңбектерінің көбі бүкіл Италия және итальяндықтардың бірігушілдігіне арналған. А. Грамши
...