Ежелгі Ассирияда мемлекеттердің қалыптасуы мен отаршылдық саясаты және мәдениеті
Автор: Akzhunis03 • Февраль 8, 2021 • Лекция • 3,393 Слов (14 Страниц) • 1,234 Просмотры
3. Семинар
Ежелгі Ассирияда мемлекеттердің қалыптасуы мен отаршылдық саясаты және мәдениеті Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы. Табиғат жағдайы мен шаруашылығы. Қоғамдық құрылысы. Ассирия мемлекетінің құрылуы. Ашшур қала-мемлекеті. Ассирияның отаршылдық саясаты. Ассирияның гүлденуі мен мәдениеті.
Б.э.дейін II мың жылдықтың аяғы мен I мың жылдықтың бас кезінде Таяу Шығыста Алдыңғы Азияньң және Солтүстік – Шығыс Африканың бірқатар елдеріне ықпал жасап турған жаңа держава Ассирияның ролі мейлінше артады. Ассирияның өрлеуіне одан да ертеректегі ежелгі мемлекеттер: Шумердің, Аккадтың, Вавилонияның, Египеттің және Хетт патшалықтарыньң бір - бірімен бітіп болмайтын соғыстар жургізуі және бұл мемлекеттерде мулік теңсіздігі күшейіп, негізгі тұрғын халықтың жоқшылыққа ұшырауы себепті ішкі бүлікшіліктердің көбеюі салдарынан әлсәреулерә мен құлдыраулары мумкіндік берді.
Кейінірек алға кеткен, неғұрлым жас әрі мықты құл иеленуші мемлекет — Ассирия қолайлы жағдайды пайдаланып Таяу Шығыс әлемінің елеулі бөлігін, аз уақытқа болса да, біріктіре алды.
Ежелгі Ассирия – Урарту, Вавилон, Мидия елдерімен соғыс жүргізді. Оны табиғи ресурстарға бай аймақ – Шығыс Жерорта теңізі қызықтырды. Тир, Дамаск және т.б. ірі қалалар арқылы халықаралық құрлықтық және теңіз сауда жолдары өтіп жатты. Бұл аймақтың бағындырылуы Азиядағы, Жерорта теңізі мен Мысырдағы жаңа аулаушылық жорықтарға жол ашатын. Ассирия Парсы шығанағынан Ніл өзеніне дейінгі кең-байтақ империяның орталығына айналды.
Б.з.д. XVII ғ. Ассирия өрлеу кезеңін басынан кешірді. Металл мен ағаштың тапшылығы, жерлерді басып алу және құл иелену талпынысы ассириялықтарды соғыс жүргізуге итермеледі. Сонымен бірге олар қолайлы сауда жолдарына бақылау орнатуға мүдделі болды.
Ассирияның әскері жаяу әскерден, салт аттылар мен қос дөңгелекті арбалардағы жауынгерлерден тұрды. Қару-жарақ қоладан, темірден жасалды. Барлау қызметі де табысты жұмыс атқарды. Бізге жеткен мәліметтер бойынша, әскер саны 120 мыңға дейін жеткен. Ассирия патшалары жеңілген халықтарға аса қаталдықпен қарады. Держава кеңейді, оны тиімді түрде басқару қажеттілігі туындады. Барлық билік патшаның қолына шоғырланды. Мемлекеттің халқы бірқатар ауыр салықтар төлеуге міндеттелді. Жаулап алынған аумақтар провинцияларға бөлінді. Оларды әкімдер мен шенеуніктер басқарды. Суландыру жүйесінің жетілдірілуі, жаңа еңбек құралдарының қолданысқа енгізілуі жүзім шаруашылығының, бау-бақша кәсіптерінің дамуына әсер етті. Мал басының саны да арта түсті. Металлургияның дамуы жолға қойылды.
Ассирияның табиғат жағдайы. Ассирия державасының ұйытқысы – Тигрдің орта ағысы мен оның салалары Үлкен және Кіші Забтың бойындағы шағын территория болды (осы заманғы Ирактың солтүстік шығыс бөлегі). Солтүстігінде ол Армян қыратына дейін жетіп, шығысы мен солтүстік шығысында Загрос жотасына тіреледі, оңтүстігінде Вавилониямен шектесті, ал батысында далалар мен шөл далалар басталатын, оларды басып оңтүстікке қарай меридиан сызығы бағытымен Тартардың тұзды ағысы өтетін де, ал Ефратқа жетпей, батпаққа сіңіп жоғалып кететін. Бұл онша көлемді емес, адыр – бұдыр аңғар жаңбырмен және екі ұлы өзеннің төменгі сағасына қарағанда бұл жерлерге қыстың күні әлдеқайда кеп түсетін қар суымен суарылатын. Қыстың күні мол жауатын қар көктемде еріп, суы қолдан жасалған су қоймаларына жиналатын да, жазғы ыстық айларда қажетке жаратылатын.
Суы толған кезде қатты көтеріліп, біртұтас суландыру жүйелерін салуға мүмкіндік беретін Тигр мен Ефрат бассейнінің оңтүстік бөлігімен салыстырғанда мұндағы өзен суларының маңызы әлдеқайда кем еді.
Ассирияның шаруашылығы дамуы үшін оның тасқа, кенге және ағашқа бай таулы аймақтармен шектесіп жатуының және Иран мен Қосөзеннен Арменияға, Кіші Азияға және Жерорта теңізі елдеріне апаратын төте жолдың үстінде жатып, географиялық орнының қолайлы болуының маңызы зор болды.
Ассирия өз атын Тигрдің оң жақ жағасында тұрған ежелгі Ашшур қаласынан алды. Бірнеше ғасырлар бойы ол әскери қуаты аз болғандықтан өзінен неғұрлым күшті көрші мемлекеттерге жиі тәуелді болып келген шағын мемлекеттің астанасы еді. Оның келешекте аса үлкен, жырқыш, басқыншы державаға айналатынын ұзақ уақыт ешкім білген жоқ.
...