Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы
Автор: Aidazhakyp • Март 10, 2020 • Контрольная работа • 3,123 Слов (13 Страниц) • 4,099 Просмотры
Түркісіб ауданы №76 Жалпы білім беретін мектеп
Өзіндік жұмыс
Тақырыбы: Дәстүрлі қазақ қоғамы:
этникалық құрылымы және
әлеуметтік ұйымдасуы
Орындаған: Жакып Аида
Тексерген: Жусупова Гульмира Құрақбаевна
Сыныбы:10«Ә»
Алматы қаласы
2019-2020 жыл
Мазмұны
1.Кіріспе.................................................................... 3бет
2.Негізгі бөлім.......................................................... 4бет
А)............................................................................... 4бет
Ә)............................................................................... 5бет
Б)................................................................................ 9бет
4.ПӘТІ........................................................................ бет
5.Көрнекіліктер......................................................... бет
6.Қорытынды............................................................. бет
Кіріспе
Бұл тақырыпта біз қазақ этносының қалай қалыптасқанын, қандай ру тайпалардан құралғанын, жалпы барлығымыз білетін шежіренің осы этносқа қандай қатысы бар екенін, ру-тайпалық ұйымның, ұлыстар мен жүздердің бір-біріне қандай қатыстары бар екенін, олардың біздің қазақ халқының тарихына қандай үлес қосқанын білетін боламыз.
Сонымен қатар қазақ халқына жүз болып бөлінудің не пайдасы барын, ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз қандай ру тайпалардан тұратынын, олардың қай жерлерді мекен еткенін білетін боламыз.
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ қоғамы иерархиялы ұйымдастырылған әлеуметтік құрылым болғанын барлығымыз білеміз. Оның басында хан отырғанында білеміз, одан кейінгі сатылардың кімдерге тиесілі болғанын қазір естіп білесіздер. Және олардың қандай қызмет атқарғанын, халыққа қандай жаманшылық еткенін, оны қандай жақсылықпен өтегенін білесіздер.
Негізі бөлім
А) XV ғасырдың ортасына қарай қалыптасқан қазақ этносы өзара байланысты көптеген ру-тайпадан құралды. Қазақ ру-тайпалары шежіре арқылы біріктірілген.
Шежіре.Шежірелік дәстүр ел арасында ауызша аңыздар түрінде өмір сүрді. Шежіреде рулардың шығу тегінің бір екендігі және біртұтас туыстық жүйеге жататындығы көрініс табады. Шежіре, (арабша шаджарат — бұтақ, тармақ) — тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Сондықтанда шежіре бағалы тарихи дереккөз болып табылады.
Ру-тайпалық ұйым – көшпелі қоғамның негізгі белгісі. Шежіре айту дәстүрі бар ру-тайпалық ұйым кез келген көшпелі қоғамға тән. Рулар мен тайпаларға бөліну көшпелілердің қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарады. Рулар мен тайпалар – патронимиялар, яғни ер адам жағынан ататегі ортақ топтар. Шежіре қатаң түрде әке жағынан есептеліп, баладан әкеге қарай отыз және одан да көп ұрпаққа дейін айтылады. Сондай-ақ патронимиялар иерархиясы үлкен және кіші, басты және жанама болып бөлінуі мүмкін
XVIII-XX ғасырлардың бас кезінде қазақтардың арасында жүзге және ру-тайпаларға бөліну одан әрі жалғаса берді. Қазақ халқы үш жүзден тұрды. Олар - Кіші жүз, Орта жүз және Ұлы жүз. Әр жүз бірнеше руға бөлінді, ал рулар өз кезегінде қыруар көп рулық аталықтарды біріктірді. Мұның өзі ру халқы санының өсе түсуіне байланысты болды. Қазақтардың көшпелі өмір салтының өзі де осыны қажет етті. Әр жүздің айқын белгіленген өз аумағы болды. Мәселен, Ұлы жүз қазақтары ежелгі дәстүр бойынша Қазақстанның Оңтүстік-шығыс және Оңтүстік аймақтарын мекендеді. Орта жүздің үлесін Орталық, Солтүстік және Солтүстік-шығыс Қазақстанның өңірлерін құрады. Ал Кіші жүз бүкіл Батыс Қазақстан аумағында көшіп-қонып жүрді. Қазақтардың рулық бірлестіктері олардың этнос ретінде қалыптасуы мен бірлесе өмір сүруіне мүмкіндік берді. Олардың саяси ұйымы рулардан шежірелік сатылары түрінде құрылды. Атаулары айтып тұрғандай , жүздердің өзі сатылардан тұрады. Беделді рулар қазақ мемлекетінің жетекшілері ретінде әрекет етеді. Әскери қауіп төнгенде, жүздер бір ханның басшылығымен ұйымдасып, ортақ әскер шығарады. Бейбіт уақытта олар барлық мәселені жүздің ішінде, қажеттігіне қарай жалпы жиналыс – құрылтай шақыра отырып шешуге тырысты.
...