Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанға әсері

Автор:   •  Сентябрь 26, 2020  •  Эссе  •  613 Слов (3 Страниц)  •  1,516 Просмотры

Страница 1 из 3

Жұмыстың түрі:Эссе

Тақырыбы: Бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанға әсері.

Жоспар:

1.Ресей империясының ішкі губернияларынан көші қон ағынының дамуы.

2.Бірінші орыс революциясы

3.Өнеркәсіптің біртіндеп дамуы:Теміржолдардың салынуы.

4.Бірінші Мемлекеттік дума.

   Екнші Мемлекеттік дума.

5. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің ұлттық идеялар мен қазақ халқының мүдделерін ақиқат жолымен көрсете бастауы.

6.Менің қорытынды ойым.

       Ең алдымен өз жұмысымды 1897-1917 жылдары болған басты мәселеден бастағым келеді. Бұл жылдар арасында қазақ өлкесінің әлеуметтік экономикалық өмірінде біршама өзгерістер болды. Оған бір басты себеп Ресей империясының ішкі губернияларынан көші-қон ағынының басталуы. Бұл кезеңде қазақ халқының демографиясының өсуіне қарамастан, қазақ халқының үлес саны біршама азайған болатын. Оның дәлелі XIX  ғасырдың соңында өткізілген Бірінші жалпыға бірдей санақ. Санақ бойынша,қазақтары басым облыстарда табиғи өсімнің едәуір төмен болғандығы көрінеді: Жетісуда - 25,7%, Сырдарияда - 25,6%, Оралда – 20%, Семейде - 15,6%. Сөйтіп, Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, украиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан жаппай қоныс аударуының қатты әсер еткендігін аңғаруға болады.

      1905-1907 жылдар аралығында Бірінші орыс революциясы болды. Бұл жайт қазақ халқын айналып өткен жоқ. Оған басты себеп-патшалықтың аграрлық саясаты, сонымен қатар ғасырдың басында орын алған Қазақстанға шаруаларды жаппай көшіру саясатының шарықтау шегіне өткені болатын. Аграрлық саясаттың негізінде 1853-1905 жылдар аралығында 4 млн десятина жер тартып алынса, 1917 жылға дейін жалпы 42 млн десятина жер тартып алдынды.1905-1907 жылдардағы революция кезеңіндегі Қазақстандағы көтерістер мен ереуілдер, шаруалардың сөйлеген сөздерінің бәрі жерді жаппай алуға байланысты наразылықтарының көрінісі.

       Алайда, революцияның жақсы да жаман жақтары болды. Сол жақсы жақтарының бірі- ол өнеркәсіптің бір түрі теміржолдардың салынуының артуы. Егер 1901-1905 жылдары теміржол желісінің бастысы Орынбор-Ташкент желісі ғана болса, революциядан кейін Алтай, Жетісу жолдары салынуы қолға алынды. Теміржолдардың салынуына байланысты өлкенің шаруасы да дами бастады.

      Келесі бір маңызды жайттардың бірі мемлекеттік думаға қазақ зияларының сайлануы. 1905 жылы 6 тамызында Бірінші мемлекеттік дума өткен болатын. Оған барлығы 9 депутат сайланды, оның ішінде қазақ халқының мүддесін қорғауға Ә.Бөкейханов, А.Бірімжанов, А.Қалменов және Б.Құлманов сайланды. Алайда бірінші мемлекеттік дума 72 күннен кейін таратылған болатын, олардың ең басты талқыланған құжаты аграрлық мәселеге байланысты еді. Екінші Мемлекеттік Думаның сайлануына келер болсақ, ол 1905 жылдың 6 тамызындағы және 11 желтоқсанындағы сайлау заңдары негізінде өткізілді. Думаға Қазақстаннан 14 депутат, олардың 6-ы қазақ ұлтының өкілдері болды: Ш.Қосшығұлов, Х.Нұрекенов, Б.Қаратаев, А.Бірімжанов, Т.Алдабергенов, М.Тынышбаев сайланды. Негізгі пікір тартысын тудырған мәселелердің бастысы аграрлық және қоныс аудару мәселесі болды. 1907 жылы 17 мамырда депутаттық сайуалға байланысты жарыссөзде депутат Б.Қаратаев сөйледі. Ол өзінің сөзін қазақ халқы үшін ең маңызды іске айналған жер мәселесіне арнады,сонымен қатар өз сөзінде Ресей патшалығының отарлық саясатының барлық жақтарын әшкереледі. Б.Қаратаев орыс халқының еңбекші бұқарасы мен зиялы қауымын қазақ елінің осындай ауыр жағдайына көңіл аударуға шақырды. Алайда,патша үкіметі Бірінші Думаны сияқты 1907 жылдың 3-маусымында шығарған заңымен екінші Мемлекеттік Думаны да таратып жіберді.

...

Скачать:   txt (8.5 Kb)   pdf (74.9 Kb)   docx (9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club