Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Батыс тарихнамасындағы ғұндар тарихының мәселелері

Автор:   •  Июнь 17, 2022  •  Курсовая работа  •  4,659 Слов (19 Страниц)  •  263 Просмотры

Страница 1 из 19

                                          КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқының қалып тасу және даму тарихи өте ұзақ және мыңжылдықтарға созылған ұзақ процесс болып табылады. Көне сақ тайпаларынан бастап қазақ хандығы қалыптасқанға дейін қазақ мемлекеттілігі қалыптасу дәрежесінде болды.

Осы ұзақ процесс кезінде қазіргі Қазақатанның және оның шектерінен тыс жерлерді жайлап жатқан көп мемлекеттік құрылымдардар болды, олар өз кезінде дамудың этолоны бола отырып, өздерінен кейінгі басқа құрылыммен тарихи заңдылыққа сәйкес ауысып отырды.

Тарихта өзінің күш-қуатына қарамай атын жойған тайпалар да болған. Оларлың бірі — ғұндар болып табылады.

Ғұн империясы өз кезіндегі ең мықты империя болды. Және оның территориясы орасан үлкен жерлерді басып жатты.

Тақырыптың тарихнамалық зерттелу деңгейі: Жоба тақырыбы ғұндар тарихының тарихнамасына арналған.Біз бұл жұмыста ғұндар тарихына қатысты әр түрлі жазба деректерді,тарихшылардың еңбектерін жан-жақты талдаймыз.Негізінен ғұн империясының құрылуы жөнінде көбінесе қытай жазбалары мардымды ақпар қалдырған болатын.Кеңестік тарихшылардан К.А.Инастранцевтің еңбектерін атап өтуге болады.Ол ХVIII ғ. бастап өзіне дейінгі ғұндар мәселесімен айналысқан тарихшы ғалымдардың еңбектеріне талдау жасап өз еңбегіне арқау етеді.Соның ішінде ХVIIIғ. бастап хуннология мәселесімен айналысқан француз миссионерлерінің еңбектерін тарихи сыннан өткізеді.18ғ қытай,маньчжур тілдерін жетік білген Гобиль де Майя ежелгі дүниедегі шығыстық тайпалар жөнінде өз саяхатында бірнеше материалдар жинаған болатын.19ғ. Еуропалық шығыстану саласының көрнекті өкілдері-Э.Шабан,Паль Пелью,Алри Корьбе,Ренс Груссе сынды тарихшылардың барлығы ғұн тарихына тоқталып өткен болатын.

Ғұндар тарихының зерттелу тарихнамасына көп көңіл бөлген белгілі ғалым Л.Н.Гумилев 1960ж. жарық көрген еңбегінің кіріспе бөлімінде ғұндар мәселесіне тоқталған болатын.Оның ғұн тарихына арналған атақты еңбегі «История народов хунны».Бұл еңбегінде ғұн империясының пайда болу тарихын,басқыншылық жорықтарын,көшпелі мәдениетте қандай орын алатындығы жөнінде дерек келтірген.

Отандық тарихшыларданда ғұн мәселесін қарастырған тарихшылар аз емес.Солардың ішіндегі ғұн тарихнамасын зерттеуде көп үлес қосқан белгілі тарихшы-ғалым Қ.Т.Жұмағұловты атауға болады.Ғалым ғұндар тарихнамасын европалық кезеңдегі мәселесінен бастап,қазіргі таңдағы ғұндар тарихындағы шешілмей келе жатқан проблемалармен аяқтайды.

Тақырыптың тарихнамалық маңызы:Ғұндар тарихын толықтай зерттеу арқылы Қазақстанның ежелгі кезеңін жан-жақты қарастыра аламыз.Ғұн тарихнамасы қазақ тарихнамасының ажырамас бөлігі болып табылады.Сондықтан да бұл кезеңнің беймәлім тұстарын зерттеу біз үшін маңызды болып табылады.

І ТАРАУ.ҒҰН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ

1.1 Тарихи әдебиеттердегі ғұн мемлекетінің пайда болуы.

Біздің заманымызға дейінгі 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азия жерін мекендеген тайпалық бірлестік ғұндар деп аталды. Олар көшпелі, жауынгер халық болған. Ғұндардың кезінде патриархалды-рулық қарым-қатынастық белгілері өте күшті болды. Ғұндар ішінара 24 руға бөлінген және әр рудың басында ағамандар тұрған. Сол уақытта ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Сонымен бірге, ғұндар әскери тұтқындардан тұратын құлдар ұстаған.

Бір қызығы, ғұндар ер азаматтардың барлығын қатардағы жауынгер деп саналған. Жазба деректерде ғұндар билеушісінің шаньюй деп аталғаны көрсетілген. Елді шаньюй билесе, олардан кейін түменбасылар тұрған.

Ғұн мемлекеті б.з.д. III ғасырда көшпенді ғұн тайпаларын біріктірген Мөде хан кезінде Еуразиядағы ең мықты мемлекет болды. Тарихи деректерде, б.з.д 209 жылы Мөде хан әкесін өлтіріп, таққа өзі отырған делінеді. Мөде хан билікке келгелі ғұндар қатты күшейіп, аумағын кеңейте бастайды.

Жазба деректерге сүйенсек, ғұндар біздің заманымызға дейін 188 жылы қытай императоры Гао-Диды бағындырып, содан хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұруға мәжбүр болған. Тарихта жауынгер халық ретінде аты қалған ғұндар бұдан басқа юечжи, ловфань, байянь, үйсін тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алып, үстемдік еткен [1,93].

...

Скачать:   txt (65.6 Kb)   pdf (184.5 Kb)   docx (29.3 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club