Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі патриархалды қоғамның дағдарысы

Автор:   •  Декабрь 23, 2022  •  Эссе  •  260 Слов (2 Страниц)  •  230 Просмотры

Страница 1 из 2

Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі патриархалды қоғамның дағдарысы

Жалпы адамзат тарихында алғашқы қауымдық құрылыс кезінде де және одан кейінгі әлеуметтік құрылымдар кездерінде де екі түрлі билік басымдылығы болды. Оның бірі матриархат болса екіншісі патриархат.

Автордың айтуынша алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде, қауымда бастапқыда әйел адамдардың рөлі ер адамдарға қарағанда үстем болған. Қоғам өмірінде әйел үстемдігінің орнауы олардың дүниеге ұрпақ әкелудегі табиғи қызметіне, полигамия (көп некелік) қатынастарға және тұрмыс-тіршілік пен үй шаруасының ұйтқысы ретіндегі рөліне тікелей байланысты болды. Патриархалды қоғамның дағдарысына осы факторлар әсер етті.

Мен автордың пікірімен келісемін. Себебі расында да алғашқы қауымдық уақыттарда әйелдер міндеттері ерлердікіне қарағанда анағұрлым жоғары болды әрі көп еңбекті талап етті. Алайда патриархалды қоғам дағдарсына әсер еткен жайттардың бірі, бұл алғашқы қауымдық кезеңде неке-отбасылық жүйенің дұрыс қалыптаспауы болды деп санаймын. Яғни бала туылған жағдайда оның әкесінің кім екені белгісіз болғандықтан, ұрпақтың тегі мен бастауы анадан есептеліп таратылды. Бұл жағдай да патриархалды дағдарысқа себеп болды.

Ежелгі қауымдарда әйелдер мен балалар егіншілік және үй шаруасымен айналысса, ерлер аңшылықпен айналысқан.Алайда мұз басу дәуірінен соң көптеген ірі аңдар жер бетінен жойылып кетті. Бұл аңшылық процесін біраз қиындатты деуге болады. Осындай жағдайда қауымда ерлер рөлі қайта түсіп, үй шаруашылығымен және егін егумен айналысатын әйел адам рөлі қайта күшейді.Себебі әйелдердің еңбектері көбірек өнім берді.

Алайда матриархаттық құрылыс неолит дәуірінің соңына қарай әлсірей бастады. Оған себеп болған өндірістік қатынастардағы сапалық өзгерістер: мал және егін шаруашылығыкен өндіру мен металл өңдеу (мысқалайы) ісінің қалыптаса бастауы болды. Бұл өндіріс салалары ер адамның күшін мейлінше қажет етті. Сонымен бірге осы кезеңде моногам. (дара некелік) қатынастар орнай бастады. Осы аталған қоғамдық үрдістер матриархаттың патриархатпен (аталық ру) алмасуына негіз болды

...

Скачать:   txt (3.7 Kb)   pdf (36.8 Kb)   docx (8.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club