Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алғашқы мұнай өнімдерінің табылуы

Автор:   •  Февраль 12, 2018  •  Реферат  •  3,605 Слов (15 Страниц)  •  1,153 Просмотры

Страница 1 из 15

Жоспар

Кіріспе......................................................................................................................3

Негізгі бөлім:

1. Алғашқы мұнай өнімдерінің табылуы........................................................4

2. Мұнай туралы тарихи деректер...................................................................5

3. 19-20 ғасырдағы мұнай өнімдерінің игерілуі.............................................8

4. Мұнай – Қазақстанның негізгі шикізат көзі.............................................12

Қорытынды............................................................................................................15

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстанның мұнай саласының даму тарихы тереңде жатыр. Мұнай орындары өзіндік ашылу тарихы, орналу орындарымен ерекшеленеді. Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығында көлкіген мұнай кені бар екені ерте заманнан белгілі болған. Тіпті сол кездің өзінде−ақ жергілікті көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан қимайды, мұнайды сүзіп алып, түйенің немесе адамның теңге қотырын емдеуге қолданған. Бірақ қазақтар бұл үлкен қазынаның жер бетіне шығып жатқан шеті ғана екенін білген жоқ. XVIIIғ. мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында Жайық пен Жем өңірінде жер қойнауын зерттеушілердің пайда болғаны белгілі. И. Лепехин /1768/, П. И. Рычков /1772/, П. С. Паллас /1773/, С. Г. Гмелин /1785/, Г. Гельмерсен /1836/, тағы басқалары Атыраудың географиялық жіне топографиялық құрылымына, су қорлары мен кен байлықтарына қысқаша геологиялық сипаттама берді. зерттеушілердің осы алғашқы деректерінің ғылым үшін пайдасы зор болды Халықта Әукетай-Шағыл ауданындағы (Орал-Жайық өзен аралығында) «Киелі от туралы» аңыз сақталды, кейін белгілі болғандай, ол жанатын газдың шығуына арналыпты. ХІХ ғасырда атақты діни қызметкер және емші Мәтенқожа малдың қотыры мен адамдардың тері ауруларын Ойыл өзенінің төменгі ағымындағы құмның астынан шығатын қара маймен емдепті. Жібек жолымен Қытайдан Үндістанға жүрген сауда керуендері арбаларының дөңгелектерін жағу үшін Зайсан ойысындағы Қарамай шатқалында жиналып қалған қара майды пайдаланғаны туралы саяхатшылардың естеліктері де сақталды. Мұнай туралы тарихи мәліметтер бұнымен шектелмейді. Майтөбе (масляный холм), Қараарна (черное русло), Майкөмген (место захоронения масла), Қарашүңгіл (черная впадина), Жақсымай (хорошее масло), Қарамай (черное масло), Қаратоң (черный затвердевший грунт), Мұнайлы (нефтяное) және басқалары сияқты көптеген орографиялық және гидрографиялық объектілер: шатқалдардың, бұлақтардың, құдықтардың және т.с.с. қазақша атаулары соған айғақ..

Батыс Қазақстанды зерттеушілер Маңғыстау түбегіне қатты назар аударды. Зерттеулер 1864 жылы М.И.Ивановтың экспедициясы Маңғыстау түбегінде мұнайдың алғашқы белгілерін тапқанда басталды. 1887 жылы Н.И.Андрусов, М.В.Баярунас геологтары маршруттық түсіруге кірістіАтырау өңірін алғашқы зерттеушілердің бірі – Н. А. Северцов. Ол 1860 жылы «Горный» журналына қазіргі Доссор маңы туралы есебін жариялайды. Онда «Бұл жердің мұнайы су бетіне қалқып шығып жатады екен» – деп жазады. Біздің осы өлкемізде 1874 жылы инженер Д. В. Кирпичников келіп, бірнеше кен орындары жайлы пікір қалдырды. Мысалы, әлгі Доссор кені жайлы мынадай тұжырым жасады: «Бұл жерде мол мұнай қоры бар екендігіне күмән жоқ. Бірақ тұщы суы тапшы, қатынас жолы қиын, тұрғын халқы, шабатын шөбі жоқ. Бұл байлықты пайдалану өте қиынға соғады». Ол тұста бұл аса мәнді болжамға ешкім назар аудара қоймайды. Бұдан кейін де Атырауға бірнеше этнограф ғалымдар мен экспедициялар келеді. 1899 жылдың қараша айында Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңындағы №7 ұңғымадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім берді. Бұл бүгіндері дүние жүзіне мәлім болған

...

Скачать:   txt (46.1 Kb)   pdf (77.7 Kb)   docx (24.2 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club