Алаш қозғалысының тарихи маңызы
Автор: Шоқан Абайұлы • Март 16, 2022 • Доклад • 514 Слов (3 Страниц) • 367 Просмотры
Алаш қозғалысының тарихи маңызы
"Алаш", иә бұл сөзді естіген әрбір қазақ баласының санасына келетін ең бірінші асыл ой, ол Отаны, яғни Қазақ елі.Қазіргі таңда Қазақстан мемлекеті болып қалыптасуымыз бекер емес, оның да өзінің бір ерекше ұмытылмас асыл тарихы бар. Нақтырақ тоқталатын болсам біздің осы күнге жетуіміздің, тәуелсіз де бейбіт елде өмір сүруіміздің бірден бір себебі, ол кешегі асыл ата бабларымыздың ізін жалғаған, отанымыз үшін жандарын қиған, елім деп ерен еңбек еткен жандардан құралған Алаш партиясы деп білемін. Осындай партия оңай жолмен құрылған жоқ оған әсер еткен Алаш қозғалысы.
Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың басындағы Ресейліктердің отарлық билігіне қарсылық мақсатта құрылған ұлтық-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейдің билігі басым бола түсуі, Ресейден көшіп келгендердің көбейуі, еліміздің құнарлы және пайда қазбаға толы жерлерді өздерінің мақсаттарына қолдануы ақырындап орындала бастады. Сол кезеңде ендігі қазақ жерін қалай болсада мүмкіндігінше сақтап қалу мәселесі туындады.Бірақта енді зияны тиетін қан тқгіс жолмен емес ақылмен мықты ойды талап ететін жолмен саяси күресетін жол қажет еді. Осы кезеңде орыстарға ұтылмау мақсатында қазақ елінің тағдыры мен болашағы үшін тәуекелге бел буып қазақтың алтын асықтарының әрекеттері Алаш қозғалысының бастамасы болды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтардай тау қопарар қазақ ойшылдарының жетекшілігімен ұлттық зиялылар өз ұлтының азаттығы үшін саяси күрес жолдарын домалата бастады.
Алаш зиялыларының басы болып есептелетін осындай тұлғаларымыздың әрқайсысы мемлекетті басқаруға қабілеті айқын жететін еді. Біздің тарихымызда Алаш арыстарындарының орыны сол себепті де бөлек және ерекше. Олар қазақ елінің ежелден бері тоқтаусыз дамып келе жатқан, салт-дәстүрін, әдет ғұрыпын қан төгіспен құртуды емес, қайта оларды басқада мықты елдердің өркениеттерін естеріне ала отырып, одан әрі дамытуды және білім алып,саналы ұрпақтардан құралған біртұтас ел болып көппен терезе теңестіруді, алдыға мақсат қылуды көздеді. Ең алдымен қазағымыздың өз отынына емін еркін қожа болуды көдеді. Сол жолда талмастан күресті. Сонымен қатар елге сауатты білім алып келу жолының басында тұрғандар да солар болды. Алаш зиялылары елшілдік пен Отанға деген адал қызмет етудің символдары. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат жүргізу жұмыстары үшін газеттер, журналдар, кітаптар шығаруды қолға алды. 1911 жылдары «Айқап» журналы, 1913 жылдары «Қазақ», одан кейін «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызметін атқарды. Сондағы Алаш қозғалысының басты көздегені - қазақ елінің өзін- өзі билеу және біртіндеп тәуелсіз мемлекет құру, қазақ жеріне көшіп келуге шектеу қою, адам құқығын қорғау, қазақ тілінің абыройын көтеру жолындағы күресі болды. Алаш қозғалысының арқасында 1917 жылы қазақ басшылары, Түркістан автономиясы мен Алашорда үкіметін құрды. 1917 жылы дүние есігін ашқан бұл саяси құрылымдар қарсыластар тарапынан күшпен таратылып алынды. Алаш қозғалысының барлық қолдаушылары мен құптағандары ауыр жазаларға ұшырап, өлім жазасына кесілу туралы үкімге ілінді. Бірақ Алаш қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрестен бірден қаша қойған жоқ. Одан кейін ұлт-азаттық жаңа түрде Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев сынды зиялы ойшылдар қызметінде жалғастырды. Алайда сол кезеңдегі жауыздар оларды да жаппай жазалай бастады. Сөйтіп, Бірінші орыс төңкерісінен бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30-жылдарға дейін жалғасты.
...