Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алаштың арысы, қоғам қайраткері – А.Байтұрсынов

Автор:   •  Ноябрь 13, 2021  •  Реферат  •  4,641 Слов (19 Страниц)  •  1,365 Просмотры

Страница 1 из 19

І Кіріспе

       Зерттеудің өзектілігі. Ахмет Байтұрсынов – ақын, ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, публицист, қоғам қайраткері. Кезінде ол әділетсіздіктің, сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болған, жарты ғасырдан астам уақыт бойы аталмаған, оның есімі Қазақстан тарихында лайықты орын алмаған. Тек қазір ғана, өзгерістер жағдайында, тарихтағы «ақтаңдақтар» жойылған кезде, халыққа Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов сияқты қайраткерлерінің есімдері қайтарылды.

Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік істері өз заманында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана емес, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше. Кезінде Ахмет Байтұрсынов, оның ғылыми еңбектері туралы орыс ғалымдары проф. А.Смайлович, Е.Поливанов бағалы пікірлер айтқан болатын.

Ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткерінің өмірі, шығармашылығы, әлеуметтік қызметіне байланысты маңызды еңбектер, негізінен, оның туғанына елу жыл толу мерейтойы тұсында жарияланды. “Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамы еңбектерінде” (Орынбор, 1922) орыс тілінде екі мақала басылды. М.Дулатовтың “Ахмет Байтұрсынұлы (биографиялық очерк)” мақаласындағы тарихи фактілер, деректер күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ақиқатқа жүгінгенде, бұдан кейінгі уақыттарда А.Байтұрсынов өмірбаяны туралы жазған авторлардың бәрі де осы еңбектің материалдарын пайдаланғанын көреміз. Мақалада тұңғыш рет ақын, ғалым, публицист, қоғам қайраткерінің туған уақыты, кіндік қаны тамған жері, ол ортаның басты сипаттары, білім алған ошақтары, қызмет еткен орындары, әлеуметтік қызметтері, саяси-қоғамдық көзқарастарының өзгеруі, сан алуан эволюциясы жан-жақты ашылып берілген.

А.Байтұрсынов қазақ қоғамын ілгерілету жолында ағартушылық қызметімен қатар жасаған сан-салалы еңбектері әрқашан терең зерттеуге, зерделеуге лайықты. Біз осы жұмысымыз арқылы оның ағартушылықпен қатар ғылымға қосқан еңбектерін кеңінен танытуға тырысамыз.  А.Байтұрсыновтың ғылыми еңбектері әсіресе тіл саласында ендірген жаңалықтары әрқашан өз бағасын алуға тиіс.

Жұмыстың мақсаты: Алаштың арысы, қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың қазақ қоғамындағы және рухани дамуындағы ролі мен маңызын айқындау. Оның шығармашылық сан-салалы қырына зерттеу жасай отырып, латын әліпбиінің бастамашыларының бірі ретінде орнын таныту.

 Зерттеудің міндеттері:

  • Алаштың арысы, қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың ағартушылық және шығармашылық  қызметін айқындау;
  • А.Байтұрсынов сан салалы талант иесі ретінде қазақ қоғамын қалыптастыру, рухани жетілу жолындағы ерен еңбектерін таразылау;
  • Латын әліпбиіне көшудегі бастамашылардың бірі А.Байтұрсынов еңбектеріне  талдау жасау.

ІІ Негізгі бөлім

2. 1   Алаштың арысы, қоғам қайраткері – А.Байтұрсынов

А. Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезінің Сартүбек шатқалында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Үмбетай халық батырының ұрпағы болып саналған. Байтұрсын қазақ ауылдарында  жергілікті феодалдар және патша өкіметімен жиі қақтығысқа түскен ержүрек, ақылды адам болған. 1885 жылы Байтұрсын мен оның ағасы уезд бастығының басын талқандағаны үшін 15 жылға сотталып, Сібірге жер аударылды. Биліктің әкесін, туыстарын және оларды қолдаған ауыл тұрғындарын қырып-жою болашақ ақынның жанына айықпас жара салды. 1909 жылы Семей түрмесінен жазылған «Анаға жазған хатында» А. Байтұрсынов бұл оқиғалар туралы былай деп жазады:

Ахмет ауыл молдасынан сауат ашты. 1886 жылы ол Торғай екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне оқуға түсті, кейін Орынбордағы қырғыз мұғалімдер мектебінде оқып, оны 1895 жылы бітірген. Ол Ақтөбе, Қарқалы уездері мен Қостанай қаласындағы ауыл, болыс мектептерінде, сондай - ақ екі сыныптық орыс-қазақ училищелерінде ұзақ уақыт ұстаздық етті.

1905-1907 жылдардағы төңкеріс ондағы өзгерістерге деген үміт тудырды, ол халық толқуларына белсенді қатысады, демонстранттардың алдында жиі сөз сөйлейді, қазақ зиялыларының тобын ұйымдастырады, олармен бірге Санкт-Петербургтегі үкімет атына петиция жасайды. Реакция басталған жылдары ол құпия ұйымдарында жұмысын жалғастырады. Жандармдар Байтұрсыновты және оның жолдастарын тұтқындайды да, 1909 жылы сегіз ай тергеумен Семей түрмесіне қамайды. Содан кейін оны қазақ жерінен қуып жіберді, ұзақ уақыт полицияның бақылауында болды, бірақ ол өз халқының бостандығы үшін күресті тоқтатқан жоқ.

...

Скачать:   txt (65 Kb)   pdf (187.9 Kb)   docx (28.9 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club