Қазақ халықтық сахналық билерінің дамуы
Автор: turarova04 • Апрель 24, 2018 • Реферат • 6,979 Слов (28 Страниц) • 1,678 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе:
1.Қазақ халықтық сахналық билерінің дамуы
2. Қазақ музыка театрының қол жеткізген табыстары
3. Жастардың хореографиясы
4. Халық арасындағы халық билерін қайта қалпына келтіру
5. Қазақ би фольклорының зерттелуі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: «Қазақ халық әндері, өте қызықты билері, әдемі костюмдері, актёр ойындарының ерекшелігі — спектакльдердің көркемдік бағасын биікке көтеруде, өзінің көркемдік мәдениетін құруда халықтық шығарманың бай мұрасына ие болу қандай бақыт», — деп жазды композитор Р. Глиэр.
«Қыз Жібек» және «Айман—Шолпан» спектакльдеріндегі қазақ билері де бұл онкүндікте үлкен табыстарға ие болды. Ол билер туралы өзгелерден өзінің мазмұндылығымен және сонылығымен айырылатын төлтума халық билері деп айтылады.
Билерді орындаушылардың ішінде Шара Жиенқұлованың өнеріне ерекше баға берілді. С. Диковский оның «Былқылдақ» биін бейнелей келе: «Жалын шашқан бұл би жай қимылды шығыс биіне тіпті де ұқсамайды. Шараның сары көйлегі отша лаулады. Ал осы оттың ішінде бірде оның қара бұрымы жерге түсіп және екі қолы екі жаққа қанат қағып, қуанышты, таңдануды, ренішті, үрейді бейнелейді», — деп жазды.
Н.Ханаев : «...сүйкімді биші Шара — оның шеберлігі, көркем пластикалығы көрермендерді бірден баурап алды», — дейді.
Қазіргі таңда Шара апамыздың шығармасын зерттеген бүл жұмыстың авторы қазақ кәсіби хореографиялық өнері Шараға сахналық бидегі әйел образын жасап бергені үшін қарыздар деп айта алады. Спектакльдегі алғашқы қазақ билеріндегі өзге халықтар билерінсн алынган, классикалық стильге келтірілген қозғалыстар (қимылдар) Шараның түсіңдіруі және шебер орындауының арқасында халықтық хореографияның нағыз төлтума құралдарына айналды. Сондықтан да егер балетмейстерлер билердің хореографиялық мәтінін шығарса, олардың ұлттық стилін және алғашқы қазақ сахна билерінің сипатын жасаушы Шара Жиенқұлова болды.
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚТЫҚ-САХНАЛЫҚ
БИЛЕРІНІҢ ДАМУЫ
Фольклорлық және халық-сахналық билердің хореографиялық негізін әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан пластикалық би тілі құрайды. Хореографиялық өнердің әлемдік дамуының жоғары баспалдағы болып табылатын классикалық бидің өзі халықтың пластикалық би тілі негізіңде туған, эстетикалық жағынан өнделген, мамандарды оқыту үшін жүйеге түсірілген, билердің мазмұны мен бейнелерін ашып көрсету үшін балет өнерінің қайраткерлерінің шығармашылық қиялымен қанықтырылып, техникалық жағынан байытылған.
Жалпыға белгілі осы шындықты ескере келе, бірінші қазақ сахна билерінің құралдарын байыту үшін, оларды ары қарай дамыту үшін, олардың ұлттық ерекшеліктерін баса көрсету үшін халықтың хореография тарихынан қарапайым білімнің болуы, халық билерінің мазмұны мен аттарын және оларды орындаушылардың аты-жөнін білу жеткіліксіз болды, дегенмен бағалы этнографиялық сипаттамалар және ертеден келе жатқан қазақ халық билерін орындаушыларды көрген адамдардың әсерлі әңгімелері көркем ойға қозғау салып, қажетті хореографиялық құралдарды іздестіруге мол материал береді. Мұның өзі халықтық билердегі қимылдарды және оның орындалу сипатын оқып үйрену, зерттеу қажет болды.
Істелген жұмыстардың нәтижесінде автор қазақ халық билерінің көптеген қимылдарын анықтады.
Олардың кейбірі:
Ырғақты қадам — иықты көтеру және түсіру, тізені шұғыл бүгу;
Тепең жорға — жорға аттың селкілдетпесіз жай жүрісі;
Шоқаң жорға — жорға аттың шоқырағы;
Желдірме — желдіру;
Шабыс — шабу;
Ытқыма - секіру (әр түрлі формада);
Айдаһарша иірілу - оралған жылан;
Тебінгі — атты тебіну;
Малдас — екі аяқты айқастырып отыру;
Сүйіртпе — аяғын сүйреу;
Бопым-бопым — бүркітті аңшылыққа үйрететін жігіттердің би кезінде дауыс шығарып, қолдарын жоғары қарай созып, бүгу және шұғыл тізерлеуі;
...