Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан бейнелеу өнері саласындағы белгілі суретшіліер

Автор:   •  Июнь 1, 2018  •  Курсовая работа  •  9,627 Слов (39 Страниц)  •  1,240 Просмотры

Страница 1 из 39

                                          МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І- ТАРАУ. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ СӘНДІК  КЕСКІНДЕМЕ ТУРАЛЫ

1.1 Кескіндеме өнерінің дамуы және қалыптасуы.............................................

1.2 Кескіндемедегі түстер, колориттер және түстің символикасы...................

1.3 Майлы бояумен жұмыстар орындау, құралдар-саймандар мен материалдар және жазу технологиясы...............................................................................

1.4

ІІ-ТАРАУ  ПЕЙЗАЖ - ЭСТЕТИКАЛЫҚ ИДЕАЛ

2.1 Қазақстан бейнелеу өнері саласындағы белгілі суретшіліер............................................................................................................

2.2 Кескіндеменің техникасы мен технологиялары...........................................

2.3 Композицияның негізгі тәсілдері мен әдістері.............................................

2.4 Практикалық жұмысын орындау барысы.....................................................

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

    Табиғат пен адам егіз, барлық әсемдік, әдемілік табиғат пен адам бойына жиналған. Әдеміліктің нышанын адам баласы табиғаттан алады. Кескіндеме – елдің мәдени өмірінің жылнамасының маңызды парағы. Ол көзге көрінетін ақиқаттарды портреттер мен натюрморттар түрінде сипаттаумен, тарихи полотноларда ертеде өткен оқиғаларды қалпына келтірумен қоса, қиялдағы әлемнің образдарын жасайды. Онда мәңгілікте қас-қағымдық, махаббат пен достыққа толы жалпы адами және ұлттық метафоралар мен символдарға да орын табылады.

    Өнер – адамзат өмірінде, тарихында үлкен рөл атқаратын өрісі кең, ұш-қиыры жоқ, қиын да қызықты жол. Ол арнайы талант, шындықты, шыдымдылық пен табандылықты, ақыл мен парасатты, терең ой мен көркемдік сұлулықты талап етеді.

Өнер туындысы болып есептелетін барлық тарихи ескерткіштер мен классикалық шығармалар туындыларын көргенде, біз оның тек әдемілігіне ғана қызығып қоймай, оның мазмұнына мән бере отырып, ұрпаққа қалдырылған рухани байлықты көреміз. Өнер – адам өмірінің бөлінбейтін бір бөлігіне айналғандай. Өнер шығармаларына қарай отырып, біз адамдардың қай заманында өмір сүргенін, немен айналысқанын, мәдени леңгейін байқаймыз. Өнер - адамға үлкен, рухани күш береді, тәрбиелікке, мейірімділікке, әсемділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеп, сұлулық деген әлемге жетелейді. Суретті талантты адам сан алуан жақтарын көрсетеді, шығармашылық негізінде, адамзаттың жарқын болашағы, арманы жинақталған.  

 Нақты суретшінің түйсігі мен шеберлігі арқылы туындап, дарыны түстер арқылы тіл қататын суреттер қалам иесінің ғана емес, сондай-ақ онымен бір кеңістік пен уақыт ауқымында өмір сүретін көптеген адамдардың сезімін ұқтырады. Ол бір жағынан алып қарағанда – әлеуметтік өмірдің көркем-эстетикалық категориядағы құндылықтарын нақтылайтын барометр сияқты. ХХ ғасырда қазақ кескіндеме өнерінің дамып, қалыптасуына және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына өз үлестерін қосқан өнер тарландары аз болған жоқ. Кескіндеме – өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғы ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дүниеге келді.        

     Сан ғасырлар бойына суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырды. Бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме өнері жасап, дами берді. Живопись дегеніміз – әртүрлі бояу түрлерімен жазықтық, бетінде орындалатын көркем шығарма.    Живопись атауы орыстың «живой писать» деген сөзінен алынған, яғни көріністер мен нәрселерді өмірдің өзіндегідей етіп жазу деген мағынаны білдіреді. Живопись бейнелеу өнерінің аса дамыған түрі болып тадылады. Живопись-бұл майлы бояулармен жасалған және багет рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең, әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды. Өнердің барлық басқа түрлері сияқты кескіндеме идеологиялықжәне танымдық қызмет атқарады, адамға эстетикалық ләззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады. Кескіндеме туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады.  

...

Скачать:   txt (141 Kb)   pdf (417 Kb)   docx (60.1 Kb)  
Продолжить читать еще 38 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club