Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дене шынықтырушылар мен спортшылардың жүрек-қан тамыр жүйесінің функционалдық жағдайы

Автор:   •  Июнь 4, 2023  •  Доклад  •  3,776 Слов (16 Страниц)  •  322 Просмотры

Страница 1 из 16

4-тақырып. Дене шынықтырушылар мен спортшылардың жүрек-қан тамыр жүйесінің функционалдық жағдайы

1. Жүрек-қантамыр жүйесін зерттеу әдістері: тамыр соғысы мен қан қысымын анықтау және бағалау. Электрокардиография. Негізгі тістер мен ЭКГ аралықтарының сипаттамасы. Басқа аспаптық зерттеу әдістері: фонокардиография, эхокардиография және басқалар.

2. "Спорттық жүрек" туралы түсінік. Спорттық жүректің құрылымдық ерекшеліктері: жүрек қуысының тоногенді дилатациясы және миокард гипертрофиясы. Спортшылардың жүрек көлемі. Дилатацияның себептері, механизмдері және диагностикасы. Спортшылардың патологиялық дилатациясы. Миокардтың жұмыс гипертрофиясының бейімделу сипаты, себептері, механизмдері және диагностикасы. Спортшылардың миокардтың патологиялық гипертрофиясы.

3. Спортшылардың жүрек-тамыр жүйесінің функционалдық ерекшеліктері. Брадикардияның, синусты аритмияның, артерия гипотониясының себептері мен даму механизмдері. Спортшылардың жүрек-тамыр жүйесінің функционалдық жағдайының бұзылуы. Бұзылыстарды диагностикалаудағы ЭКГ рөлі. Физикалық асқын күштің салдарынан миокард дистрофиясы. Жедел және созылмалы асқын кернеу. Миокард дистрофиясының кезеңдері мен нәтижелері физикалық асқын кернеуден кейін. С. П. Летуновтың сынамасы. Жүрек-қантамыр жүйесінің стандартты физикалық жүктемеге реакциясының түрлері. Жүрек-қантамыр жүйесінің спортшылардың физикалық жүктемелеріне реакциясының түрлерін бағалау

Спортшылардың мүшелері мен жүйелерінің жұмысын зерттеуді қан айналу жүйесінен бастайды. Оның себебі: қан айналу, тыныс және қан жүйесімен бірге бұлшық еттердің дамуы үшін қоректік затгарды тасымалдайды, оттегіні жеткізеді. Сол арқылы оның жұмысқа қабілетін керекті дәрежеде ұстайды.

Екіншіден қан айналу жүйесі басқа мүшелермен бірге ішкі ортаның тұрақтылығын сақтайды. Оны гомеостаз деп атайды.

Үшіншіден қан айналу жүйесі сыртқы орта мен ішкі ортаның өзгерістеріне өте сирек жауап қайтарады. Сыртқы және ішкі ортаның өзгерістеріне тез жауап қайтаруына байланысты, осы жүйедегі пайда болатын аурулар жер бетінде бірінші орында тұр.

Ауыртпалық түскен жүректің сыздауы және жүрек ауруына тән басқа да шағымдардың жоқтығы, жүректің жұмысының қалыптылығын көрсете алмайды. Организмнің жеткіліксіздіктерді толтыру механизмінің шамасының күштілігі соншалықты, жүрекке түсетін ауыртпалыққа және қақпақшалардағы кемістікке қарамай өз жұмысын толық қамтамасыз етеді. Ауру жүрек ауруына тән шағымдарды айтпауы да мүмкін.

Бірақта организмнің тұрақтылығын шексіз емес және оның шамасы біткен кезде жүректе терең өзгерістер пайда болады. Жүректің аурулары көбінесе мүгедектікке немесе өлімге себеп болады. Спортпен айналысу үшін жүректің жұмысы мұқият тексеріледі.

Қан айналу жүйесіндегі терең (жүректің қақпашаларының кемістігі, қан тасу ауруы) өзгерістер спортпен айналысуға сай келмейтін жағдайлардың қатарына жатады. Осы жағдайда тек дене тәрбиесімен ғана айналасуыға болады. Бірақ жаттығуларды дәрігерлердің бақылауымен жүргізу керек.

Жүрек пен қан айналу жүйесін тыныштық жағдайында клиникалық зерттеу әдістерін қолдану

Жүрек пен қан айналу жүйесін зерттеуді анамнезден (сұрастыру) бастайды. Ең бастысы оның әке-шешесінде жүрек ауруының бар жоқғығын анықтайды. Оның ішінде атеросклероз, қан қысымының жоғары болуынан туатын ауру, ревматизм сияқты созылмалы аурулар жалпы денсаулыққа күшті әсерін тигізеді. Спортшылардың шағымын сұрастырғанда кішігірім, ауыртпалыққа демігу, жүректің қатгы соғуы, жүректің кей кезде тоқтап барып жүруі, төстің артында шаншыған аурудың пайда болуы, тез шаршап қалғыштық және т.б. белгілерге аса қатгы көңіл бөледі. Жүрек пен қан айналу жүйесін зертгеу үшін негізгі дәрігерлік тексеру әдістерінің бәрі колданылады.

...

Скачать:   txt (56.9 Kb)   pdf (160.3 Kb)   docx (212.6 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club