Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әл Әсуани шығармаларыңын тiлдiк көркемдік ерекшеліктері

Автор:   •  Декабрь 14, 2019  •  Реферат  •  1,277 Слов (6 Страниц)  •  466 Просмотры

Страница 1 из 6

ӘЛ-ӘСУАНИ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТІЛДІК КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сембаева Айдана – 4 курс студенті , 5В021000-шетел филологиясы,

Ғылыми жетекші: Р.К. Оразова

pro100_aidonka@mail.ru

r-orazova@mail.ru

     Әдебиеттану ғылымында әдеби шығармалардың табиғатын түсіну үшін олардың көркемдік ерекшеліктерін зерттеудің маңызы үлкен. Жазушының шеберлік қырлары, көркем әдебиет туындысының эстетикалық қуаты нақ осыдан – жазушы қаламының көркемдік ерекшеліктерінен, поэтикалық ізденістерінен көрінеді.Суреткер қолындағы сөз,  суретші  қолындағы  бояу  секілді, иінін тауып  мың  құбылтады.  Құбылған  сөз  əсерлілік  үстінде  адам баласының  танымын  байытпақ;  бір  сөз  бір  –  ақ  нəрсені  танытса,  оны  түрлендіре   құбылту  арқылы  тіршіліктің  сан  алуан  сырын  тануға  болады.

      Жалпы алғанда, жазушының шығармаларына, лингвистикалық тұрғыдан, пәлсапалық, ғылыми тұрғыдан, әдебиеттанудан, соның ішінде, әдебиет тұрғысынан баға беріледі. Әр жазушының өзіндік қолтаңбасы, өзіндік тіл ерекшелігі болады. Осы тұрғыдан қарағанда,қазіргі мысыр әдебиетінде айрықша орын алған  Әл-Әсуани шығармаларының көркемдік ерекшеліктері туралы әдебиеттануда аса көп еңбектер жазыла қойған жоқ. Бұл зерттеуіміз шығармада қолданған сөз образдарының сан қырлы өрнектеріне талдау жасалған қадамдардың бірі.

     Әл-Әсуанидің есімі әлем әдебиетінде соңғы он жылдың ішінде таныла бастады. Оған түркі болған жағдай, «Якобянның үйі» атты романның жарыққа шығуы еді. Бұл роман сұранысқа ие болып,көптеген тілдерде аударылып, көгілдір экранға жол тартқан  туындыға айналды.Осы үлкен бастама кейін,тағы да көркем туындыларының бірі «Чикаго» романын халыққа ұсынды.Сонымен қатар, «Эссама Абдель Атының қағаздары», «Республика» , «Көліктер клубы» басқа да романдары жарық көруде. Кез келген суреткер бүгінгі заман адамының бейнесін жасау үшін өмірге үңіледі. Өмірдің ішкі заңдылықтарынан туатын жаңалықтарын алдын ала аңғарып , заманауи дүниелерді өмірге әкеледі. Осындай талаптарды терең ұғына білген жазушының қаламынан нәр болып төгілген кез-келген туындысы, осы заманның, бүгіннің мәселелерін көтереді.

 Ол өзініңң шығармаларында адамдардың түрлі көзқарастарын, дүниетанымын сипаттайды.Оған қоса, саяси-әлеуметтік, діни мәселелерді осы шығарма-ларында сөзге тиек етеді.Мысалы, «Чикаго» романы интернационалды туынды болып табылады. Бұл шығармасы да басқа шығармалары сияқты қайғылы аяқталады. Романдағы Наги мен Венди Шордың қарым-қатынасы, яғни мұсылман мен еврейдің байланысын сипаттайды. Осы жағдайды сипаттай отыра, кейіпкерлердің сөзі арқылы оқиғаны өршуіне дін емес, саясат кінәлі екендіндігін жеткізеді. Оқиға желісін сипаттауда, кереғарлық жүйелерді пайдаланады.

      Адамгершілік пікірлеріне қазық болған мысал іспеттес тіркестер жазушының үлгі, өнеге, тәлім – тәрбие беру ниетіндегі қадір – қасиетін жоймаған шығармалар. Бұл белгілер жазушының «Якобянның үйі», «Чикаго»романдарынан айқын көрінеді. Адамдар бойына лайық абзал қасиеттерді – кішіпейілдік, әділеттілік, қанағаттылық, еңбексүйгіштік жақталып, керісінше, мансапқорлық, менмендік, мақтаншақтық, опасыздық, нысапсыздық, қайырымсыздық, алдампаздық сияқты ұнамсыз мінездер сыналады. Бірінен үлгі десе, екіншісінен сақтандырады.Ең алдымен жазушы жақсылық пен жамандықты негізгі объект етіп ала отырып, ішкі сұлулықты, ішкі тереңдікті, рухани құндылықтарды жоғары қойып дәріптейді. Жазушыға тән негізгі қасиет – шығармаларына психологиялық, лирикалық сарындармен қатар философиялық ой дарыту басым. Сондай – ақ, асқынған драматизм, трагедиялық тағдыр, жаратылысы қызық характерлер ұтымды көрініп отырады.

М. Горький айтқандай, тіл - әдебиеттің басты мүшесі. Сөз шығарманың негізгі материалы екенін ескерсек, әдеби шығарманың көркемдік құны оның тілінде екен. Сондай – ақ тіл байлығы шығарма сюжетін баяндауда ғана емес, кейіпкер психологиясын ашудағы монолог, диалог, ойлау, қиялдау, еске алу т.б. сияқты тәсілдерден де көрінеді.Яғни, кез – келген жазушы бұл үрдісті бастан кешеді. Жазушының шеберлік қырларының ұшталып, көркемдік стилдің қалыптасып дараланатын жері де – осы үрдіс.Бұл үрдістер Әл-Әсуанидің кітаптарын әлеуметтік,этнографиялық феномені болуына септігін тигізеді. Әсіресе, батыс  сарапшылары Әл-Әсуанидің «Якобянның үйі» атты шығарма мен  Нагиб Махфуздың  «Каир трилогиясы» атты шығарманы жиі салыстырады .Бұл салыстыруда, кейіпкерлердің бейнесі ұқсас келуі көркемдік әдеби тұрғыдан емес, саяси публицистикалық тұрғыдан қарастырылады.

...

Скачать:   txt (18.4 Kb)   pdf (142 Kb)   docx (13.3 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club