Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үштұғырлы білім

Автор:   •  Апрель 28, 2018  •  Доклад  •  1,461 Слов (6 Страниц)  •  609 Просмотры

Страница 1 из 6

   КӨПСАЛАЛЫ   «БОЛАШАҚ»  КОЛЛЕДЖІ

«КЕЛІСІЛДІ»                                                                         « БЕКІТЕМІН»

Директордың ғылыми-әдістемелік                                    Директордың оқу-әдістемелік

жұмысы жөніндегі орынбасары                                       жұмысы жөніндегі орынбасары

_____________Б. А. Аманиязова                                         ____________   Ф.Б. Тұртаева

                                                                                                                                                                                                                       

Пікірталас

«Үш тұғырлы білімнің маңыздылығы»

[pic 1]

Өткізген: Успанова С.С

Кафедра отырысында қаралды

Хаттама № «    »______20   жыл  

Кафедра меңгеушісі _______Атюмбекова А.С

Ақтөбе 2017 жыл

- Армысыздар құрметті ұстаздар!

 «Тіл – халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, онан сол тілді жасаушы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. (Бейнеролик). 

Қазіргі Қазақстанда тіл мəселесіне көп мəн беріледі. Əсіресе, үш тұғырлы тіл туралы айта кеткен жөн. Елбасымыз «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны алғаш рет 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 12 құрылтайында жария етіп, 2007 жылғы жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мəдени жобаны кезең - кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл жоба бойынша Қазақстан халқы үш тілде сөйлейтін жоғары білімді ел ретінде бүкіл əлемге танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі. Үштұғырлы тіл білім беру жүйесіне біртіндеп көшеді. Бұл ұлт жоспарында айтылған міндет. Көшу барысын мына бейнероликтен карайык (Бейнеролик) 

- Осы көрініс бойынша өз пікірлеріңізді білдіріп жіберсеңіздер. Пікір алмасу

Президентіміз Н.Назарбаев: «Қазақ тілі – үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деген ескерту айтқан болатын. Дегенмен, «Үш тұғырлы тілдің» мәнін, маңызын, халық пен болашаққа беретін үлкен пайдасын көпшілік ұғына алмауда.

- Олай болса келесі бейнероликке назар аударайық. (Бейнеролик) Пікір сұрау.

Орыс тілі мен ағылшын тілінің қазақстан мемлекетіне қажетті тіл ретінде айта кететін болсақ. Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Бұл жайлы қазақтың біртуар ақыны ұлы Абай да айтып өткен болатын. Ақын «Орысша оқу керек, хикметте, мал да, өнер де, ғылым да – бəрі орыста зор», «сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады» дейді.

«Үштұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру – ғаламдық ақпараттар мен инновациялық технологиялардың ағынына кіру деген сөз. Əлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп кең қанат жайған жағдайында ағылшын тілін оқыту өзекті болып отыр. Əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болу егемендік алған еліміздің жаңа даму кезеңіңде, оның дүниежүзілік аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық, мəдени қатынастарды калыптастыруы, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуы, əр түрлі дипломатиялық қызмет атқаруы ағылшын тілінің рөлін көтеруді қажет етеді. Осыған байланысты шетел тілдерін пайдалану қажеттілігі де артып келеді. Тіл – тек қатынас құралы емес, тілін үйреніп жүрген елдің рухани байлығын меңгеруде де үлкен рөл атқарады. Осы мəселені қолданысқа алуда елімізде ағылшын тілін игеруде серпіліс жасау мақсатымен 2013 жылдың 1-қыркүйегінен бастап ағылшын тілін 1-сыныптан оқыту енгізілді.

...

Скачать:   txt (15 Kb)   pdf (462.9 Kb)   docx (345 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club