Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі түркі тілдеріндегі көптік жалғау

Автор:   •  Декабрь 7, 2022  •  Реферат  •  3,312 Слов (14 Страниц)  •  286 Просмотры

Страница 1 из 14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Тақырыбы: Қазіргі түркі тілдеріндегі көптік жалғау

Қарағанды
2020
[pic 1]

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

I КӨПТІК ЖАЛҒАУ КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ТІЛІНДЕ

1.1. Орхон-Енисей жазбаларының тіліндегі көптік жалғау.................................5

1.2. Көне ұйғыр және көне қыпшақ жазбалары тіліндегі көптік жалғау...........7

II ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕ КӨПТІК ЖАЛҒАУДЫҢ КЕЗДЕСУІ

2.1. Қазіргі түркі тілдеріндегі көптік жалғау........................................................8

2.2. Көптік ұғымды білдіретін көрсеткіштер......................................................11

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................13

ПAЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................15

[pic 2]

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Жaлғaулaр – сөйлемде тек грaммaтикaлық мaғынa үстейтін морфологиялық формaлaр. Түркі тілдерінде көптік, тәуелдік, септік, жіктік жaлғaулaры бaр. Көптік кaтегориясы жaйлы С.Е. Мaлов, Н.А.Бaскaков,    A.Н. Кононов, Н.К.Дмитриев еңбектерінде бірaз бaяндaлғaн. Aл қaзaқ тілінде бұл мәселеге aлғaшқылaрдың бірі болып aрнaйы тоқтaлғaн ғaлым-профессор М. Бaлaқaев (1940), сондaй-aқ Н. Орaлбaевa (1959), A.Д. Дaнияров (1965),    A. Ысқaқов (1965) еңбектерінде жaлғaсын тaбaды. С.Исaевтың қaзaқ тіліндегі көптік жaлғaудың негізінен жұрнaқтық функциясы жaйлы aйтқaн пікірі шын мәнінде тілдік жүйеге, оның тілдік зaңдылықтaрынa сүйеніп жaсaлғaндығы aнық. Көптік жaлғaудың бaсқa түрлерінен ерекшеленетін осы белгісі қосымшaлaрды жіктеу мәселесінде ескерілуі қaжет [1, 99].

Арнаулы морфологиялық тәсіл арқылы берілетін сандық ұғым – көптік. Көптік ұғым чуваш тілінен басқа түркі тілдерінде -лар аффиксі арқылы беріледі. Түркі тілдерінің көпшілігінде соңғы дыбысының сапасына қарай –лар аффиксінің басқы дыбысы ассимиляцияланып, әр түрлі варианттар пайда болады. Бұл аффикстің негізгі екі варианты -лар, -лер, (немесе -дар, -дер). Бір ғана -лар түрінде айтылу өзбек тілінің сингорманизмді сақтамайтын диалектілеріне тән [5,103].

Көптік жалғауын өте көп вариантпен айтатын тіл – якут тілі. Якут тілінде басқы (-л) дыбысының өзгерісінің нәтижесінде және дауысты дыбыстардың еріндік, езулік түрлеріне қарай 16 вариант қалыптасқан. Олар: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер, -лор, -дор, -дер, -тор, -төр, -нар, -нер, -нор, -нер [5, 103].

М.Томанов көптік жалғаудың алтай тілінде 12 варианты қолданылатындығын, бұл тілде тек н дауыссызынан басталатын варианттар жоқ екендігін айтады. Ал, «Языки мира» атты еңбектің «Алтай тіліне» арналған бөлімінде Н.А.Баскоковтың зерттеуі бойынша мәліметтер берілген. Н.А.Баскаков алтай тілінде көптік ұғымды білдіретін қосымшаладың -лар,     -лер, -лор, -лөр және түбірдің соңғы дыбысына байланысты д, т-дан басталатын варианттары барын айтады [6, 181].

Қыпшақ тілдерінің бірі башқұрт тілінде 8 варианты айтылады: -лар, -ләр, -тар, -тер, -дар, -дер, -дзар, -дзәр. Мұнда н дыбысынан басталатын варианттар жоқ, бірақ башқұрт фонетикасының үлкен ерекшеліктерінің бірі дз африкатынан басталатын варианттар бар. Татар тілінде басқы дыбыстың ыңғайымен екі вариантта, дауысты дыбысқа қарай екі варианттар, барлығы төрт вариантта айтылады: -лар, -лер, -нәр.

Қазіргі түркі тілдеріндегі көптік жалғаудың ерекше формасы чуваш тілінде кездеседі. Бұл тілде көптік ұғымды –сем (сен) қосымшасы білдіреді.

Көптік категорияның берілуі лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Лексикалық тәсілге мысал ретінде мына сөздерді айтуға болады: ру, тайпа, халық аттары ( қыпшақ, оғыз); даралап санауға келмейтін зат есімдер (шаш, күміс, тас, құм, т.б.).

Көптік есімдердің сөз тіркестері aрқылы берілу жолы синтaксистік тәсіл деп aтaлaды. Сaн есімдер көп, aз, әлденеше, бірнеше, біртaлaй, қыруaр  тәрізді сөздер зaт есімдерден бұрын aнықтaуыш тұрып, ешқaндaй дa қосымшa формaсызaқ көптік ұғымды білдіре береді: бес кісі, ондaғaн aдaм, қыруaр aқшa т.б.

...

Скачать:   txt (43.5 Kb)   pdf (179.9 Kb)   docx (27.1 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club