Жалғау және грамматикалық қызметі
Автор: asqar_davletov • Декабрь 1, 2024 • Реферат • 9,072 Слов (37 Страниц) • 4 Просмотры
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. Жалғау және грамматикалық қызметі
2.1 Жалғаудың түрлері
2.2 Тәуелдік жалғау
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақ тіліндегі функционалдық қосымшалар жаңа мағыналы сөзтудырмағанымен, түбірдің лексикалық мағынасын бүтіндей өзгертіп жібермегенімен, түбірге қосымша грамматикалық мағына үстеумен біргетүбір сөздің лексикалық мағынасына семантикалық реңк қосады да, сөйлеупроцесінде қолданылуы жағынан түбірдің граммaтикалық сипатын сақтапқалады, сөйтіп бір сөз табының шеңберінде жасалатын туынды түбірге ұқсапкетеді. Қазақ тілінде функционалдық көпшілік ғалымдар тарапынан зерттеліпкелді және әлі де жалғасын табуда.Қазақ тіліндегі сөзжасам қосымшаларының бір тармағы – функциялыққосымшалар. Бұл қосымшалар-дай, -дей, -ша, -ше, -сыз, -сіз, -ғы, -гіқосымшалары. Қазақ ғалымдары бұл қосымшаларды жаңа сөз детудырмайтын, форма да тудырмайтын, контексте ғана өмір сүретін сөзжасамқосымшаларының ерекше қолданысы деп атайды. Қазақ тіліндегіфункционалдық қосымшалар жөнінде ғалым С. Исаев, Ы. Маманов секілдіғалымдарымыз өз тұжырымдарын ұсынған болатын.Ғалым С. Исаевтың зерттеулеріне сүйенсек, функционалдыққосымшалардың қасиеті, олардың қолданылу аясы мен мағыналық шеңбері, жанрлық-стильдік бояуы жеке зерттеуді қажет етеді.Функционалдық қосымшалардың кейбірінің түбірге жалғану шеңберішектеліп те қалған. Олар грамматикалық сипаты жағынан категориялықтүрлену жүйесінің көрсеткіші болу қасиетінен айырылып, сөзжасамқосымшаларына ауыса бастағанмен, сөздің лексикалық мағынасын бүтіндейөзгертіп жібермейді. Сондықтан ғалым Ы. Маманов өз зерттеулерінде «ондайқосымшаларды қосымшалар қатарында қарамай, тілдің даму барысындағы жұрнақтар мен сөзжасам қосымшалары арасындағы тұлғалар деп қараған жөн[1]» деген пікір айтады.Ғылыми жұмыстың зерттелу мақсаты мен міндеттері:Жұмыстың мақсаты – қазақ тіліндегі қосымшалардың бір түріфункционалдық қосымшаларды қазақ тілін зерттеуші ғалымдарымыздыңпікірлеріне сүйене отырып дәлелдеу. Бұл мақсатқа жету үшін ғалыммұрасындағы төмендегі мәселелердің шешімін бағалау міндеттері қойылды:-қосымшалардың қызметіне орай топтастырылуы;-қазақ тіліндегі негізгі және қосымшалардың қызметі, функционалдық және таза грамматикалық қосымшаларға ажыратылуы;- функционалдық қосымшаларға қатысты тұжырымдардың ғылыми-теориялық деңгейін қазіргі тіл білімі тұрғысынан анықтау;Ғылыми жұмыстың зерттеу әдісі :Жұмысты жазу барысында сипаттама
Мектеп оқулықтары мен кейбір зерттеулерде тілдің мәнді бөліктерін құрайтын дыбыстар жүйесіне, сөздер мен сейлемнің ырғақты әуеніне (интонация) байланысты фонет. құбылыстар да, дұрыс жазуға байланысты орфографияның, сөздегі дыбыстардың айтылуына байланысты орфоэпияның, сейлемде тыныс белгілерін дұрыс қоюға байланысты пунктуацияның мәселелері де Грамматика шеңберінде қаралады. Сөзжасамға тілімізде туып отыратын жаңа сездердің жасалу амал-тәсілдері, лексика-семантикалық яғни бөтен тілден сөз aлу, жаңа ұғымға байланысты сөз мағынасының өзгеруі арқылы жасалған туындылар, синтетикалық яғни қосымшалар арқылы жаңа сөз жасау, аналитикалық яғни сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі т. б. сөзжасам үлгілерінің өнімді-өнімсіз, құнарлы-құнарсыз түрлері, олардың заңдылықтарымен бірге бұрыннан да жасалып, қалыптасып кеткен сөздердің құрамдық-құрлыстық сипатын анықтау жатады. Тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауда оған тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды, олардың сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің граммат. құрылысындағы белгілі жүйелер, заңдылықтар, атап айтқанда тілдегі сөздердің белгілі бір ортақ грамматикалық қасиеттері арқылы топ-топқа белінуі, сөйлеуде сол сөздердің бір-бірімен байланысқа түсуі, сейлем құрап, белгілі бір қызмет атқаруы негізгі грамматикалық ұғымдармен сипаттапады. Олар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория.
...