Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түркі тілдеріндегі етістіктердің зерттелу жағдайына қысқаша шолу

Автор:   •  Май 4, 2023  •  Реферат  •  16,853 Слов (68 Страниц)  •  217 Просмотры

Страница 1 из 68

I СӨЙЛЕУ ЕТІСТІКТЕРІНІҢ ЛЕКСИКА- МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1. Түркі тілдеріндегі етістіктердің зерттелу жағдайына қысқаша шолу

Етістік сөздің лексика-грамматикалық категория ретінде объективті іс-әрекеттің динамикасын білдіретіні жалпыға белгілі.

Етістіктердің сан алуан қызметі ерекше маңыздылығымен тіл мамандарының назарын баяғыдан аударып келеді.

Қазіргі орыс тілінде сөйлеу етістіктерінің лексикалық- семантикалық топтары мен олардың құрылым-семантикалық сипаттарын зерттеуге жиырма бестен астам монографиялық зерттеулер, кандидаттық және докторлық диссертациялар арналды [3,4,5,6,7,8,9]. Мысалы, И. Грач [10], Ф.В. Андреев [11], В. Виноградов [12] жалпы етістіктің ерекшеліктеріне, табиғатына арналған еңбектерінде біз зерттеп отырған мәселені басты нысан етіп қарастырмағанымен, бұл жөніндегі кейбір тұжырымдарын атап көрсетеді. Олардың ішінде И. Грач: «Мына нәрсе күмән тудырмайды: Етістік - артықшылығы жағынан басты сөз. Ол сөйлеуге өмір береді: дауысты дыбыстың буынға жан бітіретіні, екпіннің жеке сөзді ерекшелендіретіні тәрізді етістік те өзінің қатысуымен жекеленген сөздерді, өлі және атаусыз сөздерді тірілтеді және олардан пікір, болжам, ойды толық өрістете беретін құрмалас сөйлемнің жайылмалы түрін жасайды. Осындай маңыздылығы мен қозғалмалылығы жағынан етістік күрделі, оған әртүрлілік тән, өзгерістерге көп түседі» [10] деп жазды. Мұндай ойды Ф. В. Андреев қолдайды: «Етістік термині - «verba dicendi» деген латын сөзінің аудармасы. Славянның етістік сөзінің орнына орысша «сөз» деген сөзді қолданған дұрыс болар еді. «Етістік» (verba dicendi) деген сөз оның сөйлеудегі немесе сөйлемдегі басты сөз екенін білдіреді, яғни сөйлемдегі ойдың қалай сөйлеп тұрғанын басым түрде көрсетеді» [11].

«Етістік, - дей дейді В. В. Виноградов, - сөз таптарымен салыстырғанда ең тіркесімді сөз табы. Етістікті тіркесімдер есімді сөз тіркестері мен сөйлемдерге шешуші ықпал етеді» [12].

Бұл айтылған тілші-ғалымдардың пайымдаулары етістікті және олардың түрлерін зерттеудің теориялық маңызының даусыз екенін дәлелдей түседі.

Бірқатар түркі елдерінің ғалымдары бұл мәселеге бұрыннан үлкен ықыласпен, қызығушылықпен қарап келеді. Бұл орайда түркі тілдеріндегі V-VIII ғғ. көне жазба ескерткіштерінің деректерінен бастап, олардың қазіргі тілдік қолданыстағы өзгерістерге түсуі, дамуы, толығуы тұрғысынан терең де мазмұнды зерттеулер жүргізілгенін айта кеткен жөн. Атап айтқанда, көтеріліп отырған мэселені түбегейлі зерттеуші ғалымдар қатарында Баскаков Н. А. [18], Чарыяров Б. [13], Юлдашев А. [14], Кучкартаев И. [15], Рзаев С. А. [16], С. Арназаров. [17], Багыров Г. К. [19], Дмитриев Н. К. [20], Батманов Л. А. [21], сияқты ғалымдардың, қазақтың белгілі тіл танушы ғалымы Ә. Н. Нүрмаханованың [22,23] еңбектері қарастырылып отырған мәселенің қазақ тілімен салыстырғанда, басқа түркі тілдерінде анағұрлым тереңірек зерттелгенін көрсетті.

Түркі тілдеріндегі етістіктер есім сөздерден өзінің мағынасы жағынан семантикалық реңкінің көп түрлілігімен ғана емес, сол сияқты өзіне тән морфологиялық белгілерінің біршама басымдылығымен де, атап айтқанда, тек етістік негіздеріне ғана жалғана алатын (етістіктен, есімнен және басқа сөз таптарынан аффикстер жасайтын) лексикалық және грамматикалық сөзжасамның айрықша аффикстерінің едәуір мөлшерде болуымен де дербес сөз табы ретінде ерекшеленеді. Осымен байланысты түркі тілдерінің етістік категориясы бүрыннан-ақ жан-жақты зерттеу нысаны болғанын атап өту қажет.

Шынында да, етістік - көлемді де икемді, модальдық реңктерге бай категория, солардың ішінде сөйлеу мәніндегі етістіктер айрықша орын алады.

Сөйлеу етістіктері етістіктің ажырамас бөлігі бола отырып, қалған семантикалық топтардан өзінің мағынасы, өзіне тән морфологиялық белгілері мен синтаксистік қызметі жағынан ерекшеленеді.

Түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің ғылыми грамматикаларында етістіктер төмендегідей семантикалық топтарға бөлінеді: қол күшін жұмсау, яғни айтқанды күшпен істету мағынасындағы етістіктер, нысансыз қозғалыс мағынасындағы етістіктер, қалып мағынадағы етістіктер, дерексіз мағынадағы етістіктер, еліктеуіш мағынасындағы етістіктер, қалыптасу мағынасындағы етістіктер, функциональды мағынадағы етістіктер. Алайда, бұл жағдайда сөйлеу етістіктері, ойлау етістіктері және басқалары назардан мүлде тыс қалады [24,25].

...

Скачать:   txt (175.3 Kb)   pdf (398.6 Kb)   docx (70.1 Kb)  
Продолжить читать еще 67 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club