Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі энергетиканың әл ауқаты

Автор:   •  Декабрь 25, 2018  •  Курсовая работа  •  3,049 Слов (13 Страниц)  •  467 Просмотры

Страница 1 из 13

Кіріспе

        Энергетика- экономикалық шаруашвлық бөлім, табиғи және жасанды минералды көздер арқылы алынатын энергиялық ресурспен қамтамасыз ету. Оеың мақсаты энергиямен қамтамасыз ету, біріншілік табиғи көздер және екіншілік қолданылған энергияны қайта пайдалану, электр көзімен жылулық энергиямен қамту.

        Энергетика өндірісі бірнеше сатылардан тұрады:

         Энергия ресурстарын алу, мысалға минералды қор жинау және оны өндеу;

        Энергия  ресурстарын энергия алатын қондырғыға жіберу, мысалға, мазутты жылулық электростанцияға;

        Электр станция көмегімен біріншілік энергияны екіншілік энергияға айналдыру, мысалға, көмірдең алынған химиялық энергияны жылулық энергияға айналдыру;

        Екіншілік энергия көзін электртаратушыға жіберу.

Электроэнергетика- бұл энергетика саласы, электрстанциялардан алынған электроэнергияны электр таратушы тізбекке жалғау, тарату. Негізгі элементі болып электроэнергияның біріншілік көзінің қолдану аясына байланысты бөлінеді.Электроэнергетика ол елдің энергия алу ресурстарына тығыз байланысты.

        Дәстүрлі электроэнергетика   негізінен:  жылуылық энергетика, гидроэнергетика, атомдық энергетика көздерінен тұрады. Ал, дәстірлі емес энергетика көздеріне жел, күн, биоэнергетика, сутектік энергетика жатады.

Дәстүрлі түрде көбіне көмірді және мазутты жағу арқылы бөлінген энергияны қолданылған.


1.1 Алғашқы энергия көздері

Дәстүрлі энергия көздеріне ол жылу электр станциялары, су электр станциялары және атом электр станциясы жатады.  

ЖЭС- отынды жағуда бөлінетін жылу энергиясын түрлендіру нәтижесінде электр энергиясынбөліп шығарады. ЖЭС үшін отынның негізгі түрлері болып газ, мазут, көмір және торф – табиғи ресурстары қолданылады.

Жылу электр станциясының түрі – жылу энерго орталығы болып табылады, ЖЭО – тек электр энергиясын ғана емес, сонымен қатар батареядан жылу желісі арқылы өтетін ыстық су түріндегі жылуды бөлетін жылу электр станциясы болып табылады. Электростанциядан пәтерге дейінгі энергия жолы.

Жылу электр станциясының машиналы залында буы бар қазан орнатылған. Отынның жануы кезінде  қазандағы су бірнеше жүздеген градусқа дейін қыздырылып буға айналады. Қысымның әсерінен бу турбина қалақшаларын айналдырады, ал турбина өз кезегінде генераторды айналдырады. Генератор электр тоғын бөліп шығарады. Электр тоғы электр желілеріне түседі және ол арқылы қала, ауылдарға, завод, мектеп, аурухана және үйлерге жетеді. Электростанцияларынан электрберілу сымдары арқылы электрэнергиясының тасымалдануы 110-500 киловольт кернеуде, яғни генераторлардың кернеуін арттыратын жағдайда жүзеге асырылады. Кернеуді арттыру электр энергиясын қашық жерлерге тасымалдауға қажет. Одан кейін тұтынушы ыңғайлы деңгейге дейін кернеуді қайта төмендету керек. Кернеуді түрлендіру электрлі станцияларды трансформатор көмегімен жүзеге асырылады. Жер астынан таралған кабельдер және жерден биікке көтерілген сымдар арқылы тоө үйлерге жеткізіледі. Ал ыстық су түрінде жер астымен тартылған жылу трассалары бойынша ЖЭО – нан келеді.

Жылу электр орталықтарының артықшылықтары турбинада жұмсалынған бу немесе ыстық жылытуда, өндірістік және комуналдық ортаны ыстық сумен қамтамасыз етуде қайтадан қолданылады. Ыстық су және будың эффективті тасымалдануында көп жылуды жоғалту салдарынан құбырларда 20-25 км арақашықтыққа тасымалдау мүмкін болғандықтан ЖЭО сәйкесінше ірі қаларда салынады. Одан бөлек жылу жоғалтуды азайту үшін, ЖЭО –н тұтынушыға жақын орналасатын шағын станциялармен толықтырып отыру қажет. ЖЭО барлық көрсетілген кемшіліктерінен жылу және электроэнергиясының комбинирленген өндірісі бойынша құрылғыларды көрсетеді, соған байланысты пайдалы отынды қолданудың жалпы қосындысының коэффициенті 70-76%дейін жоғарылайды.

...

Скачать:   txt (42.8 Kb)   pdf (133.9 Kb)   docx (26.4 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club