Қазақ тілі теориясы мен тарихы пәнінің мақсат-міндеті
Автор: Zarina2019 • Ноябрь 13, 2018 • Лекция • 5,864 Слов (24 Страниц) • 5,200 Просмотры
ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ.
Дәріс тақырыбы: Қазақ тілі теориясы мен тарихы пәнінің мақсат-міндеті.
Дәріс мазмұны :
- Пәннің мақсаты, міндеті, зерттеу нысаны
- Салалары, басқа пәндермен байланысы
Әдебиеттер:
М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.
Ғ.Мұсабаев. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А., 1986.
М.Қашқари. Түбі бір түркі тілі. А., 1993.
Ғ.Айдаров., Ә.Құрышжанов., М.Томанов. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А., 1971.
Тарихи грамматика деп аталатын ғылыми зерттеулер саласы және солардың қалыптасқан оқу пәні тілдің барлық салаларының қалыптасуы мен даму, өзгеру жолдары мен бағыттарын зерттеп түсіндіреді. «Қазақ тілінің теориясы мен тарихы» пәні – тіл және әдебиет, филология мамандарын даярлау үшін оқытылатын іргелі теориялық курс. Негізгі мақсаты – қазіргі қазақ тілінен алынатын білімді тереңдете отырып, қазақ тілінің тарихи лексикалық қоры мен құрамын, толығу жолдары мен жүйесін, фонетикалық өзгерістердің ролін, этимологиялық және этнолингвистикалық ерекшеліктерін, сөзжасам жүйесін, грамматикалық құрылымындағы тұлғалық және қызметтік, мағыналық өзгерістердің себеп-салдарын, сөз және сөйлем құрылымының сипатын ғылыми негіздеп оқыту. Міндеті – студенттің теориялық білігі мен тарихи танымын ғана жетілдіріп қоймай, практикалық дағдылар беру. «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәнінің зерттеу нысаны – тілдің бүкіл құрылымындағы тілдік бірліктер, олардың қалыптасу, даму жолы мен тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Адамзат тілі даму сатысының ең көне, ежелгі замандардағы қалыбын ретроспективті, перспективті, типологиялық, салыстырмалы-тарихи әдістер арқылы жобалап бағдар жасайды. «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәні басқа пәндермен байланыстырыла, сабақтастырыла оқытылады: тарих ғылымымен, этнологияның байланысы, мәдениеттану ғылымымен, философиямен, фольклормен байланысы, тіл ғылымы ішінде: көне түркі жазба ескерткіштері тілі, қазақ әдеби тілі, диалектология, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, қазіргі қазақ тілінің салалары, этнолинвистика.
Пәннің негізгі мақсаты – тілдің барлық салаларының даму заңдылықтары мен өзгеру бағдарларын айқындау болып табылады. Тарихи грамматика тіл туралы тарихи жалпы білімнің саласы. Әдеби тіл тарихынан тарихи грамматикадан айырмасы – оның зерттеу, түсіндіру объектісінде. Тарихи грамматиканың зерттейтін объектісі – күнделікті тұрмыстық қатынастар жасалатын сөйлеу тіліндегі ғана емес, бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Жазба ескерткіштер әдеби тіл тарихының объектісі болумен бірге тарихи грамматика қорытындысын дәлелдейтін дәйектеме бола алады. Тарихи грамматика жазу қолданғанға дейінгі көне дәуірлерде қолданыс тапқан тілдің сипатын баяндайды, жобалайды. Сондықтан тарихи грамматика өз зерттеулерін бүгінгі тілдің фактілеріне талдау жасайды да, сол талдаудан алынған қорытындылар негізінде өткен дәуірлерге үңіледі. Тіл білімінде ретроспективтік әдіс деп аталытын бұл зерттеу бағытының басты айырмашылығы бүгінгі тіл ерекшеліктерін талдауға сүйене отырып, өткен дәуірлеге, тарихқа белгісіз кезеңдерге бағдар жасап жоба құру. Қазақ тіл тарихында орта түркі дәуірінен кейін түркі халық тілдері қалыптасу дәуірінде сол халық тілдерімен бір мезгіл, бір дәуірде бой көрсеткен түркі жазба әдеби тілі фактілерінің қазақ тілінің тарихи грамматика жасаудағы мәні мен рөлі осында. Орта ғасырлардан біздің заманымызға жеткен ескерткіштер сол түркі әдеби тілде жазылған. Ал түркі әдеби тілі парсы, парсы арқылы араб тілі, парсы-араб мәдениеттерінің ықпалымен қалыптасты.
Қазақ тілі мен фонетикасы мен грамматикалық жүйесінің тарихи дамуын зерттеуде сүйенетін көздер мыналар: көне дәуір ескерткіштері қазіргі қазақ тілі, қазақ тілі диалектілері, фолкьлор, ономастика, басқа тілден ауысқан сөздер, 18-19 ғасырларда жазылған әртүрлі кітаптар, қолжабалар, т.б. «Көне дәуір ескерткіштері» деген атпен 7-16 ғасырларда жазылып, бізге жеткен жазбалар: Орхон-Енисей жазбалары, ұйғыр жазуының нұсқалары, «диван лұғат ат - түрк», «Құтадғу білік» т.б. «Терджуман түркий уа ғараби» деп аталатын шығарма Египетте 1245 жылы жазылған. Кіріспе бөлімінде қыпшақ тілінің негізі заңдылықтары баяндалған. Көне қыпшақ тілінің толық грамматикасы деп тануға болатын орта ғасырлық зерртеу – Абу Хайианның «Китаб әл – идрак ли – лисан әл- атрак» атты кітабы. Кітап 1312 жылы сөздік түрінде жазылған. 2400 сөз берілген. Қыпшақ тілі түралы зерттеулердің көлемдісі – «Китабу ат – тухфати аз –закийя фи-л-лугати ат-туркия» шамамен 14 ғасырда жазылған, еңбекте 3000 сөз берілген. Көпшілігі қыпшақ тілінікі. 14 ғасырда жазылған еңбектің бірі – «Китаб- булуғату ал- муштак фил лұғати ат – түрки ва-л қыфчақ», авторы – Джамал – ад – дин Аби – Мухаммед Абдуллах ат – Түрки.
...