Дипломатиялық мәтіндерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару ерекшеліктері (www.gov.kz сайты матриалдары негізінде)
Автор: nahriddin • Июнь 22, 2023 • Магистерская работа • 1,422 Слов (6 Страниц) • 265 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ
Білім бағдарламасы: 7M02311 – Аударма ісі
(ғылыми-педагогикалық бағыт)
МАГИСТЕРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Дипломатиялық мәтіндерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару ерекшеліктері (www.gov.kz сайты матриалдары негізінде)
Магистрант:
Юсупов Ж.Р.
Ғылыми жетекшісі:
PhD, профессор
Асанова Г.С.
Алматы, 2023
Бұл жұмыстың өзектілігі саяси дискурс, саяси дискурс саласына жататын, оның негізгі бір жанры болып табылатын дипломатиялық дискурс және дипломатия саласындағы мәтіндердің аударма мәселелері болып табылады. Дипломатиялық мәтіндерді аудару проблемалары белгілі бір дәрежеде толтырылуы керек зерттеу саласы болып табылады. Олай дейтін себебіміз, дипломатия әліде аз зерттеліп келе жатқан салалардың бірі, әсіресе сол саладағы материалдардың қазақ тілінен басқа тілдерге аударылу мәселесі өте өзекті.
Дипломатия жанрлары болып саналатын мемлекеттік құжаттар мен олардың тілі мүмкін осы күнге дейін жалпы құжат аудармасы мәселесі болып қарастырылып жүргенімен үкімет сайттарындағы дипломатия саласын қамтитын басқа мәтіндер аудармасы әліде қарастырылуды қажет етеді. Осы талаптар магистерлік диссертацияның өзектілігін көрсетеді.
Жұмыстың жаңалығы - алғаш рет Gov.kz сайтындағы мәтіндердің жанрлық сипаттамаларының анықталуы мен оларды қазақ тілінен ағылшын тіліне, ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың ерекшелігі болып табылады.
Зерттеу нысаны - Gov.kz сайтындағы дипломатиялық мәтіндер жанры, тілі мен аудармасы болып табылады.
Зерттеу пәні - Gov.kz сайтындағы дипломатиялық мәтіндерді аудару ерекшелігі және оларды дұрыс аударуға байланысты аударма шешімдері.
Зерттеу материалдары: Gov.kz сайты материалдары және құжаттар.
Жұмыстың мақсаты - Gov.kz сайтында ұсынылған дипломатиялық мәтіндерді аудару кезінде қолданылатын аударма шешімдерінің ерекшеліктерін анықтау және сипаттау.
Қойылған мақсат келесі міндеттерді жүктейді:
- дипломатия дискурсы мен дипломатия мәтіндерінің сипатын, тілдік ерекшеліктерін қарастыру;
- дипломатия дискурсын саяси дискурстың, саяси саланың бір жанры ретінде таныту;
- дипломатия саласындағы мәтіндерді аударудың теориялық негіздерін қарастыру;
2. дипломатия саласында кездесетін мәтіндердің түрлерін зерттеу;
3. дипломатия тілінің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық ерекшеліктерін талдау;
4. дипломатия саласындағы мәтіндерді аударудағы қиындықтарды зерттеу;
5. Gov.kz сайтындағы дипломатиялық мәтіндерді талдау және қазақ тілінен ағылшын тіліне, ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселесі мен ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттеу әдістері: салыстырмалы талдау әдісі, анықтамалық талдау әдісі, компоненттік талдау әдісі, контекстік талдау әдісі, аударма талдау әдісі.
Көптеген зерттеушілер дискурс жіктемесін ұсынады және әр ғалымның берген сииатына сай дипломатиялық дискурсты кейбір ғалымдар дербес жеке дискурс ретінде енді бір ғалымдар оны саяси немесе заңдық дискурс деп, енді бір ғалымдар тобы оны сипатына қарай ресми іскери дискурс деп қарастырады.
Г.Г. Почепцов саяси дискурс деп қарастырады.
Г.М.Яворская дискурсты қызмет атқару саласына қарай саяси дискурс деп қарастырады.
В.И.Карасик институционалды дискурстың мынадай түрлерін береді: саяси, дипломатиялық.
Н.Н.Миронова дискурсты тақырыптық сипатына қарай саяси заңдық, іскери деп бөледі.
Г.Г.Бүркітбаева дискурстың түрлі шетелдік, ресейлік зерттеушілер жұмысына талдау жасай отырып жағдаятына, атқаратын қызметіне, дискурсқа қатысушыларға, мәтініне, мазмұны мен факторлар комбинациясына қарай іскери, саяси,заңдық деп береді.
...