Бейбітшілік пен тұрақтылық – еліміздің ең басты құндылығы
Автор: Arsen Sagidullin • Сентябрь 20, 2022 • Реферат • 330 Слов (2 Страниц) • 325 Просмотры
Бейбітшілік пен тұрақтылық – еліміздің ең басты құндылығы
Жүгі нарда, қазаны теңде болып көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы «бейбітшілік» деген ұғымның қадіріне жетіп, қастерлеп өтіпті. Сан ғасырлық соқпақты жолдан аман өткен еліміз тәуелсіз мемлекет атанғалы жеткен жетістіктеріміз еселеп артып, қарқынды дамып келеді. Тәуелсіздік кезеңінде еліміз заманға сай үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырып, күллі әлемді таңдандырып, абыройы асқақтап келе жатқандығы баршамызға аян. Оған, әрине, халқымыздың бекем бірлігі мен көреген Көшбасшымыздың арқасында қол жеткізіп келеміз. Бейбітшілік кеткен жерді берекесіздік жайлайтындығы анық. Қазақ халқы да тағдырдың талай қатал сынын басынан кешті. Әйтседе, “мың өліп, мың тірілген” бабаларымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарудың нәтижесінде бүгінгі бейбіт аспанға қол жеткізді. Жалпы бейбітшілікке, тыныш өмір сүруге ұмтылу – қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі екені тарихтан белгілі.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар дейді» біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен тегін айтпаса керек. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Елбасының сындарлы саясатының арқасында еліміз бейбітшіліктің жақтаушысына айналды.Сонымен қатар, Қазақ даласына ажал уын сепкен ядролық қарудан бірінші болып бас тартқан Қазақ елі екенін айтпасқа болмас.
Ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайту бағыты мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып қала береді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Біздің еліміз үшін әр түрлі тарихи оқиғаларға байланысты қалыптасқан халықтың бұл этникалық құрамын ескере отырып, бірнеше ондаған түрлі діндерді ұстанатын жас республиканың аумағында 140-тан астам ұлт өкілдерінің бейбітшілігі мен тұрақтылығын сақтап отыру объективті қажеттілік болды.
...