Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Абай жолы романындағы ұлттық құндылықтар әлемі

Автор:   •  Февраль 20, 2022  •  Доклад  •  425 Слов (2 Страниц)  •  23,905 Просмотры

Страница 1 из 2

                                Абай жолы романындағы ұлттық құндылықтар әлемі
      "Абай жолы" эпопеясы Мұхтар Әуезовпен жазылған қазақ әдебиетінің бір де бір шыңы . Бұл роман тек қазақ халқының оқырмандарымен ғана емес, барша әлем оқырмандарымен сүйсініп оқылып жатқан үздік туынды. Қазақ көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне жаңа ерекше образ әкелген шығарма.
   "Абай жолы" эпопеясы Абайдың дара жолын ғана суреттегенімен ғана емес, романдағы ұлттық құндылықтармен бай екендігімен танымалы. Қазақ халқының жағдайын, дәстүрлерін, мінезін қыр-қырынан, жан-жағынан көрсеткенімен де ерекше. Ал, ендеше, соны зерттеп, дәлелдеп көрелік.
     Біріншіден, романда қайтқан адамға деген қазақ халқының тарапынан сыйластығы байқалады. О дүниеге кеткен адамға арнап бар ауылға, туған-туысқандарға, тіпті, көрші ауылдарға берілетін ас- қазақ халқының әлі күнге шейін сақталып келе жатқан дәстүріміз. Бұл дәстүр құндылық болмаса, немене? Ас беру көрінісі романның, бірінші томындағы "Өрде" бөлімінде анық көрсетіледі. Оспанға жасалған асқа Абай 10 үй салғызып, үлкен пашпен өткізді. Аста, тіпті, көкпар, бәйге сияқты ғұрыптық ойындар ойналған. Менің ойымша, бұл қайтқан адамды шығарып салу, еске салу дәстүрі- рухани-әлеуметтік құндылығы жағынан ерекше орны бар дәстүрлеріміздің бірі. Оның қазақ халқында ғасырлар бойы өзектілігін жоғалтпай, қолданылып жүргені- оның қоғамда қандай ерекше орын алатынын көрсетеді. Дәл осы көріністі Мұхтар Әуезов үлкен шеберлікпен көрсете алды.
   Екіншіден, Абай жолы романындағы ұлттық құндылықтардың бірі- құдалыққа бару, той жасау дәстүрі. Бұл құбылыс бірінші томда Абай мен Әйгерімнің үйлену кезінде байқауға болады. Менің ойымша, үлкен қуанышты бар ауылды тойлап, Біржан салдай әншіні шырқатып той жасағаны- қазақ халқының бірлігін көрсетіп қана қоймай, ұлтымыздың ерекшелігін көрсететін дәстүр. Осыны ойлай тұра, жаза тұра, тойды дүркіретіп жасау- қазақ халқының қанында бар және кетпейтін нәрсе екеніне көзім жетті.
     Үшіншіден, романдағы ұлттық құндылықтардың бір белгісі- қазақ халқының тәрбиесі мен даналығы. Бәріміз білетіндей, қоғамымыздың тәрбиесі басқа ұлттардың тәрбиесінен өзгеше. Ата-бабаларымыз жауапкершілікке, адамгершілікке, сыпайылылыққа, құрметтеуге және тағы да басқа қасиеттерді қанымызға сіңіруге тырысқан. Оның бір дәлелі эпопеяның бірінші томының "Қайтқанда" бөліміндегі әжесі Зере мен анасы Ұлжанның айтқан әңгімелері болады. Осы ертегілер арқылы Абай адам болып қалыптасудағы басты фундаментті тұрғызған. Тек қана бұл емес, Абай аналарына жүгіріп бара жатқанында Зеренің "Біріншіден әкеңе бар" деген сөзі тәрбиенің бір үлгісі емес пе? Әбіштің Оспанның жылын жасарда ас бермей, оған арналған етін мұқтаж адамдарға таратқаны ше? Иә, бұл да қазақ халқының тәрбиесін көрсететін тағы да бір дәлел. Менің пайымдауынша, қазақтың тәрбиесінен асқан тәрбие ешбір жерде, елде жоқ. Осыдай тәрбие алып жатқаныма да қуанышыма шек жоқ.
     Өз ойымды, эссемді қорытындылайтын болсам, Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" атты көрнекті туындысындағы қазақ халқының бар құндылықтарын айта берсем, күнімде жетпейтін жағдай бар. Яғни, "Абай жолы" эпопея әлемі тұныптұрған құндылық деп айтсам қателеспеспін.

...

Скачать:   txt (5.6 Kb)   pdf (41.8 Kb)   docx (196.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club