Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі – Қазақстандық тәжірибесі
Автор: larenti • Май 21, 2018 • Курсовая работа • 20,537 Слов (83 Страниц) • 989 Просмотры
,,ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КАФЕДРАСЫ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ
Диплом жұмысы
Диплом жұмысын орындаған:
4 курс студенті
ЖАНИБЕКОВА ЛАУРА МАРАТҚЫЗЫ
МАҚ қорғауға жіберілді
“Халықаралық қатынастар” Ғылыми жетекші:
кафедрасының меңгерушісі аға оқытушы,
с.ғ.д., профессор Жабина Ж.Р. магистр.,Асхат Гулнаш.
Күні | Күні |
Алматы, 2016
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.....................................................................................................3-7
І БҮГІНГІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
- Ұлттық қауіпсіздік концепция..................................................8-13
- Бүгінгі Орталық Азия және сыртқы геосаяси акторлар...........................................................................................................13-36
ІІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ТӘЖІРИБЕСІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
2.1 Ұлттық қауіпсіздік төңірегіндегі Орталық Азиядағы қауіп – қатерлер...........................................................................................................37-54
2.2 Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі – Қазақстандық тәжірибесі.........................................................................................................54-62
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................63-66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................67-71
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында Орталық Азия елдерінің ұлттық қауіпсіздік мәселесі төңірегіндегі ынтымақтастық, қауіп-қатерлер, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік тәжірибесі ғылыми тұрғыдан талданып, қарастырылады.
Диплом тақырыбының өзектілігі Орталық Азия мемлекеттері тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бері ұлттық қауіпсіздік өзекті мәселелерінің біріне айналады. XXI ғасырға аяқ басқан Орта Азиялық жас мемлекеттер үшін ғаламдық және аймақтық деңгейде мемлекеттер арасында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастықты нығайту және әлемде пайда болған жаңа қауіп - қатерлерге төтеп беру жолында бірігіп қызмет ету шаралары күшейе түседі.
Біріншіден, ұлттық қауіпсіздік термині қолданысқа түскелі халықаралық қатынастарда үлкен маңызға ие болды. Тарихқа көз жүгірте кетсек бұл терминді алғаш АҚШ – тың 26 – ыншы президенті Теодор Рузвельт 1904 жылы конгресте қолданған болатын. Ал 1947 жылы АҚШ – да әлемде алғаш болып «Ұлттық қауіпсіздік» туралы заң қабылданады [1]. Осы бастамадан кейін әлемдегі көптеген тәуелсіз мемлекеттер өзінің ұлттық қауіпсіздігіне үлкен назар аударып, мемлекет өмірінде саяси салмағы басым болды. Сол себептен дипломдық жұмыстың өзекті мәселесіне ұлттық қауіпсіздік терминінің түсінігін, жүйесін және қағидаларын түсіндіріп өту маңызды фактордың бірі.
«Қауіпсіздік» сөзі адамзат пайда болған уақыттан бергі оның өмірінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Империялық басқыншылықтар, отыршылдық жойыла бастаған кезеңнен жаңадан пайда болған тәуелсіз мемлекеттер үшін мемлекеттің қауіпсіздігі алдыңғы қатарлы мәселеге айналды. Мемлекет үшін әлемге терезесі тең экономикасы дамыған елдердің қатарына кіруден бұрын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызы зор.
Екіншіден, уақыт талабына сай ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік саясаттың басты құралына айналды. Сонымен қатар халықаралық қатынастардағы өзгерістерге сай жаңадан пайда болған саяси салмағы бар халықаралық ұйымдардың өткізіліп отыратын конференцияларында, ресми және бейресми кездесулерінде, халықаралық саммиттерде ұлттық қауіпсіздік термині қолданылып халықаралық сипатқа ие болды. Дипломдық жұмыстың өзектілігін айта кеткендегі екінші маызды фактор ұлттық қауіпсіздік терминінің халықаралық қатынастарда маңыздылыққа ие болуына тоқтала кету. Бұл теориялық негізді білу ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өз септігін тигізіп қана қоймай, Орталық Азия мемлекеттерін әлеммен терезесі тең елдердің қатарында болуға септігін тигізеді.
...