Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Болашақ степендиясы

Автор:   •  Февраль 7, 2024  •  Реферат  •  2,200 Слов (9 Страниц)  •  102 Просмотры

Страница 1 из 9

                                 «Болашақ степендиясы»

                                         Реферат

                         


 1993 жылғы 5 қарашада Президент Н.Ә.Назарбаев қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. 1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді.

Осыған байланысты әлемдік озық университеттердің білім берудегі озықтығын үйрену мақсатында ең алғаш рет 1994 жылы «Болашақпен» АҚШ, Ұлыбританияға, Германия және Франция секілді елдерге Қазақстанның 187 студенті білім алуға жіберілген. Жыл өткен сайын «Болашақ» бағдарламасының ауқымы мен үміткерлер саны артып, қызметі жалғасып келеді. «Болашақ» бағдарламасының көп жақсылықтарының бірі қазақстандық университеттердің шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастықтары артуы мен дамуына өз пайдасын тигізді (Н.Назарбаев, «Тәуелсіздік дәуірі» 82-83 б., 2017).

Қазіргі таңда «Болашақ» түлектері Президент аппаратынан бастап, барлық маңызды мекемелер мен  ұлттық компанияларда Қазақстанды заман талабына сай дамытуға табысты қызмет етіп жүр. «Болашақ» түлегі оқуының бітіріп, Қазақстанға оралып, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5 жыл немесе басқа облыс, қалаларда – 3 жыл немесе білім саласында – 2 жыл мамандығы бойынша мемлекеттік органдарда жұмыс істеуі керек. Бағдарлама түлектерінің 99,1 пайызы жұмысқа орналасқан (Kursiv.kz, 2019b).

Жалпы «Болашақ» бағдарламасымен 1994-2020 жылдар аралығында 14 156 стипендия берілсе, оның 785-і 1994-2004 жылдар аралығында, ал 2005-2020 жылдарда 13 371 стипендия тағайындалған. Сол 13 371 стипендияның 3379-ы – бакалавриат, 7379 – магистратура, 35 – аспирантура, 87 – клиникалық ординатура, 366 – докторантура, 2125 – тағылымдама бағдарламасы бойынша білім алуға бөлінген.  «Болашақ» стипендиясының иегерлері мына елдерді таңдайды: Ұлыбритания мен Ирландия – 45,5%, АҚШ пен Канада – 26%, Еуропа елдері – 12,9%, Азия елдері – 8% және степендияттардың 7,6% үлесі Ресейде оқуды таңдаған. Бұған қоса, «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алған 11 121 маманның 54,8%-ы гуманитарлық, 36,2%-ы техникалық, 7,2%-ы медициналық және 1,8%-ы шығармашылық мамандық иегерлері екен (Azattyq-ruhy.kz, 2021).


«Болашақ» бағдарламасы елдің дамуымен стратегиялық басымдықтарына сай өзгертіліп, талаптары күшейтіліп отырды. Мәселен, 2008-2010 жылдары шетелдік университтерде оқумен қатар, шетелдік мекемелерде тәжирбеден өту бойынша «Тағылымдама бағдарламалары» құрылды. 2014 жылынан бастап «6+6» форматы бойынша тілдік дайындық талабы енгізілумен қатар, IELTS талаптары да 3.0-ден 5.0-ге дейін арттырылды. Әлемнің 100 үздік ЖОО-да оқыту және Ғылыми кадрларды даярлаудың жаңа жүйесі Split PhD-ды іске қосылды. Ал, 2017-2018 оқу жылынан бастап дипломдағы бітіру орташа бал ережесі GPA 3.0-тен 3.3-ке дайын көбейтіліп, IELTS бойынша да талап 5.0-ден 5.5-ке дайын ұлғайтылды. 2019-2020 оқу жылынан бастап «Болашақ» үміткерлеріне жас шектеулері алынып тасталды («Болашақ» халықаралық степендиясы, 2021). «Болашақ» бағдарламасын ҚР Мемлекеттік хатшысы басшылық ететін «Шетелдерде мамандар дайындау бойынша республикалық комиссиясының» оң шешімін алған үміткерлер ғана иелене алады («Егемен Қазақстан» газеті, 2019a).

Қазақстан Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 қаулысымен «Болашақ» жұмысын жүргізу және басқару бойынша «Халықаралық бағдарламалар орталығы» (ХБО)  акционерлік қоғамы (АҚ)  құрылды. ХБО шетелге оқуға жіберуге тапсырыс беруші ретінде шетелдік университет және студентпен арада үшжақты келісімшарт жасайды. Әлемдік рейтингін жиі жиі жаңалап, үміткерлерге ақпараттық мәліметтер беріп отырады. ХБО стипендия бөлумен айналыспайды, бірақ бөлінген стедендиямен студент, олардың оқып жатқан университтері арасындағы әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстарына жауапты («Болашақ» халықаралық степендиясы, 2021a). 2008-2010 жылдары арасында Болашақ бағдарламасына ауыл жастары, мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми-педагог қызметкерлері үшін жеңілдік санаттары, 12 айға дейін ғылыми және педагогикалық қызметкерлер үшін шетелде ғылыми тағылымдамалар бағдарламалары енгізілді. 2008 жылдан бастап ауыл жастары мен мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің бағдарлама арқылы алдын-ала ағылшын тілін жетілдіріп, білім алу мен тәжірибеден өту мүмкіндігі жасалды. 2011 жылдан бастап бакалавриат бойынша «Болашақпен» білім алу бағдарлама талаптарынан шығарылды (Kursiv.kz, 2019b).

...

Скачать:   txt (30.6 Kb)   pdf (113.3 Kb)   docx (15.7 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club