Ұлы географиялық ашылулар
Автор: Aruka_2672 • Март 10, 2023 • Эссе • 372 Слов (2 Страниц) • 209 Просмотры
ЭССЕ |
Пән атауы: Әлеуметтік-экономикалық және саяси географияға кіріспе.
Тақырыбы: Ұлы географиялық ашылулар.
Ұлы географиялық ашылулар кезеңі XV ғ. соңы мен XVII ғ. ортасын қамтиды. Бұл кезең еуропалықтардың жаңа жерлердің ашылуымен сипатталады. Яғни, құрлықтар, мұхиттар, көптеген теңіздердің, жаңа аралдардың ашылуымен. Еуропалықтардың жаңа жерлерді ашуы тікелей теңіз жолдарын іздеумен байланысты болды.
Менің ойымша, еуропалықтардың жаңа жерлерді ашуының басты себептерінің бірі, сол кезеңдегі сауда, өеркәсіп орталықтарының өркендеуі. Еуропаны Азия, Африка, Америка жерлерімен байланыстыратын сауда жол торабын ашу.
Мысал келтіретін болсам, дүниежүзі тарихына сүйенетін болсақ еуропалықтардың саяхаты, яғни, 1497 жылы ағылшын теңізшісі болған Джон Каботтың Қытай және Үндістан жеріне барудағы теңіз жолын іздеу барысында Солтүстік Американы ашуын бастауы, Фернан Магелланның жердің шар тәріздес екендігін өз экспедициясында дәлелдеуі, Америго Веспуччидің жаңа дүниені сипаттап, ашуы, т.б.
Географиялық ашылулар бұрын болмаған сауданың ұлғаюына үлкен себепкер болды. Материктердің арасында байланыс орнап, дүниежүзілік сауда өнеркәсібі пайда болды. Түрлі табиғи ресурстардың тасымалдануы сауда жол тораптарының жандана беруіне және Еуропада тауарлар өндіруді жеделдетуге біршама ықпалын тигізді. Бірақ, меніңше бұл кезеңдегі Американың, Азия мен Африка халқының отарлық езгіге түсуінің бастамасы болған еді.
Орындаған: Даулетханова А.М.
Қабылдаған: аға-оқытушы Калдыбекова Р.
...