Қоңыр салқын белдемінің шөлейттік ландшафттық зонасы
Автор: Sometext • Ноябрь 17, 2021 • Лекция • 1,547 Слов (7 Страниц) • 377 Просмотры
Страница 1 из 7
Лекция 6
Қоңыр салқын белдемінің шөлейттік ландшафттық зонасы
- Каспий маңы – Түран физикалық географиялық елі.
- Өзен-Орал-Емба физикалық-географиялық провинция
- Төменгі Торғай физикалық-географиялық провинция
- Жезқазған-Аягөз физикалық-географиялық провинция
- Зайсан физикалық-географиялық провинция
- Каспий маңы – Түран физикалық географиялық елі. Каспий маңы-Тұран ф/г елі Каспий маңы ойпатының және Тұран ойпатының кең территорияларын алып жатыр. Осы ойпаттарының шығыс бөліктері Зайсан және Іле шұңқырларының шеттеріне созылады. Шөлейттік ландшафттық зонасына Солтүстік Каспий маңы және Торғай-Орталық Қазақстан ф/г облыстарды жатқызады. Солтүстік Каспий маңы ф/г облысы Өзен-Орал-Емба ф/г провинцияларымен көрінеді. Провинцияның ішіне 2 округ кіреді: Өзен-Орал және Уил-Емба.
- Өзен-Орал-Емба ф/г провинция Солтүстік Каспий маңы жазығын, Орал алды увалды (жонды) жазығын, Уил мен Емба төмпешектерді қоршап алады. Учаскілерінің көбі структурлық-денудациялық жазығымен көрінеді. Тұзды тектоника әсерінен мезо-кайнозойлық қабаттарында кұмбездер, мульдалар және рельефтің басқа формалар пайда болады. Шығыста рельефтің негізгі формаларына платотәріздес тегістелген қалдық көтерілістер жатады. Олар бордан, доломиттен, палеоген жасты саздан және құмтастан тұрады. Солтүстік шығыстан батысқа және оңтүстік-батысқа 350 м-ден 50-100 м дейін ауданның жер беті төмендейді. Сағыз-Емба ф-г ауданына Орск депрессияның биік, ыдыратылмаған жазығы жатады. Аудан климатлық ресурстарына өте бай. Қантардың орташа температурасы оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа дейін -13 градустан -16 градусқа дейін төмендейді. Аяз күндері -42 градусқа дейін жетеді. Ауаның орташа тәуілдік температураның суммасы 2800 градустан 3200 градусқа дейін көбееді. Шілденің орташа температурасы +22+23 градус. Ж/ш орташа жылдық саны шығыста 250 мм, батыста 300-350 мм. Ылғалдану коэффициенті 0,3-0,4. Жер беті ағындар Үлкен және Кішкене Өзен, Орал өзеннің орташа ағынымен, Сағыз және Емба өзендермен көрінеді. Көлдердің орналасуы біркелкі емес. Ландшафттардың дамуы далалық, гумусы аз топырақ жағдайларда өтеді. Өсімдіктер: тырса-ақ жүсанды-типчак және бетеге-жүсан. Жайылмалы террасаларда шабындық сортаң өсімдік қоғамдастығы дамиды. Басымды табиғи кешендерінде бетегелі-жүсанды, бетегелі-сортаң-жүсанды өсімдіктер маңызды орын алып жатыр. Сордың болуы әртүрлердің үйлесуын жасайды. Олардың ішінде типчакты, бетеге мен тырсаны, шыбықты ажыратуға болады. Антропогенді ландшафттар аграрлық ландшафттармен және ландшафттардың малшаруашылықты модификациялармен ұсынылады.
- Төменгі Торғай ф-г провинциясы Батыс Торғай және Шығыс Торғай ф-г округтардан тұрады. Батыс Торғай округі Иргиз-Үлқаяқ және Торғай ф-г аудандардан тұрады. Шығыс Торғай округі – Қара Торғай мен Үлы Жыланшықты ф-г аймақтардан тұрады. Төменгі Торғай провинциясы Торғай үстірттің оңтүстігінде орналасқан. Провинцияның Мұғалжар және Қазақ ұсақ шоқының аралығында орналасуы климаттың жоғары құрғақшылығына және континенттігіне себепкер болады. Провинцияның толқынды-жонды беттерінің биіктігі 150-200 м. Олар шөгінді және эффузивті тау жыныстарынан, сонымен бірге қазіргі төрттік шөгінділерімен құрылады. Биіктігі 50-100 м төмендетілген учаскілері тегістелген қыраттармен, ірі жыралармен, көптеген көлді-сорды шұңқырлармен және эолды құмды массивтермен күрделінген. Физикалық-географиялық жағынан провинция бұл палеозой фундаменттің жыныстарының 50 м-ден 4000 м дейін тереңдікте орналасқан шұңқыр болып көрсетілген. Грунт сулары 1 м-ден 90 м тереңдікте орналасады. Климат ыстық, құрғақ жазымен және суық, аязды қыспен айырылады. Температураның орташа жылдық көрсеткіштері: қантар -16-17 градус, шілде +22+23 градус. Ауаның орташа тәуілдік температураның суммасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 2600 градустан 3300 градусқа дейін көбееді. Атмосфералық ж/ш солтүстіктен оңтүстікке қарай 270 мм-ден 170 мм-ге дейін азаяды. Ылғалдану коэффициенті 0,2-0,3. Ең ірі өзендер – Торғай,Иргиз, Ұлы Жыланшық. Көлдердің 60 пайызы – тұзды. Төменгі Торғай провинцияда бетегелі-жүсанды өсімдік ассоциациялар басым. Жүсанды-бетегелі-типчакті ассоциациялар өзен террасалардың ашық сарғылт топырағында дамиды. Өсімдік қоғамдастықтарда типчак, бетеге, тырса, кейде Лессинг бетегесі, Лерховский жүсаны басым. Қара Торғай ф-г ауданының қыратты жазықтарының табиғи кешендері кесекті қңыр сарғылт және сарғылт сортаңды топырақтарда дамиды. Ауаның оңтүстігінде құрғақ өзендердің террасаларында қара жүсанды көкпекті өсімдік ассоциациялар таралған топырағы сазды және сортаңды. Қазіргі табиғи кешендері көктем-күзді жайылым ретінде пайдаланады. Провинцияның солтүстігінде дәнді егін шаруашылығы, ет-сүт мал шаруашылығы, жылқы өсірушілік дамыған.
- Жезқазған-Аяғөз физикалық-географиялық провинциясы Ұлытау-Сарысу, Мойынты-Бақанас, Шыңғызтау-Аягөз ф-г окрутардан тұрады. Ұлытау-Сарысу округі екі аймақтан тұрады: Ұлытау және Сарысу. Мойынты-Бақанас округі – Шерубай-Қызыларай, Мойынты және Саяқ аймақтары. Шыңғызтау-Аяғөз округі – Шыңғыз және Аяғөз-Шары ф-г аймақтардан тұрады. Провинция күмбезтәріздес төмпешектері және тізбектері бар жонды жазықтармен көрсетілген. Ең биік абсолюттік нүктелер келесі тауларда: Қызыларай-1559м, Ұлытау-1140м, Қыштау-793м. Провинцияның шығыс шеттерінің абсолюттік биіктері Шыңғызтауда 800-1400 м дейін жетеді. Ұлытау тектоникалық көтерілісі ежелгі структуралардың бірі болып саналады. Ол докембрийде пайда болған және каледон орогенез дәуірде қайта құрылған. Жаңаша тектоникалық көтерілістер әсерінен шеттері шайылып жойылған. Нәтижесінде, палеозойдың құзды фундаменті борпылдақ континентальды жамылғыдан және үгілген қабықтардан босанған. Антиклинорийдың өзегінде темірлі кварцит (Қарсақпай), темір-марганец (Жезды) және полиметалл рудалардың ірі кендері анықталған. Шыңғызтау бірнеше аласа таулы қыраттардан, жекеленген үстірттәріздес массивтерден және шоқылардан құралған. Олардың ішінде Аир, Семейтау. Дельбегетай, Дегелен, Үрдатау қыраттары. Олар тегістелген, үстірттәріздес, беткейлері – асимметриялық. Шыңғызтаудың биік нүктесі – Қособа тауы (1305м). Рельефтің таулы-шоқылы түрі Шыңғызтау антиклинорийдың үйінді-қатпарлық структурасының жаңаша тектоникалық қозғалыс әсерінен көтерілгенде пайда болған. Жезқазған-Аягөз физикалық-географиялық провинциясының орталық территорияны төмпешекті-жонды жазығы, үстірттәріздес қыраттары және көптеген шоқылар алып жатыр. Провинцияның оңтүстік шеттері Солтүстік Балқаш маңы көтерілген кесекті-гипсті жазығымен сипатталады. Ж-А провинцияның геологиялық құрылысына палеозой тау жыныстары әсер етте. Қыратты рельеф әсерінен қыстық жағдайлары күшееді. Жылы кезеңінің ұзақтығы 180-200 күнге дейін созылады. Қантардың орта жылдық температурасы -14-15 градус, шілденің +21+24 градус. Ж/ш мөлшері әртүрлі: Ұлытау ф-г аймақта – 300-350 мм, Сарысу ф-г аймақта – 200-250 мм, Шерубай-Қызыларай – 350 мм, Аягөз-Шар – 200-250 мм. Ж/ш ең аз саны Саяқ ауданында – 180 мм. Қар жамылғының биіктігі – 35-40 см. Қардың тұрақты жатуы – 135-140 күн. Жылда Ұлытау ауданында 28 күн желдің жылдамдығы 15 м/с. Ылғалдану коэффициенті 0,3-0,6. Топырақ жамылғысы біркелкі емес. Провинцияның солтүстігінде ашық-сарғылт топырақтар. Өсімдігі жүсанды-бетегелі және бетегелі-типчакті өсімдік ассоциациялар. Осындай жайылмалардың құндылығын Лессинг бетегенің, тырсаның болуы көтереді. Жыра мен сайларда қарагана, спирей, курчавка өсімдіктер кездеседі. Тұздалған топырақтарда – биюргун, тас биюргун, солянка өсімдіктері кездеседі. Топырақтардың механикалық құрамы да әртүрлі – ауыр топырақтан құмайт топыраққа дейін. Осының әсерінен өсімдіктер қоғамдастықтары түрлі түсті. Орташа сортаңды учаскілерде шымды дәнділер, ал қатты сортаңды учаскілерде – көкпек, грудница, мың жапырақты өсімдіктер басым болады. Құмайтты ашық-сарғылт топырақта житняк-жүсан-типчак өсімдігі дамиды. Ашық сарғылт кесекті топырақтарда боялыч-жүсан, жүсан-кейреуті-боялыч өсімдік ассоциациясы таралған. Провинция жем ресурстарына өте бай., сондықтан, малды 7-8 ай жайылымда бағуға болады. Агроклиматлық жағдайлар сортаңды топырақта шөп себуіне өте лайықты. Ең пайдалы сары люцерна мен житняк. Ж-А провинциясында табиғи кешендеріне техногенездің әсері күшееді. Жезқазған-Қаражал-Атасу және Балқаш-Ақшатау-Ағадыр өнеркәсіптік торабтарының қазып шығаратын және өңдеуші өнеркәсіптері региондың табиғи кешендеріне қатты әсер етеді. Провинцияның шығыс шеттері Семей полигонның зонасында орналасқан және радионуклидті ластануға ұшырайды.
- Зайсан физикалық-географиялық провинция Солтүстік Зайсан маңы және Оңтүстік Зайсан маңы ф-г округтардан; Батыс Зайсан маңы және Шығыс Зайсан маңы ф-г аймақтардан тұрады. Рельефі – аккумулятивтік, абсолюттік биіктіктері 400-500 м. Солтүстігінде денудациялық ұсақ шоқылардың биіктігі 540-820 м, оңтүстігінде 1300-1600 м. Провинцияның орталығында Зайсан көлі және Бухтарма су қоймасы орналасқан. Зайсан шұңқыры Алтай мен Тарбағатай тау тізбек жүйесін бөледі. Оңтүстікте оны Сәуір және Монрақ тізбектері қоршайды. Шұңқырдың түбі – аллювиальдық терраса, оның беті тегістелген және еңісті-толқынды. Тауға қарай көтеріледі және тау етегінде таулы шлейфтерге өтеді. Зайсан провинцияның солтүстік шеттері жондармен, қалдықтармен және шоқылармен күрдетілген. Геоструктура жағынан Зайсан физикалық-географиялық провинциясы тау аралық шұңқыр болып көрінеді. Кайнозой шөгінділерінің қалыңдылығы 2000 м дейін жетеді. Солтүстік Зайсан маңы ф-г аймақтың оңтүстік шеттері Зайсан региональды жармен, ал солтүстігі – Оңтүстік Алтай тармақтармен шектеледі. Провинцияның климаты, жақындағы шөлейт территорияның климатына қарағанда, сәл континентальды. Ауаның орташа тәуілдік температураның суммасы жылда орталық бөлігінде 2600 градусқа дейін, ал шеттерінде 2000-2200 градус. Қантардың орташа температурасы -18-20 градус, шілденің +20+22 градус. Жылы кезеңнің ұзындығы 198-206 күнге созылады. Ылғалдану коэффициенті 0,1-0,6. Ж/ш мөлшері орталықта 200 мм, шеттерінде – 300 мм. Қар жамылғының биіктігі – 18-25 см. Тұрақты қар жамылғының жатуы 120-140 күнге созылады. Жер бетіндегі ағыны Ертіс өзенмен көрсетілген. Аймақтың жазық жерлерінде сарсазан өсімдігі дамиды. Топырағы шабындық-қоңыр және шабындық-сұр. Зайсан көлі террасаларында жүсан-тырса өсімдік ассоциациялар таралған. Топырағы ашық сарғылт карбонатты. Шығыс Зайсан маңы ф-г ауданының табиғи кешендері еркек-шағыр өсімдікпен сипатталады. Кесекті қыраттарда сұр топырақта бетегелі-типчак өсімдігі таралған. Ең жақсы таралған шымды дәнділер, жүсанды-әртүрлі шөптес, сонымен қоса, эфемерлер, өсімдік қоғамдастығы.
Әдебиеттер:
Негізгі
- Гвоздецкий Н.А. Казахстан. М., 1971
- Ғалымов А. Батыс Қазақстан облысының географиясы. Алматы, 1994
- Казахстан. Общая физико-географическая характеристика (под редакцией Григорьева Г.Г.) М-Л., 1950
- Теміреева Ф, Нұрсейітов С. Жезқазған облысының географиясы. Алматы, 1994
- Чупахин В.А. Физическая география Казахстана. Алма-Ата, 1968.
- Чигаркин А.В. Региональная геоэкология Казахстана. Алматы, 2000
- Джаналиева Г.М. Физическая география Казахстана. Алматы, 1998
Қосымша
- Берг Л.С. Природные зоны СССР. Т.1 М., 1947; Т.2, Л.,1952
- Климат Казахстана (под ред. И.П. Герасимова). Алма-Ата, 1952
- Кунаев Д.А. Полезные ископаемые Казахстана. Алма-Ата, 1956
- Пальгов Н.Н. Казахстан. Алма-Ата, 1953
- Попов М.Г. Растительный покров Казахстана. Алма-Ата, 1940
- Шлыгин Е.Д. Геологическое строение Казахстана. Алма-Ата, 1953
...
Доступно только на Essays.club