Қоңыржай белдеуінің орманды дала ландшафттық зонасындағы Батыс Сібір жазығына сипаттама
Автор: akku90.90 • Март 6, 2019 • Курсовая работа • 5,128 Слов (21 Страниц) • 1,135 Просмотры
І.1.Қоңыржай белдеуінің орманды дала ландшафттық зонасындағы Батыс Сібір жазығына сипаттама
Батыс Сібір жазығының Қазақстан жеріне оңтүстік бөлігі ғана енеді.Ол республиканың солтүстік, солтүстік шығыс бөлігінде Орал тауының шығыс жағынан Алтай тауына дейін ені 200-250 шақырым, Ертіс өзен бойында 300 шақырымға дейін алқап болып созылады.Оңтүстігінде қазақтың ұсақ шоқысы қоршап жатыр.[pic 1]
Жер бедері, геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары. Батыс Сібір жазығының жер бедері Шығыс Еуропа жазығының жер бедеріне қарағанда тегіс, абсолюттік биіктігіндегі айырмасы шамалы.
Батыс Сібір жазығы бетінің тегіс болуы оның геологиялық құрылысының даму ерекшелігіне байланысты.Герцин тау түзілу процесі тоқтаған кезде Батыс Сібір жазығында тау жасалу процесі тоқтаған.Кейіннен биік таулар мүжіліп, тегістеліп, Батыс Сібір плитасының іргетасы төмен төселіп, үстін су басып, ежелгі теңіздер орнаған.Сондықтан қазіргі Батыс Сібір жазығының негізгі плитасының үстінде триас, юра, бор және палеоген дәуірлерінің шөгінді жыныстарының қалың қабаттары жатыр.Кайназой эрасында теңіз тартылып, құрлыққа айналған.Қазіргі Құлынды даласындағы шөгінді жыныстардың қалыңдығы 3000 м.Төрттік дәуірде жазықтың солтүстігін мұз басып, кейіннен мұз ерігенде қазіргі жер бедері қалыптасқан. Қазақстан жеріндегі жер бедерінің абсолюттік биіктігі 100-200 м, оңтүстікке қарай біртіндеп 300-400 м-ге дейін көтеріліп, Қазақтың ұсақ шоқысына жалғасады.Жалпы Батыс Сібір жазығы пайдалы қазбаларға өте бай.Қазақстан жерінде Қашар, Соколов – Сарыбай темір кенніштері мен әр түрлі құрылыс материалдарының мол қоры ашылды.
Климаты. Батыс Сібір жазығының Қазақстан жеріндегі климаты континентті, қысы суық, жазы жылы.Қаңтардағы орташа температурасы -18,6˚С.Қаңтар айында кей күндері -36˚-қа (Қостанай) дейін төмендейді.Құлынды даласында кей жылдары -50˚С аяз болады.Қар жамылғысының қалыңдығы 30-50 см.Шілдедегі орташа температурасы +18˚С.Жылдық жауын шашын мөлшері 200-300 мм.Қыста ауа райының қалыптасуына арктикалық ауа массалары көбірек әсер етеді.Жауын-шашынның көп мөлшері жаз айларында түсетіндіктен, бұл өңір жаздық бидай, техникалық дақылдар егуге қолайлы.Бидайдан жақсы өнім жиналады.[pic 2]
Өзендері мен көлдері.Батыс Сібір жазығы жер беті суына бай.Өзендерінің көпшілігі Обь өзеніне құяды.Оңтүстігінде ішкі ағын аймақтары бар.Кішігірім ағын су мұнда тұйық көлге құяды немесе дала кеңістігіндегі құрдымдарға сіңіп кетеді.Қуаңшылық жылдары мұндай өзнедер жазда кеуіп тартылып қалып, ал қыста көбінесе түбіне дейін қатып қалады.Ең үлкен өзені – Ертіс.Бұл суы мол, орта және төменгі ағыстарында жазықпен ағатын өзен.Бастауын еліміздің шекарасынан тыс жерден алады. Обь өзеніне құяды.Есіл, Тобыл өзендері арнасы палеогендік және неогендік шөгінді жыныстардан құралған.есіл мен Тобыл өзендері бастауын қазақ жерінен алып, Ертіске республика жерінен тысқары барып құяды.Ертіс,Есіл,Тобыл өзендерінде судың мол болатын кезі көктемде, аз кезі – қыста байқалады.көлдер көп, ішіндегі ірілері – Сілеті теңіз, Құсмұрын, Шағала теңіз, Теке, Қызылқан, Жалаулы, т.б.[pic 3]
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Батыс Сібірдің Қазақстан жеріндегі бөлігі орманды дала зонасының басталып, оңтүстігі дала зонасына ұштасады.Орманды дала зонасының өсімдік жамылғысы Қазақстан жерінде өз ерекшеліктерімен сипатталады.Солтүстік Қазақстанда қайда қарасаң да шоқ-шоқ қайыңдарды көресің.Шоқ қайыңдар арасы кәдімгі қара топырағында қалың шүйгін бетегелі боз өскен қоңырқай қуаң дала.Онда тың және тыңайған жерлердің игерілуіне байланысты қара топырақты аймақ түгелімен жыртылған.Жануарлардан: бұлан, солтүстік елігі, қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, саршұнақ, аламан, құстардан: шіл, тоқылдақ, үйрек, қаз, т.б. мекендейді.
І.2.Қоңыржай белдеуінің дала ландшафтылық зонасындағы Қазақ үстірті мен ұсақ шоқысы
Үстірт. Маңғыстау түбегі мен Қарабұғаз шығанағынан шығысқа қарай ауданы 200000 км²-ге жуық кең байтақ Үстірт созылып жатыр. Үстірт барлық жағы дерлік кемерлермен – шыңқырлармен бөлінген, ал шығыс жары көп жерінде Арал теңізінің батыс жар қабағын құрайды.Жонның біркелкі жер беті кей тұста ендік немесе меридиан бағытында созылып жатқан толқынды көтерілулермен бұзылады.Бұл жалпақ көтерілімдер арасында ояңдар орналасқан.Мысалы, үстірттің солтүстігінде ендік бойымен Солтүстік Үстірт қырқасы солтүстік шыңқыны бойлай созылып жатыр.Оның абсолюттік биіктігі 200-210 м-ге жетеді.Оңтүстікке қарай бұл қырқа жазаңдалып аласарады.Қырқаның өркештері ояң учаскелермен салыстырғанда 25-40 м биік болады.Қырқалардың оңтүстігінде Солтүстік Үстірт иіні орналасқан, ол солтүстік қырқаны орталық Үстірт көтерілімінен бөліп тұрады.Осы қазаншұңқырдың бойында Қосбұлақ, Асмантай, Матай, Сам және басқа да сорлар тізбегі бар.Биіктігі 240 м-ге жететін әжептәуір қырқа Арал теңізінің батыс жағалауын бойлай созылып жатыр.Арал теңізінің солтүстік батысында кеғң ойыс орналасқан, Барсакелместің соры сонда.[pic 4]
...